Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / Турбобур / Турбобұрғы.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.25 Mб
Скачать

1.4.5 Термотұрақты турбобұрғылар

Термотұрақты турбобұрғылар ұңғыма түбіндегі температурасы 240°С болатын ұғңымаларды бұрғылауға арналаған. Турбобұрғының бұл типі жуылатын сұйықтық тығыздығы 2400 кг/м3 болатын жұмысқа арналған турбиналармен жабдықталуы мүмкін.

Диаметрі 164 және 184 мм болатын термотұрақты турбобұрғылар диаметрі 212 және 251 мм болатын қашаулы ұңғымаларда, тек үлкен және кіші сырғанау жолақты герметикалық тіреуі бар шарошкалы қашаулардан басқа ұңғымалардың барлық типтері үшін арналған. Турбобұрғы жинағының құрымына үш турбиналық және бір шпинделді секциядан тұрады.

Турбиналық секциялар, алдыңғы біліктің орналасуына байланысты жалғанатын әр секцияның өлшемдерін реттеуді жүргізбеуге мүмкіндік беретін алқалы білікпен жасалған. Шпинделді секциялар қашауда 8,0 МПа болатын қысымды тудыруға мүмкіндік беретін лабиринтті дискімен тығыздалған білікпен жабдықталған.

Термотұрақты турбобұрғыларды пайдалануда олармен қатар турбобұрғы астынды немесе АБҚ бағанасында орнатылатын түптегі біліктің айналу жиілігін реттеугішті қолдану керек. Тапсырыс берушінің арнайы тапсыры бойынша турбобұрғы жинағына орталықтандырғыш тіреу элементтерін (орталықтандырғыш, тұрақтандырғаш) қосуға болады.

Термотұрақты турбобұрғылардың техникалық сипаттамалары 1.10 – кестеде келтірілген.

1.10-кесте – Термотұрақты турбобұрғылар

Параметрлері

Типтік өлшем

ТТА-184

ТТА-164

Сыртқы диаметрі, мм

184

164

Жалпы ұзындығы, м

24,5

2,46

Салмағы, кг

4750

2580

Жалғастырушы бұранда: - қашауға    - бұрғылау құбырына

З-117

З-147

З-117

З-117

Сұйық тығыздығының шығыны1000 кг/м3, л/с

30

20

Айналу жилігі, об/мин

500

400

Күш моменті, Н х м

1900

1200

Қысым айырмасы, МПа

5,0

7,0

1.4.6 Модулді турбиналы-бұрандалы түптік қозғалтқыштар

Модулдік турбиналы-бұрандалы түптік қозғалқыштар (ТНВ) – түптік жетектің жыныс талқандайтын аспаптың жаңа концепциясы.

ТНВ құбыр бұрғыларға тән сенімділігін және түптік бұрандаларына тән «күш моменті – айналу жиілігі» (М/n) қатынасының деңгейінің жоғарылығын сәйкестіндіреді.

ТНВ аз көлемді сұйықтық қозғалтқышының жұмысында 400-550 сағат тұрақсыз жұмыс істей алады.

ТНВ қозғалтқыштары сыртқы диаметрі 172, 195 және 240 мм етіп жасалады.

Осы қозғалтыштардың көмегімен түзусызықты және қисайған ұңғыма аймақтарын ұңғымалау тегіс түбімен жасалады. Бұдан басқа керн алу барысында керн алу аспаптарының жетегін жасауға болады.

ТНВ қозғалқыштарын тығыздығы 1700 кг/м3, температурасы 110°С және көмірсутекті жалғастырғыш құрамы 5% болатын жуу сұйығында қолдану ұсынылады.

ТНВ қозғалтқыштары үш түзілімді құрылымнан тұрады: шпинделді, турбиналық секция және бұрандалы модуль. Құрылыммен аталған түйіндемелердің агрегатталуының түрлі нұсқалары бар. Оларды монтаждау жұмыстары шеберханада немесе бұрғылау аймағында орындала береді.

Турбиналы-бұрандалы түптік қозғалтқыштардың техникалық сипаттамасы 1.11 – кестесінде келтірілген [7].

1.11-кесте- Турбиналы-бұрандалы түптік қозғалтқыштар

Диаметрі, мм

Ұзындығы, м*

Салмақ, кг*

Қашау диаметрі, мм

Бұранда

Сұйық шығын, л/с**

Біліктің айналу жилігі,айн/мин

Біліктегі момент кұші, Н м

Қысым айырмасы, МПа

қашауға

Бұрғылау құбырына

172

13,5 20,8

2010 3100

190,5-215,9

З-117

З-147

18-24

80-120 150-180 220-270

2200-4600

6,9-9,1

195

13,5 20,8

2580 3980

215,9-241,3

З-117

З-171

20-28

80-120 150-180 220-270

3000-5500

6,5-8,2

240

13,5 20,8

3910 6030

269,9-374,6

З-152 З-171

З-171

30-40

80-120 150-180 220-270

6000 10000

6,2-7,8

* - Бір немесе екі турбиналық секциялы қозғалтқыштарға арналған ұзындығы мен массасы келтірілген; сұйықтық тығыздығы 1100 кг/м3; келтірілген параметрлер 0,5 мм болатын, бұрандалы жұптың радиалды саңылауға сәйкес келтірілген.

Жағдайға байланысты келесі жұптар жинақталуы мүмкін:

− шпиндел + бұрандалы модул;

− шпиндел + турбиналық секция;

− шпиндел + турбиналық секция+бұрандалы модуль.

Бос жүрістің режимінен (күштің нолдік моменті) жұмыс режиміне дейін біліктің айналу жиілігі 10% шамасында төмендейді, ал қысымның төмендеуі 30% - дан аспайды.

Сериялы шығарылатын турбобұрғылардың мәндері келесі жинақты 1.12 – кестеде келтірілген.

1.12-кесте- Сериялық шығарылатын турбобұрғылардың жинақты кестесі

Турбобұрғы маркасы

Сыртқы диаметрі,

мм

Жалпы ұзындығы,

мм

Айналу жилігі,айн/мин

Күш моменті,

Н х м

Қысым айырмасы,

МПа

Сұйық шығыны,

м3

Салмағы,

Кг

Т12РТ-240

240

8200

660

2000

4,0

13,9

2017

3ТСШ1-240

240

23200

410

2500

5,3

8,6

5975

3ТСШ1-195

195

25700

470

1800

5,0

9,7

4740

1.12-кесте(жалғасы)

Турбобұрғы маркасы

Сыртқы диаметрі,

мм

Жалпы ұзындығы,

мм

Айналу жилігі,айн/мин

Күш моменті,

Н х м

Қысым айырмасы,

МПа

Сұйық шығыны,

м3

Салмағы,

Кг

3ТСШ1-172

172

25400

554

1200

7,4

6,1

3530

3ТСША-195ТЛ

195

25700

535

1800

6,1

6,4

4750

ЗА9Ш

240

23300

315

2500

5,8

9,4

6155

ЗА7Ш

195

25000

416

1800

7,9

6,6

4422

ЗА6Ш

164

24800

397

1200

6,5

5,0

2670

А9Ш

240

16600

380

2500

5,6

11,4

4405

А7Ш

195

17600

503

1800

7,7

10,8

3135

А6Ш

164

16800

485

1200

5,3

6,1

2065

ТО2-240

240

10170

420

1370

3,0

12,5

2507

ТО2-195

195

10110

520

870

3,6

8,3

1774

ТО2-172

172

9719

705

785

3,9

7,8

1363

ТГ-1242 турб. секц.

124

9160

900

450

8,9

3,3

930

ТГ-1243 турб. секц.

124

12940

750

470

9,3

2,8

1330

ТШ-108Б2 турб. секц.

108

8850

990

215

9,4

2,8

435

ТШ-108Б3 турб. секц.

108

12270

790

205

9,0

2,2

610

ТВ1-1023 турб. секц.

102

14600

900

100

9,0

3,0

630

ТВ1-1024 турб. секц.

102

19200

900

135

12,0

3,0

740

ТБД-320

320

10000

300

3000

3,0

15,3

5000

ТБД-280

280

10000

300

2700

3,5

13,3

4500

ТНБ-195

195

25800

400

2100

6,0

8,3

4810

ТНБ-184

184

24500

500

1900

5,0

8,3

4750

ТТА-184

184

24500

500

1900

5,0

8,3

4750

ТТА-164

164

24600

400

1200

7,0

5,5

2580

1.5 Түпнұсқаны таңдау

Жоғарыда келтірілеген турбобұрғылардың конструкциялық сипаттамаларына шолу жасау арқылы түпнұсқа ретінде тік және көлбеу бағытталған, тереңдігі жоғарғы емес ұнғымаларды бұрғылауға арналған Т12М3Б-240 турбобұрғысын таңдадым

Таңдалынып алынған түпнұсқаның техникалық сипаттамасы 1.13-кестеде келтірілген.

1.9-суретте қазіргі кезде өзінің пайдалану және қуатты сипаттамаларының тұрақтылығымен өндірісте кеңінен тараған, Т12 бір секциялы турбобұрғысының конструкциясы көрсетілген [14].

1.13-кесте- Т12М3Б – 240 турбобұрғысының техникалық сипаттамасы

Турбобұрғы

Турбина

Сатылар саны, шт

Сұйықтық шығыны, м3

Айналу моменті, Н х м

Айналу жилігі, с1

Қысым айырмасы,

МПа

Ұзындығы, м

Салмағы, кг

Т12М3Б - 240

А7Н4С

104

0,055

2170

695

5,5

8,18

2030

Бұл турбобұрғы екі топтан тұрады: айналатын және айналмайтын бөлшектерден тұрады. Айналатын бөлшектері білікке 11 келесі кезекпен кіргізіледі. Біліктің жоғары жағынан алдымен төменгі радиалдық тірек төлкесі 15, жуу сұйығы шығатын тесіктері бар сақина-тірек 14 олардың артынан 33 саты турбина 9 және ротор 10 кіргізіледі. Одан кейін ортаңғы тіректің төлкесі 12 және ортаңғы тірек 13, тағы 33 саты турбина және екінші ортаңғы тірек төлкесі мен ортаңғы тірек, олардың үстіне 34 саты турбина кіргізіледі. Осымен екі ортаңғы тірегімен 104 турбинаны жинау аяқталады.

Олардан кейін білікке реттеуші сақина 8 пята дискі 5, пята сақинасы 7 және төменгі подпятник 6 кіргізіледі. Одан кейін дәл осы ретпен тіректердің екінші комплекті кидіріледі. Тіректердің 12 комплектін кидіріп болғаннан кейін бекіту бөлшектерін 3 бұрап кіргізеді – гайканы жоғарғы пята дискіне 5 тіреп, калпак және контргайканы (1.9-суретте көрсетілген).

Бекіту тіректерін 3, турбобұрғы білігіне кидірілген бөлшектердің бір-біріне, ал олардың сақина-тірекке 14 сенімді қысылуын қамтамасыз ету үшін берілген момент шамасында бұрап қысады.

Одан кейін турбобұрғы қорабының 2 жоғарғы жағына аударма 1 жалғанады, қорап 2 ішіне тіреліп тұратын төлке 4 орнатылып білік 11 кидірілген бөлшектерімен асты арқылы қорапқа 2 салынады.

Одан кейін ішінде резиналы қаптамасы бар ниппель 16 турбобұрғы қорабына 2 астыңғы жағынан бұрап кіргізіледі.

Оның турбобұрғы қорабының ішіне кірген ұшы барлық статорларды бір-біріне және ортаңғы тіректерге 13, реттеуші сақинаға 8, төменгі попятникке және подпятниктерді бір-біріне,тіреуші төлкеге 4 және турбобұрғының қорабының жоғарғы жағындағы тірекке қысып тастайды. Сондықтан бұл бөлшектер бір-біріне сенімді нығыз қысылып тұру үшін ниппельді берілген айналу моментінде бұрап кіргізеді.

Сөйтіп, барлық айналатын бөлшектер білікте қозағлыссыз болып қысылып, ал айналмайтын бөлшектер турбобұрғы қорабында қозғалмайтын етіп қысылып қатты фракциондық етіп бекітіледі.

1-аударма; 2-тұрқы; 3-бекіту тетіктері; 4-төлке; 5-пята дискі; 6-төменгі подпятник; 7-пята сақинасы; 8-реттеуші сақина; 9-статор; 10-ротор; 11-білік; 12-ортаңғы тірек төлкесі;

13- ортаңғы тірек; 14-сақина тірек; 15-төменгі радиалдық тірек төлкесі; 16-ниппель;

а-жиынтық түрдегі турбобұрғы; б- жоғарғы тіректі-радиалды тіреуіштің бір сатысы;

в- турбинаның бір сатысы; г-ортаңғы тіреуіш; д-ниппель

1.9-сурет- Бір секциялы Т12 турбобұрғысының схемасы.

Енді, бұрғылау сұйығының жүру жолын қарастырайық. Жуу сұығы бұрғылау тізбегінен аударма 1 арқылы турбобұрғы қорбына 2 кіреді. Одан кейін қозғалмайтын подпятниктердің 6 тесіктері арқылы (1.9б-суретте көрсетілген) сұйық бірінші турбинаға (1.9б-суретте көрсетілген ) кіреді. Сөйтіп сұйық турбиналардан турбинаға және ортаңғы тіректер (1.9г-суретте көрсетілген) тесіктерінен өтіп, сақина-тіректің тесіктері арқылы турбобұрғы білігіне және қашауға шығады. Қашау тесіктерінен шыққан сұйық ұңғыма түбін жуып, бұрғыланған тау жыныстарын көтеріп, ұңғыма қабырғасы мен бұрғы тізбегі арасындағы сақиналы кеңістік арқылы сағаға шығады.

Жұмыс процесі кезінде турбобұрғы білігі жоғарыдан төмен қарай бағытталған гидравликалық және айналу бөлшектерінің салмағынан туатын, сондай-ақ төменнен жоғары бағытталған ұңғыма түбінің реакциясынан туатын, күштер әсерінде болады. Бұл жүктемелерді турбобұрғы білігінің жоғары жағындағы 12 коплекттен тұратын тіректер қабылдайды. Олардың бірі 1.9б-суретінде көрсетілген. Подпятниктің 6 ортасы, асты және үсті резинамен қапталған.

Турбобұрғының білігіне кіргізгенде подмятниктің астына және үстіне екі жалпақ темірден тұратын сақина – пята дискіні бірге кіргізеді. Подпятниктің сыртқы дискі қорап ішінде қысылып қоғалысыз тұрғандықтан білік пен пята оның резиналы бетінде сырғанау подшипнигі сияқты айналады және білікке әсер етуші күштердің қайсы бағытта артық болуына байланысты не астымен, не үстімен жүктемені қабылдайды. Жұмыс кезінде турбобұрғы білігіне сондай-ақ радиальдық күштер де әсер етеді. Оларды турбобұрғы білігіндегі төрт радиальдық тіректер қабылдайды.

Жоғарғы радиальдық тіректің ролін пята сақинасы 7 мен подпятник 6 атқарады. Білік айналу кезінде, пята сақинасы подпятниктердің резинамен қапталған ішкі бетіне үйкеліп оған радиальдық жүктеме түсіреді.

Ішкі беті резинамен қапталған ортаңғы тіректер 13 (1.9г-суретте көрсетілген) турбобұрғы білігінің ортаңғы бөлігінде пайда болатын радиальдық күштерді қабылдайды.

Төменгі радиальдық тірек ол – ниппель 16 (1.9д-суретте көрсетілген) болып есептеледі. Оның да ішкі беті резинамен қапталған.

Сөйтіп, радиальдық тіректердің ролін біліктің жоғарғы бөлігінде жайғасқан, 12 комплекттен тұратын тіректер, ортасында әрбір 33 турбиналардан кейін орналасақан екі тірек және төменгі жағынан турбобұрғы қорабына бұрап кіргізілетін ниппель болып есептеледі.

Бір секциялы Т12М3Б – 240 турбобұрғысының жалпы көрінісі 1.10-суретте берілген.

1.10-сурет- Т12М3Б – 240 бірсекциялы турбобұрғысы

Бір секциялы турбобұрғылар тереңдігі жоғары емес тік және көлбеу ұңғымаларды бұрғылауға арналған. Егер қисаю қарқыны жоғары көлбеу ұңғымаларды бұрғылау керек болса, онда сатыларының саны 30, ұзындығы 3-4м бір секциялы турбобұрғылар қолданылады (әдеттегі турбобұрғылардың ұзындығы 9м шамасында болады). Қысқартылған турбобұрғылар және Т12 түріндегі турбобұрғылау бір-бірінен турбиналары сатыларының саны және тіректерімен ерекшеленеді.