Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / Турбобур / Турбобұрғы.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.25 Mб
Скачать

1.3.2 Гидравликалық тежегішті турбобұрғылар

АГТШ типті гидравликалық тежегішті жүйелі құбырбұғылар негізінде шарошкалы қашаумен терең ұңғымаларды бұрғылауға арналған. АГТШ турбобұрғыларды диаметрлерін 240, 192 және 164 мм етіп шағарады. АГТШ типті турбобұрғылар екі секциядан және шпинделден тұрады. Екі турбиналық секцияда 100 сатыдан тұратын көпсатылы жоғарыайналмалы секциялар орнатылады. Үшінші секцияда гидродинамикалық тежегішінің (ГТ) сатылары орнатылады [4].

ГТ сатылары турбинаға қарағанда бір жаққа иілген қалақты турбина сатылары сияқты статор мен ротор тұрады (1.7-суретте көрсетілген). ГТ сатыларының қалақты екпінсіз айналып өту режимі тежегішке сәйкес. ГТ роторының айналуы кезінде турбобұрғы турбинасының моментінің бағытына қарсы бағыттас айналуышы момент туады.

Тежегіш моментінің мөлшері біліктің айналу жиілігіне пропорционалды. Білікті тығыздау үшін резеңкелі дөңгелек ІІРУ сақиналары қолданылады. Турбобұрғы шпинделінде 128000 сериялы радиалды-қажырлы шарикті мойынтірек орнатылған. АГТШ типті гидротежегішті жүйелі турбобұрғылардың техникалық сипаттамасы 1.3- кестеде келтірілген.

А9-ГТШ және ТРХ-240 типті заманауй құрылымды турбобұрғыларда, әр секциясы 90 сатыдан құралған, турбобұрғылардың екі жоғарғы секцияларында орнатылатын жаңа құрылымды турбиналар қолданылады.

1.3-кесте-АГТШ типті, гидротежегішті турбобұрғылардың техникалық сипаттамасы

Турбобұрғы

Турбина

Сатылар саны,дана

ГТ сатылар саны,дана

Сұйықтық шығыны,

, м3

Айналу моменті, Н х м

Айналу жилігі, с1

Қысым айырмасы, МПа

Ұзындығы, м

Салмағы,, кг

Диаметрі, мм

А9ГТШ

А9К5Са

210

99

0,045

3060

4,9

5,5

23,3

6165

240

А7ГТШ

А7Н4С

228

114

0,03

1840

6

6,9

24,9

4425

195

А6ГТШ

А6КЗС

240

75

0,02

779

6

4,5

24,5

2960

164

Турбиналардың пяталарына жасалған сынаулар бұйымның абразивтіты тозуға беріктінің жоғарылығын, сериялық бұйымдырдың ресурсын орташа 20% арттыратын жақсы теңгерімділікті екенін көрсетті.Сынаулар абразивтіты тозуды арттыратын ауырлатқышты бұрғы ерітіндісінде жүргізілетін.

  1. статор (соплолық аппарат); 2 - ротор (жұмыстық сақинасы)

1.7-сурет- А9-ГТШ және ТРХ-240 типті турбобұрғыларының турбина сатысы

1.3.3 Жылжымалы статорлы турбобұрғылар

ТПС типті құбылмалы статорлы турбобұрғылар терең ұңғымаларды, негізінде шарошкалы қашаумен бұрғылауға арналған. ТПС құбыр бұрғылар диаметрі 172 мм болатын корпусты етіп шығарылады. Осы типті турбобұрғының құрылымы сериялық турбобұрғылардың статоры өз осі бағытында еркін орын ауыстыра алатыны, ал өзінің реактивті моментінің әсерінен туындайтын «айналым» корпусның ішкі арнайы ойғына кіретін кілтек арқылы тоқтатылатынымен ерекшеленеді. Статорда аралық орнатылатын сақиналары жоқ және ол өзінің пята қызметін атқаратын сәйкес роторына сүйенеді. Мұндай турбина құрылымы турбинаның орташа диаметрін максималды деңгейге дейін ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар өстік лифт сатысын минималды деңгейге дейін төмендетеді. Нәтижесінде ұзындығы стандартты корпуста 1,4 есе көп саты орналастыруға болады.

Жылжымалы статорлы турбобұрғылар үш турбиналық секциялардын және екі тіреу біліктерінен тұрады: ШШО-172 (538925) және ПУ-І72 металлрезеңкелі пята [5].

Жылжымалы статорлы және корпус диаметрі 172 мм және 195 мм (ЗТСШ1 М1-195, сериялы шығарылмайды) болатын турбобұрғының техникалық сипаттамасы 1.4- кестеде келтірілген.

1.4-кесте- ТПС типті жылжымалы статорлы турбобұрғының техникалық сипаттамасы

Турбобұрғы

Сатылар саны,

дана

Сұйықтық шығыны,

м3

Айналу моменті,

Н х м

Айналу жилігі,

с-1

Қысым айырымы,

МПа

ТПС-172

435

0,025

2100

7,5

6,57

ЗТСШIМI-195

455

0,03

2875

6,85

5,97

Сонымен қатар ТПС негізінде тігінен бұрғылауға, көлбеу бағытты және көлденең ұңғымаларды бұрғылауға, цемент көпірлерді бұрғылауға, диаметрі 118-139 мм болатын қашаулы стакан және тығындарды бұрғылауға арналған құбылмалы роторлы ТПР турбобұрғылары жасалып, нығайтылуда.

ТПР турбобұрғысы шпинделты және екі турбиналық секциялардын тұрады. Турбиналық секция балқытылған үлгі бойныша құю әдісімен жасалған көп сатылы болат турбиналардан тұрады. Турбобұрғы құрылымы секцияның құрастырылуын, олардың өзара ауысымдылықтарын, ретін жеңілдететін және шпинделінің өстік тіреуінің максималды тозуын жетілдіруге мүмкіндік беретін шпиндельді ротордың профильді білік сүлбасы бойынша жасалаған.