Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista_ekzamen_shpora_alf-1.doc
Скачиваний:
401
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
675.33 Кб
Скачать

14. Ұрықтану. Анықтамасы. Адамдағы ұрықтану процессінің ерекшеліктері. Ұрықтану және оның биологиялық маңызы

Ұрықтану деп - аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуын айтады. Нәтижесiнде диплоидты хромосомалардың жиынтығы - зигота пайда болады. Ұрықтану овуляциядан кейін жатырдың ампулярлы бөлімінде 12 сағат ішінде жүреді.

Ұрықтану процессi үш фазадан тұрады: 1) гаметалардың дистанциялық әрекеттесуі және жақындасуы; 2) гаметалардың жанасуы; 3) ооплазмаға сперматозоидтың енуі.

Бiрiншi фаза – дистанциялық әрекеттесу спецификалық факторлардың жиынтығы - хемотаксиспен қамтамасыз етіледі. Мұнда маңызды рөлді жыныс жасушалары түзетін химиялық заттар – гомондар атқарады.

Жұмыртқалық жасушалар сперматозоидтарды тартуға қабілетті пептидтер бөледі. Эякуляциядан (лат. ejaculatio – выброс, извержение) кейін капапитациялық реакция жүрмейінше сперматозоидтар жұмыртқалық жасушаға бірден енуге қабілетті болмайды. Капапитация реакциясысы кезінде аналық жыныс жолдарыныдағы секреттердің әсерінен сперматозоидтардың белсендігі артады.

Екiншi фаза – гаметалардың жанасуы. Аталық және аналық жыныс жасушаларының әрекеттесу процесіне байланысты спермияларда акросомалдық реакция жүреді. Бұл реакция кезінде сперматозоидтардан қышқыл ферменттер – гиалуронидаза мен трипсиндер бөлініп, олар жылтырауық қабық пен сәулелі тәжідегі гиалуронды қышқылдарды және белоктарды ыдыратады. Нәтижесінде сәулелі тәжінің жасушалары жоғалып, жылтырауық қабық ериді де, сперматозоид жұмыртқалық жасушаға енеді.

Сүтқоректiлерде ұрықтану кезiнде жұмырткалық жасушаға бiр ғана сперматозоид енедi. Мұндай құбылыс моноспермия деп аталады.

Үшiншi фаза. Ооплазмаға сперматозоидтың басы және құйрықтың аралық бөлiгi енедi. Осыдан кейiн ооплазманың iшетi тығыздалып (кортикалды реакция) ұрықтану қабығы түзiледi.

Кортикалды реакция жұмыртқалық жасушаға басқа сперматозоидтың енуiне кедергi жасайтын механизмдердiң бiрi.

Аналық және аталық жыныс жасушаларының ядролары жақындасып, синкорион (грек. syn. - бірге және karyon - ядро) стадиясы басталады. Ұрықтанудың соңынан бөлшектену жүреді.

Ұрықтанудың биологиялық маңызыздылығы әр түрлі организмнен түзілген аналық және аталық жыныс жасушалары қосылған кезде, ата-ананың белгілерін тасымалдайтын жаңа организмнің пайда болуында. Жыныс жасушаларының түзілуі кезінде мейозда әр түрлі хромосомаларды біріктіретін гаметалар түзіледі. Сондықтан ұрықтанудан кейін жаңа организмдер ата-ана белгілерін әр түрлі комбинацияда біріктіре алады. Оның нәтижесінде организмдердің алуан түрлі тұқым қуалаушылығы артады.

34. Шеміршек тіндерінің жалпы морфо-функциональдық сипаттамасы. Жіктелуі. Шеміршек тіндерінің жасушалары. Гиалинді, эластикалық және талшықты шеміршектердің құрылысы. Шеміршек қабы. Оның шеміршектің қоректенуіндегі, өсуіндегі және регенерациясындағы маңызы. Хондрогенез шеміршек тінінің жасқа байланысты өзгеруі.

Қаңқа тiндері (textus skeletales) дәнекер тіндерінің бір түрі. Олар қорғаныштық, тiректiк және механикалық қызметтер атқарады. Қаңқа тіндеріне шемiршек, сүйек тiндерi және тіс дентині мен цементі жатады. Басқа ішкі орта тіндері сияқты қаңқа тіні мезенхимадан дамиды.

Шемiршек тiндерi

Шеміршек тiндері тыныс алу жүйесінің бiрқатар мүшелерінің, омыртқа аралық дискiлердің, буындардың т.б. құрамына кiредi. Олар жасушалар мен жасуша аралық заттардан тұрады. Негізгі жасушалық элементтері: хондробластар және хондроциттер. Шеміршек тіндерінде жасуша аралық заттар жасушалардан көп болады. Жасуша аралық заттар гидрофильді және серпімді. Осыған байланысты шеміршек тіндері тіректік қызмет атқарады.

Балауса тінде 80% су болады. Шеміршек тінінің «құрғақ» затының жартсынан көбін фибриллярлы белок коллаген құрайды.

Классификациясы: Шемiршек тiнiнiң үш тұрiн ажыратады:

гиалиндi

эластикалық

талшықты

Хондрогистогенез

Шемiршек тiндерiнiң даму көзi мезенхима болып табылады. Ұрықтың шемiршек түзiлетiн жерiнде мезенхима тығыздалады, жасушалар өздерiнiң өсiндiлерiн жоғалтып, тез көбейедi де, бiр-бiрiне тығыз жанасып – хондрогенді аралшалар түзедi. Олардың құрамындағы бағаналы жасушалар хондробластарға түрленеді. Бұл жасушалар шеміршек тінінің негізгі материалы болып табылады. Олардың цитоплазмасында алдымен бос рибосомалардың мөлшері артады, кейіннен түйіршікті эндоплазмалық тордың аймақтары пайда болады. Келесi стадияда скелетогендi тiнiнiң ортасында орналасқан жасушалардың көлемi ұлғайып, олар жас хондроциттерге ауысады. Шемiршектi тiнде қан тамырлары болмайды. Олар шемiршек қабығы арқылы қоректенедi. Шемiршек қабығы дегенiмiз - шемiршектi қаптап жатқан дәнекер тiн қабаты. Ол iшкi - дәнекерлi және сыртқы хондрогендi қабаттардан тұрады. Хондрогендi аймақта жасушалар жылдам бөлiнiп, бар шемiршектiң шетiнде қабаттаса бередi. Мұны аппозициялық көбею деймiз.

Жас шемiршектiң құрамындағы шемiршектi тiндер митоздық және амитоздық жолдармен көбейедi. Жасушалардың санының өсуiне байланысты, шемiршектiң iш жағынан салмағы артады. Мұны интерстициалды көбею деп атайды.

Шемiршек тiндерiнiң жасушалары

Шемiршек тiнiнiң дамуы барысында дифферон түзiледi: бағаналы жасушалар, жартылай бағаналы, хондробластар, хондроциттер.

Хондроциттер (грек. Chondros – дән, шеміршек, cytos - жасуша). Олар шемiршек тiнiндегi ерекше дамыған жасушалар. Дифференциялану дәрежесіне байланысты олардың пішіндері сопақша, домалақ немесе полигоналды болады. Олар жасушааралық затттарда ерекше қуыстарда жеке немесе топтасып орналасады. Қуыста орналасқан жасушалар тобын изогендi топ (грек. Isos – бірдей, genesis – дамуы) деп атайды. Хондроциттер шемiршектiң интерстициалды өсуін қамтамасыз етедi.

Хондробластар (грек. Chondros - шеміршек, blastos - ұрық) - жас, жалпақ жасушалар. Олар пролиферацияға және шемiршектiң жасушааралық заттарын синтездеуге қабілетті. Хондробластар цитоплазмасында жақсы дамыған эндоплазмалық тор және Гольджи аппараты бар. Бояған кезде құрамында РНҚ көп болуына байланысты хондробласт цитоплазмасы базофильді болады. Хондробластардың қатысуымен тiннiң аппозициялық өсуi, яғни шеміршектің жаңа қабаттарының жүреді. Бұл жасушалар шеміршектің даму процесінде хондроциттерге айналады.

Шеміршектің жасушааралық заттары

Жасушааралық зат талшықтардан және негізгі немесе аморфты заттардан тұрады. Талшықтардың басым көпшілігі коллогенді талшықтар, ал эластикалық шеміршектерде эластикалық талшықтар да кездеседі. Незігі зат судан, органикалық заттардан және минералды заттардан тұрады. Органикалық компонент протеогликанды (ПГ) және гликопротеинді (ГП) агрегаттардан түзілген.

Гиалиндi тiн (грек. hyalos - әйнек) - шеміршек тінінің ең көп тараған түрі. Олар ересек организмде төс пен қабырға қосылған жерлерде, тыныс алу жолдарында, сүйектердің буындарының беттерінде кездеседi.

Адам организмінде кездесетін гиалинді тінінің үлкен бөлігі шеміршек қабығымен (perichondrium) қапталған. Шеміршек қабығында екі қабатты ажыратады: сыртқы (ол қан тамырларымен жабдықталған талшықты дәнекер тіннен түзілген) және ішкі (ол хондробластардан түзілген) тұрады. Шеміршек қабығының астында жалпақ жас хондроциттер орналасқан. Бұл жасушалардың синтездік және секреторлық процестерінің әлсіреуіне байланысты, олар бөліңгеннен кейін алысқа тарамайды, изогенді топтар түзіп керісінше тығыз жатады.

Гиалиндi тiндегi жасушааралық заттарда жiңiшке коллогендi талшықтарды ажыратады.

Эластикалық тiн. Ол құлақ қалқанында, көмейде кездеседi. Эластикалық тiннiң сыртын шемiршек қабығы қаптайды. Эластикалық тiннiң бiр ерекшелiгi, оның жасушааралық затында коллогендi талшықтар мен бiрге эластикалық талшықтар болады.

Талшықты тiн. Олар омыртқа аралығында, талшықты дәнекер тiнiнiң талшықты шемiршекке ауысатын жерлерiнде кездеседi. Талшықты тiндегi жасушааралық заттарда коллогендi талшықтар жуан будалармен орналасқан.

Шемiршектi тiннiң жасқа байланысты өзгеруi.

Жас өскен сайын шемiршектi тiнде протеогликандар азаяды. Жасушааралық затта кальции тұздарының жиналғанын байқауға болады. Шемiршек қатаяды. Шемiршектiң кальциланған аймағында қан тамырлары байқалады, бұл кезде шемiршектi тiн сүйектi тiнге ауысады. Жасушалардың митоздық бөлiнуi төмендейдi, жасушалардың жылдам тiршiлiгiн жоюлары байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]