Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista_ekzamen_shpora_alf-1.doc
Скачиваний:
401
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
675.33 Кб
Скачать

15. Майдалану. Анықтамасы. Адам ұрығында майдаланудың сипаттамасы. Морула. Бластоцисталар.Эмбриобласт, трофобласт.

Бөлшектену

Бөлшектену - бұл зиготаның бір ізділікпен енші жасушаларға - бластомерлерге бөлінуі.

Бөлшектенудің жіктелуі:

Зиготаның бөлінуіне байланысты:

Толық – зигота толығымен бөлінеді және екі бөлек жасушалар түзіледі;

Толық емес– еншілес жасушалар толығымен бөлінбейді және жеке жасушалардың түзілуі жүрмейді.

Түзілуші бластомерлердің көлеміне қарай:

Біркелкі – бластомерлердің көлемдері бірдей

Біркелкі емес– бластомерлердің көлемдері әр түрлі

Бөліну аралығындағы интервал бойынша:

Синхронды– барлық бластомерлердің бөліну интервалы бірдей

Асинхронды– барлық бластомерлердің бөліну аралық интервалдары бірдей емес.

Бөлшектену 1-ші тәуліктің соңында басталып, 3-4 тәулікке созылады. Адам зиготасының бөлшектенуі толық, біркелі емес, асинхронды (бластомерлердің бөліну аралығындағы интервал әр түрлі). Бірінші бөлшектену 30 сағаттан кейін аяқталып, екі бластомер түзіледі. Екі бластомерлер стадиясының соңынан үш бластомерлер стадиясы жүреді. 40 сағаттан соң 4 жасуша түзіледі.

Бірінші бөлінуден кейін бластомерлердің екі түрі қалыптасды. Оның біреуі ашық және ұсақ, екіншісі неғұрлым күңгірт және ірі. (сур.-А) (Суретте керісінше). Ашық бластомерлер жылдам бөлшектеніп, күңгірт бластомерлерді сыртынан қоршайды. Олардан ұрықты ана қанымен байланыстыратын трофобласт, ал күңгірт түрінен эмбриобласт қалыптасады. Эмбриобластан ұрық денесі және ұрықтан тыс мүшелер (хорионның және плацентаның ұрықтық бөлігінің дәнекер тіні, хорион, амнион, сары уыз қапшығы, аллантоис) түзіледі.

Бөлшектену процесінде ашық жасушалар күңгірт жасушалардан жылдам бөлінеді де, нәтижесінде ол ірі жасушалардың сыртынан қалыңдап өседі (сур.-В). 50-60 сағаттан соң жасушалық жиынтық – морула (лат. morum – тұт жидегі) түзіледі. Ол жасушалардың екі тобынан тұрады (сур. - С). 3-4 күні бластациста (бластула) – көпжасушалы, ортасы қуыс көпіршік қалыптаса байтайды.

Бластацистаның түзілуі

Трофобласт және эмбриобласт жасушалары бөлінгенде моруланың көлемі ұлғаяды, ұрықтық жасушалар сұйықтық секреттейді. Уақыт өткен сайын сұйықтықтың мөлшері көбейіп, ұрықтың ішінде сұйықтыққа толы қуыс пайда болады. Эмбриобласт жасушалары ішетке қарай ығысып, трофобластқа жабысқан түйін тәрізді болып орналасады. Осылайша бластациста түзіледі (сур. - Д).

Ол төмендегі құрылымдардан тұрады (сур. - Д):

1) бластуланың қабырғасын құраушы трофобласт;

2) іште орналасқан эмбриобласт жасушалары;

3) сұйықтықпен толтырылған бластула қуысы.

Бластоциста 3 тәулік бойы жатыр түтігінде болып, 5-5? тәуліктен кейін ол жатырға түседі. Осы кезде бластомерлердің санының артуына байланысты бластоцистаның да көлемі ұлғаяды. 2 тәулік бойы ұрық бос бластоциста стадиясын өтеді. Бұл кезеңде имплантацияға дайындық барысында трофобласт пен эмбриобласт бір қатар өзгерістерге ұшырайды. Трофобласта жатырдың тінін ерітетін лизосомалардың саны артады. Эмбриобластық түйін жалпақтанып, ұрықтық қалқаншаға айналады. Ұрықтық қалқаншада гаструляцияның бірінші фазасына дайындық жүреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]