Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / Турбобур / Турбобұрғы.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.25 Mб
Скачать

3.3 Бұрғылаудағы қызметкерге қауіптілік көздері

Бұрғылаудағы қызметкерге, ең алдымен,түрлі қозғалысты механизм бөліктері, ауыр және ірігабаритті аспаптар, химиялық заттар, шулар, дірілдер, механизм бөлігіне жататын тірі табиғат қауіптілік көздері болып табылдаы.

Механизмдердің (жүкарба, сорғы, ротор, шынжырлы берілістер) қозғалатын бөліктері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сақтандыратын қаптама және қорғаушы беттермен қоршалады.

Ауыр және ірігабаритті жабдықтардың қауіптілігі, ең алдымен, оларға қызметкерлердің құлау мүмкіндігі нәтижесінде жарақат, зақымдану, өліммен аяқталатын ауыр жағдайларға алып келу жағдайларынан тұрады.

Өндірісте қолданылатын химиялық заттар түрлі құрылымды болады. Адамның организміне түрлі зиянды заттардың әсер еті ауырлығы және тереңдігі заттардың түріне және олардың физико-химиялық қасиеттеріне байланысты.

Бұрғылаудағы және мұнай мен газды алудағы зиянды заттар 3.1-кестеде келтірілген.

3.1-кесте-Бұрғылау кезіндегі зиянды заттар

Қалдық көздері

ПДК,

мг/м3

Класс опасности

Тұз қышқылы (НСl)

5

2

Күкірт қышқылы (Н2SO4)

1

2

NaOH, КОН

0,5

2

Кальциленген сода (Na2CO3)

2

3

NaCl, KCl

5

3

Барит (BaSO4)

6

4

Мұнай

10

3

Шекті көмірсутектер С1–С10

300

4

СО

20

4

Сазды ұнтақ

4

4

Цемент

6

4

ПАВ (сульфанол, детергент т.б.)

3

4

КМЦ (карбоксиметилцеллюлоза)

10

3

Полимерлер, ПАН негізіндегісополимер (гипан)

10

3

ПАА (полиакриламид), Кем–Пас, Поли КемД

10

3

УЩР (көмірсілтіліреагент)

0,5

2

НТФ (нитрилтриметилфосфорлықышқылы)

2

3

Күйе

4

3

Ағзаға зиянды заттардың барлығы дерлік мұнай мен газды алудың заманауй технологиясында қолданылады. Сонымен бірге олар адамға жалпы уландырғыш, түршіктіретін, канцерогенді және мутагенді әсер ете отырып, оның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.

Әр түлі саладағы өнеркәсіптерде адамдардың өміріне аздаған қауіп төндіретін, өздерінің ластану аймақтары болады. Мұнай өнеркәсібінде бұларға ылғалды мұнай, қос тотықты көміртек, күкіртсутек, күкіртті ангидрид, жуғыштар, табиғи газ, бензин, шекті көмірсутектер, көміртек тотығы жатады. Осы заттардың әр қайсысының қысқаша сипаттамалары:

− Ылғалды мұнай адамның денесіне тигенде қышыма және дерматикалық және қатты наркологиялық улануға;

− Қос тотықты көміртек ауаның құрамына 10 % ауыр және аз газдың әсерінен болса қатты наркологиялық уланнуға алып келетін түссіз, газ.

− Күкіртті ангидрид – бұл тыныс алу жолдарын олардың бетінде күкіртқышқылының түзілуі әсерінен қышытатын, өткір иісті, түссіз газ. Ауадағы шектікті рұқсат етілген концентрация 10мг/м3 құрайды. Концентрация мәні 120мг/м3 тең болғанда адамдарда демікпе пайда болады, ал 300мг/м3 болғанда сананың бүлінуі пайда болады.

− Негізінен ПАВ жататын детергенттер су және атмосфера арасындағы газалмасуды бұзуға алып келеді. Олардың ПДК ауыз суының құрамында 500мг/м3 артық болмайды.

− Табиғи газдың негізгі қауіптілігі оттегінің қысым мен салыстырмалы қарсылығы бірден кемігенде ауаның құрамында метанның көп болуынан оттегінің жетіспеушілігі.

− Бензин адамның ағзасына тыныс алу мүшелері арқылы ауамен, содан соң қанға өтеді.

− Берілген түрдің нәтижесі жүйке жүйесінің бүлінуіне алып келеді. Бензинмен улану ауаның құрамында оның бу концентрациясы 0,005-0,01 мг/м3 тең болғанда басталатынын ескеру керек. Егер концентраци 0,04 мг/м3 құраса, онда адам тез өледі.

− Көміртек тотығы түссіз, иіссіз және дәмсіз газ болып табылады. Көміртек тотығының ПДК ауада 20 мг/м3. Мұнда концентрациясы 1800 мг/м3 болса ауыр улануы мүмкін, ал 3600 мг/м3 болғанда өлімге алып келеді.