Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / Турбобур / Турбобұрғы.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.25 Mб
Скачать

4 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі

Кенді және қоршаған ортаны қорғау шаралары бұрғылауда, байқауда және мұнай қыртыстарын жасауда жұмыстың өзгешеліктеріне сәйкес белгіленген. Қабылданған «Технологиялық және құрылымды-технологиялық шешімдер» жобасында болашақта қоршаған ортаның ластануын жоюі бойынша қыбмат шараларды амалсыздан жүргізу қажеттігін мүмкіндігінше құтылу үшін табиғатты қорғау талаптарын ескереді [9].

Кен орындарын бұрғылау үрдісінде және тасымалдауда кенді және қоршаған ортаны қорғау бойынша заңнамалық және нормативтік құжаттар талаптарын қатаң түрду ұстану керек. Барлық ұйымдардың қызметтері жобалау, бұрғылау, жайғастыру және тасымалдау сатыларында қатаң түрде жобаланған құжаттарға сәйкес жүргізілуі керек.

Жайғастыруды бастамас бұрын кен орнында, қоршаған ортаны бақылау – экологиялық жағдайын кешенді зерттеу ұсынылады. Зерттеулер нәтижесі бойынша ттабиғатты қорғау шараларының реті, көлемі және мерзімдері айқындалады.

Мұнай кен орындарының өңделуінің соңында табиғатты қорғау шараларын: қоймаларды жою, оқыту аймақтарын бекіту, ағынды суларды жинақтауды жүргізу керек.

4.1 Шығарындылар көзінің нысанасының сипаттамасы

Ұңғымаларды соғудағы және алдағы кен орнының жайғасуынан қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін негізгі қайнар көзіне:

− бұрғылау және тампонды ерітінділер;

− бұрғылау ағынды сулары және бұрғылау шламы;

− өндірістік әрекеттерден айтарлықтай көлемде бөлінетін уландырғыш зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуі;

− қоқыс, полигон және мұнай амбарларының тасталындыларының және түсірінділерінің әсерінен топырақ жамылғысының ластануы;

− ағын судан және жер асты көздерінен судың қаша орны өндірістік және тұрмыстық-шаруашылық қажеттіліктеріне;

− кәсіптік объектілерді (үнемі алып тастау) және жат жерлерде жемісті ауылшаруышылық жер-суларын соғу-монтаждау жұмыстарын жүргізу (уақытша алып тастау);

− бұрғылау мен тампонды ерітінділерді дайындау, ауырлату үшін химиялық реагенттер және материалдырды;

− жұмыс істеп тұрған жабдықтың әсерінен жануарлар әлеміне зиянын тигізетін жағымсыз шу жүктемелері;

− адамға жарақаттану әсерін тудыратын өндірістік ортаның элементтері (жоғары қыздырылған беттер, машина және механизмнің айналушы тетіктері, діріл, статикалық электр).

Булану және қыртысты мұнайды, сонымен қатар шырақтардағы бағыттас газдарды жаққанда және бұрғылау қондырғылардың қозғалтқыштың құрамында көміртек оксиді, азот оксиді және көмірсулары бар пайдаланылған газдар атмосфераға түседі.

Егер табиғат қорғау шарттары ұсталмаса кен орындарындағы су мен топырақ негізінен мұнаймен, суда еритін көмірсулармен ластанады. Топыраққа мұнайдың түсу көзі болып тығыздамадағы, ернемектердегі және арматурадағы, лақтырылған және мұнай жинақталған желілерде, мұнай амбарларында, тұндырғыш тұзақ, ұңғымалық жабдық болып табылады.

4.2 Жалпы табиғатты қорғау талаптары

Аймақтың және суаттың, жерасты тұщы сулардың және тиімді көкжиектерді суландырудан, ашық лақтырындылар, жер, су, орман, мұнай (қоршаған ортаны қорғау) жөніндегі заңнамаға сәйкес келесі шаралармен белгіленеді:

− жерді бұзылудан және ластанудан қорғау үшін барлық жұмыстарды тек тағайындалған белгілі бір аймақты уақытша қолданып жүргізу керек. Алаң айналасына қоршау жасалады.;

– көліктің қозғалысы бұрғылау алаңының сыртында тек бекітілген трасса бойынша болуы керек;

− өндірістік нысадарды орналасуы жабдықты орналастыру бектілегн сұлбасына сәйкес болуы керек;

− сусымалы материалдар және химиялық реагенттер жабық бөлмелерде немесе зер деңгейінен асқақтаған және шатырмен жабдықталған қоршалған алаңдардағы контейнерлерде сақталуы керек;

− бұрғылау ерітіндісі оның ақпауын қамтамасыз ететін сыйымдылықтарда сақталады;

− химиялық реагенттердің мөлшерлемесін тек олардың жерге және суға объектілеріне түспеуін болдырмайтын арнайы жабдықталған табақтарда жүргізу керек.;

− ұңғымаларды бұрғылауда ұңғыманың үзіліссіз жұмыс шарттарын жасау мақсатында, ашық бұрқақша шшуды тоқтату үшін мыналармен қамтамасыз етілуі керек: ұңғымалардың сенімді ұңғымалау (жұту интервалдарын жабу және құлату), бағаналарды сапалы техникалық жағдайы және тасымалдау, бағаналардың артында сағасына дейін цементтің сапалы көтерілу, ұңғыманың сағалық бөлігіндегі барлық түзілімдердің берік және герметикалық бекітілуі;

− жанғыш қатты және қалдықтар жиналады да, қоқыс жандыратын қондырғыда полигонға шығарылу арқылы жандырылады. Қалдықтар саны ОВОС арқылы анықталуы керек;

− сұйық өндірістік қалдықтар шлам амбарына булану үшін жіберіледі. Қалдықтар саны ОВОС арқылы анықталуы керек;

− мұқият құжатталуы үшін барлық пайдаланушы ұңғымаларда мұнайдың табыс есебі жүргізілуі керек;

− пайдаланылушы герметикалық бағаналы, ернемекті қосылыстары бұзылған ұңғымалардың пайдаланылуы болмайды, яғни көрсетілген кемшіліктердің жойылуы қажет;

− ұңғымада су қартысының ағуын байқағанда оқшаулағыш жөндеу, ал күрделірек жағдайларда жөндеу жабу жұмыстарын жүргізу керек;

− кен орындарының дұрыстығын тексеру жүйелі түрде бақылауға негізделу керек.