Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / Турбобур / Турбобұрғы.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.25 Mб
Скачать

3.4 Бұрғылаудағы өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауда өрт қауіптілігі бұрғылау технологиясының бүлінуінен, ПВО жарамсыздығынан немесе оның ескертпелерін шығаруға және ашық бұрқақтар үшін мезгілсіз қолдануынан ашық мұнайгаз бұрқақтарына байланысты [10].

Бұрғылау орнақтарындағы өрттер мұнайды, дизел жанармайын және өзге жанғыш материалдарды пайдалануға байланысты, сақтау және пайдалану ережелерін бұзған жағдайда немесе монтаж және жабдықтарды тасымалдау ережелерін бұзған жағдайда болуы мүмкін.

Аймақтағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, монтаждауға арналған бұрғылау қондырғысын, жерасты және жерүсті бұрғылау құбыры мен кабельдерден, ормандардан, бұталардан, шөптерден радиус мөлшері 50 м кем болмайтындай етіп тазартылады. Мұнара және өзге жер үсті ғимараттардың айналасына ені 10 – 12 м болатын алаң жасалады. Жанатын заттары бар сарай отқатөзімді құраламмен өңделеді.

Іштен жанатын қозғалтқыштар үшін жанармай сыйымдылығы ол орналасқан ғимаратқа байланысты 20 м-ден кем болып орнатылады. Қозғалтқыштардың газ шығаратын түтіктері ұшқынсөндіргіштермен жабдықталады, ал шығарылған газдар ұңғыма ауыздарынан 15 м ден аз емес арақашықтықта, машина сарайынан 5 м қашықтыққа және шатыр атшасынан 1,5 м биіктікте жіберіледі.

Ғимарат қабырғалары, едендері және шатырлары арқылы газ шығаратын құбарлардың өтетін жерлерінде өзара құбыр мен жанғыш құрылымдырдың арасындағы саңылау 15 см – ден кем болмауы керек, ал құбырлар әктаспен қапталады.

Мұнай ваннасын қолданғанда мұнайдың тасталыну және төгілу мүмкіндіктері болдырмайтын шараларды қолдану керек. Сонымен қатар мұнай ұңғымаларға арнайы каучуктан жасалған шланг арқылы немесе тез алынатын қосқыштармен метал шлангтары арқылы алынады, ал жаншу ауырлатылған ерітінділермен жүргізіледі.

Мұнай құйылатын құбыр сыйымдылықтарға және ұңғымаларға жерге нық тұйықталады. Төгілген мұнай су ағынымен жуылады, ластанған жерлер құммен немесе топырақтармен жабылады, дизельдің немесе электрқозғалтқыштардың күштік жетегінің ғимараты мұқият желдетіледі.

Жуылатын ерітінділерді қолдану арқылы ұңғымаларды бұрғылауда көмірсутекті негізді астаушалы жүйелі және жеңіл көмірсутекті фракциялардың булануын тоқтату үшін қолданылатын сыймдылықтардың қақпақтары жабылады. Бұрғылауға кіретін кірме жолдардың жанында және оның айналасындатехника қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттілігі туралы жазылған қалқандар қойылады.

Ерітіндіні дайындауға арналған дизелді жанармайлар және мұнай өнімдері бұрғылау қондырғысына 40 м – ден кем болмайтын қашықтықта сақталады. Дәл осындай қашықтықта көмірсутекті негіздегі жуылатын ерітінді жойылады, ұшқынның және өзге де өрттудырушы көздердің тууын ескертуге шаралар жасалады.

Бұрғылау үрдісінде ұңғымадан шығарылатын ерітіндінің температурасын жүйелі өлшейді. Ұңғымаларды бұрғылауда газдың біліну мүкіндігімен жұмыс аймағындағы газоанализатор көмегімен ауаның үздіксіз анализін жүргізеді. Тұтанудың төменгі деңгейінің 20% құрамында газдың болған жағдайында газдың кему орындарында әшкерелеу және жою шаралары жүргізіледі. Бұрғыланушы ұңғымаларда өрт сөндіруге арналған келесі заттары болу керек:

1. ОХП – 10 көбікті өрт сөндіргіші 8 дана;

2. Құм жәшік 5 дана;

3. Күректер 5 дана;

4. Сүймен 2 дана;

5. Багр 2 дана;

6. Балта 2 дана;

7. Өрт сөндіру шелегі 4 дана.

Бұрғылау қондырғысында су тартқыштан өртті су тарту арқылы сөндіру мүмкіндігі қарастырылу керек.