Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / Турбобур / Турбобұрғы.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.25 Mб
Скачать

1.3 Турбобұрғының құрылымдық параметрлері бойынша жіктелуі

Сериялы шығарылатын турбобұрғыларды құрылымдық параметрлері бойынша былай жіктеуге болады:

- жүйелеген секциялы шпинделді;

- гидротежегіш жүйесімен;

- жылжымалы статорлы;

- ендірмелі редукторлы [4].

1.3.1 Жүйеленген секциялы шпинделді турбобұрғылар

Жүйелен секциялы шпинделді ЗТСШ1 типті турбобұрғылары шарошкалы және алмазды қашаулармен ұңғымаларды бұрғылауға арналған. ЗТСШI турбобұрғылары корпус диаметрі 240, 195 және 172 мм болатындай етіп шығарады (1.6-суретте көрсетілген).

1.6-сурет- ЗТСШI турбобұрғысының кескінделген көрінісі

ЗТСШI турбобұрғысында жартылай темір қорамды әдіспен жасалған бүтін құйылған метал турбина, ал ЗТСШ1 –ТА турбобұрғыларда жонылған бөлігі (қалақшалы тәж) қорытылған үлгі бойынша нақты құю әдіспен дайындалатын құрамдас метал турбиналар қолданылады. Әр үш турбиналы секцияларды 100 сатылы турбина қатарын,төрт радиалды тіреу және үш өстік пята қорғағыш қатарын орнатады [18].

Шпиндел турбобұрғының жеке секциясын құрайды. Шпиндел білігінде метал арқаулы иілімді қабықшалы (өкшелігі резеңкеге батырылған) бірыңғай білікті тығыздап тұратын, жонылмаған, көпсатылы өкшелі резеңкематалл өстік тіреу орнатылған.

Шпинделдің сыртқы диаметрі турбиналық секцияның диаметріне тең болады, және жеке шығарылуы мүмкін, мысалы ЗТСШ1-195 (құбыр бұрғыға арналған диаметрі 195 мм болатын шпинделді секция). Радиалды бағытта шпиндел білігі жеті радиалды резеңке метал тіреулермен орталықтандырылады: үшеуі жоғарғы және төртеуі біліктің төменгі бөлігінде. Сонымен қатар төменгі радиалды тіреулер қашаумен жалғанған жеріне, біліктің таяныш бетінің ұлғаюы, әсіресе еңкіш бағыттағы ұңғымаларды жасағанда шпинделдің жұмыс тиімділігін арттыратын, жетуі максималды болатындай етіп орнатылған.

ЗТСШ1-195 шпинделінің маңызды ерекшелігі оның корпусның төменгі және жоғарғы бөліктері секілді орнатылуы мүмкін болатын орталықтанған таяныш элементтері (біріктіргіш) болып табылады. ЗТСШ1-195 шпинделінің техникалық параметрлері 1.1-кестеде көрсетілген.

1.1-кесте-ЗТСШ1-195 шпинделінің техникалық параметрлері

Сыртқы диаметрі, мм

195

Ұзындығы, мм

3600

Жалғастырушы бұранда: - қашауға -бұрғылау құбырына

З-117 З-171

Стабилизатордың сыртқы диаметрі, мм

210 – 215

Стабилизатордың тірек бетінің ұзындығы, мм

300 – 550

Шпинделді радиалды және өстік тіреуінің иілімді қабықшалары арнайы қосылысты метал бетімен сырғанай алатын жақсы қасиеттерге ие, яғни ұңғыма түбінде гидравликалық түптік қозғалтқышының түсуін жеңілдетеді.

Метал радиалды тіреу төлкелерінің және пята дискілерінің жұмысшы беттері беріктендіретін қабықшалы болып келеді. ПУМ типті жетілдірілген әмбебап өстік тіреулердің турбобұрғылау шпинделі, сонымен қатар түптік бұрамалық қозғалтқыштарға арналған жаңа сериясы жасалып, шығарылуда. Қазіргі таңда келесі типтік өлшемді өстік тірелуер жасалған және шығарылуда:

- корпус диаметрі 240 мм болатын ГЗД және диаметрі 130 мм болатын шпиндел білігіне арналған ПУМ-240;

- корпус диаметрі 195 мм болатын ГЗД және диаметрі 105 мм болатын шпиндел білігіне арналған ПУМ-195;

- корпус диаметрі 172 мм болатын ГЗД және диаметрі 92 мм болатын шпиндел білігіне арналған ПУМ-172.

Тіреудің сатысы резеңкемен тығыздалған пятадан, дисктен және екі қондырмалы сақинадан тұрады. Пятанің иілімді қабықшасы метал сүйенішпен жасалған. Тіреудің жиынтығы 25 сатыдан тұрады. Тіреудің резеңке материалына арнайы қоспаларды пайдаланудың арқасында тозуға

төзімділік коэффициенті жоғары және үйкеліс коэффициенті төмен. Метал дискілерінің жұмысшы беттері беріктендіргіш қабықшаға ие.

ПУМ-172 өстік тіреу турбобұрғы шпинделінде және корпус диаметрі 172 мм болатын білікті түптік қозғалтқыштарының және диаметрі 92 мм болатын шпиндел білігіне арналған. Тіреудің әр сатысы резеңкемен тығыздалған пятадан, дисктен және екі қондырмалы сақинадан тұрады. Пятанің иілімді қабықшасы метал сүйенішпен жасалған. Тіреудің жиынтығы 25 сатыдан тұрады. Тіреудің резеңке материалына арнайы қоспаларды пайдаланудың арқасында тозуға төзімділік коэффициенті жоғары және үйкеліс коэффициенті төмен. Металл дискілерінің жұмысшы беттері беріктендіргіш қабықшаға ие.

Тіреу габариттері келесі стандартты мәндерге ие:

- биіктік – 1080 мм;

- сыртқы диаметр – 165 мм;

- ішкі диаметр – 105 мм;

- салмағы – 30-35 кг.

Пум 195 өстік тіреу турбобұрғы шпинделдері және корпус диаметрі 195 мм болатын білікті түптік қозғалтқыштарының диаметрі 105 мм болатын шпиндел білігіне арналған. Тіреудің әр сатысы резеңкемен тығыздалған пятадан, дисктен және екі қондырмалы сақинадан тұрады. Пятанің иілімді қабықшасы метал сүйенішпен жасалған. Тіреудің жиынтығы 25 сатыдан тұрады. Тіреудің резеңке материалына арнайы қоспаларды пайдаланудың арқасында тозуға төзімділік коэффициенті жоғары және үйкеліс коэффициенті төмен. Метал дискілерінің жұмысшы беттері беріктендіргіш қабықшаға ие. Тіреу өкшелігінің геометриясы ГОСТ 4671-76 бойынша П2-195/124 стандартты тіреу геометриясына сәйкес, алайда қолданылатын материалға және технологияға байланысты жұмыс ресурсы (шамамен 2 есеге) көп болады.

Пум-240 өстік тіреу турбобұрғы шпинделдері және корпус диаметрі 240 мм болатын білікті түптік қозғалтқыштарының диаметрі 130 мм болатын шпиндел білігіне арналған. Тіреудің әр сатысы резеңкемен тығыздалған пятадан, дисктен және екі қондырмалы сақинадан тұрады. Пятанің иілімді қабықшасы метал сүйенішпен жасалған. Тіреудің жиынтығы 25 сатыдан тұрады. Тіреудің резеңке материалына арнайы қоспаларды пайдаланудың арқасында тозуға төзімділік коэффициенті жоғары және үйкеліс коэффициенті төмен. Метал дискілерінің жұмысшы беттері беріктендіргіш қабықшаға ие [2].

Секциялы, жүйеленген ЗТСШІ турбобұрғылардың техникалық сипаттамасы 1.2 – кестеде келтірілген.

1.2-кесте- ЗТСШ1 секциялы, шпинделді турбобұрғысының техникалық сипаттамасы

Турбобұрғы

Турбина

Сатылар саны, дана

Сұйықтық шығыны,

м3/с

Айналу моменті, Н х м

Айналу жилігі,

с-1

Қысым айырмасы, МПа

Ұзындығы, м

Салмағы, кг

Диаметрі, мм

ЗТСШI-240

30/16,5

315

0,032

2648

7,4

5,5

23,3

5975

240

ЗТСШI-195

26/16,5

330

0,030

1481

6,6

3,9

25,7

4790

105

ЗТСШI-195ТЛ

24/18

318

0,040

1746

5,9

2,9

25,7

4915

195

ЗТСШI-195ТЛ

21/16,5

327

0,030

1961

12,1

6,5

25,9

4745

195

ЗТСШI-172

28/16

336

0,025

1765

10,4

8,8

25,4

3536

172