Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / Турбобур / Турбобұрғы.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.25 Mб
Скачать

4.6 Жерді қорғау және тиімді пайдалану

Ұңғымалар мен ғимараттарды соғуда жер аймақтары қатаң шектелген өлшемде болуы керек. Жолдар және комуникацияларды минимальды қажетті территоряда қолдану арқылы төсеу керек.

Ұңғымалардың және ғимараттардың соғылуы аяқталған соң тасты топырақты әкелу, жобалауды жүзеге асыру және топырақты домалату керек.

4.7 Кен орындарын жасаудағы кенді қорғау шаралары

Кен орындарын жасауда кенді қорғау шараларын сәйкес жұмыстың қауіпсіз жүруі шарттары ұсталынған жағдайда, кен өндірілуін максималды қамтамасыз ететін шараларды жүргізу керек.

Кен орындарын жасау үрдісінде кенді қорғаудың келесі шаралары жүзеге асырыдады:

− ұңғымаларды пайдалану үрдісінде өнімді қабаттардың алыну мүмкіндіктері туралы қосымша ақпараттар болуы керек;

− мұнай қорларының толық алынуын қамтамасыз ету үшін өнімді қабаттарға суды сақтауды орындау үшін жұмысты тиімділік құны бойынша іске асыру;

− ұңғымаларды пайдалану және меңгеру үшін мұнайдың құйылуы және ашық бұрқақтануын болдырмайтын, сәйкес ұңғыма сағасын берік бекітетін жабдық жүргізілуі керек;

− егер ұңғымаларды пайдалану үрдісінде тізбек артындағы флюидтердің ағыны байқалған жағдайда, ағу себептерін жою және анықтау жөніндегі іс-шаралар жүргізу керек;

− мұнай ұңғымаларының өнімділігін түптік аймағына қабаттың әсері арқылы жоғарлату мақсатында жүргізілген шаралар отырғызылған бағана құбырларын және өнімді қабаттардың жоғарғы және төменгі цемент тастарының сақталуы қамтамасыз етіледі;

− кемістікті ұңғымаларды пайдалануға (пайдаланылушы бағанада, цемент сақинада, ернемекті қосылыста саңылаусыздығының бұзылуы) рұқсат етілмейді;

− ұңғыманың техникалық жағдайын және үрдістің жасалуын бақылау мақсатында кенорындарын жасауда гидродинамикалық және кәсіптік-геофизикалық кешендер жүргізілуі тиіс;

− қабатқа жүктеу үшін қыртысты сақтау мақсатында қыртысты сулармен толық үйлесімді сулар қолданылады.

Бұрғылау аяқталған соң ұңғымаларды игеру (сынау) және жабдықты қайта монтаждау қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай қайта қалпына (топырақ құнарлығын қалпына келтіру) келтіру шаралары жүргізіледі.

4.8 Радиациялық қауіпсіздік

ҚР Мемлекеттік комитетімен берілген экология және табиғатты қорғау бойынша «Мұнаймен, конденсатпен және мұнайлы қабаттың қыртысты суымен жұмыс жасағанда радиациялақ қауіпсіздікті қамтамасыздандыру бойынша ұсыныстарға» сәйкес 31.10.1992ж. бастап, кен орындарын пайдалануда келесі жұмыстарды қарастыру керек:

− кен орнының орналасу территория шегінде аймақты рационды бедерсіз өлшеуді жүргізу;

− ұңғымадан алынатын мұнай және су сынамасын саралау және анализдерін олардың радионуклидтерін анықтау мақсатында жасау;

− мүмкін деңгей шектерінен асатын нәтижелерін алған жағдайда НРБ-06 (ГН 2.6.1.054-06) радиациялық қауіпсіздік нормаларынан және ОСП-72/87 ережелерімен мұнай-газ алатын кәсіпорын жұмыс орындарын жоғарыда айтылған құжаттарға сәйкес жабдықтау керек;

− санитарлық паспорттарды радиоактивті заттармен өндіріске жұмыстарына сәйкес класстары бойынша бекіту;

− оқыту және нұсқаулықтар жүргізу.

Қажет болған жағдайда жобаға өзгерістер мен толықтыруларды радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кіргізу.