Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista_ekzamen_shpora_alf-1.doc
Скачиваний:
401
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
675.33 Кб
Скачать

29. Қан түзу туралы түсінік. Гемопоэздің түрлері. Ұрықтық гемопоэедегі қанның тін ретінде дамуы. Оның кезеңдері мен сипаттамалары.

Гемоцитопоэз - дегеніміз қанның дамуы, түзілуі. Бұл процестің 2 түрі бар. Оның бірі қанның тін ретінде дамуына әкелетін ұрықтық даму кезеңінде жүретін эмбриондық гемоцитопоэз. Ал қанның физиологиялық регенарация - лану процесі постэмбриондық гемоцито- поэз деп аталады.

ЭМБРИОНДЫҚ ГЕМОЦИТОПОЭЗ

Эмбрионда қанның тін ретінде дамуы ең алдымен сары уыз қапшығында, одан соң бауырда, сүйек кемігінде және лимфоид -тық мүшелерде (тимус, көкбауыр, лимфа түйіндерінде) жүреді.

Сары уыз қапшығында қанның өндірілуі

Бұл процесс адамда эмбриондық дамудың 2-3- аптасында бастала -ды. Сары дене мезенхимасында қан тамырлары жасушаларының бастамасы немесе қан аралшық -тары оқшаулана бастайды.

Сары уыз қапшығында эритроцит- тердің дамуы біріншілік қан тамыр- ларының ішінде, яғни интраваскуляр- лы жүреді. Қан тамырлары жолының бойында орналасқан бласттардан бір мезгілде экстраваскулярлы түрде гранулоциттердің (нейтрофильдер мен эозинофильдер) біраз мөлшері дифференциацияланады.

Бауырда қанның өндірілуі

Бауыр ұрықтың 3-4 апталық өмірінде пайда бола бастайды, ал 5 -6 апталық кезеңінде ол қан өндіру орталығына айналады. Бауырда қан өндіру капиллярлар жолымен экстраваскулярлы түрде жүреді.

Тимуста қанның өндірілуі

Тимус құрсақ ішілік дамудың 1-ші айының соңына таман пайда болады. Ұрықтың 7-8 апталық

өмірінде оның эпителиі тимуслимфоциттеріне түрленетін қанның бағаналы жасушаларымен толыса бастайды.

Көкбауырда қанның өндірілуі

Көк бауыр эмбриогенездің 1-айының соңына таман пайда болады. Мұнда орналасқан бағаналы жасушалардан барлық қанның формалы элемент -терінің экстраваскулярлы түзілуі жүреді. Эмбрионалды гемопоэз көкбауырда 12-13 аптада басталады.

Сүйек кемігіндегі қанның өндірілуі

Сүйек кемігі ұрықтық мерзімнің 4 -айында қызмет ете бастайды. Алғашқы гемопоэздік элементтер дамудың 12-аптасында пайда болады. Сүйек кемігінде бағаналы жасуша - лардан дамуы экстраваскулярлы жүретін қанның барлық формалы элементтері түзіледі.

ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ

Жекелеген лимфоциттердің пайда болуы ұрықтық дамудың 8-15 апталық өмірінде-ақ басталады.

Адамның лимфа түйіндері ұрықтық кезеңнің 7-8 аптасында пайда бола бастайды. Көпшілік лимфа түйіндері 9-10 апталық кезеңде дамиды. Осы кезеңде лимфа түйіндеріне дамудың ерте сатыларында эритроциттер, гранулоциттер мен мегакариоциттер -ге дейін түрленетін қанның бағаналы жасушаларының енуі басталады.

28.Лейкоциттер классификациясы. Гранулоциттер мен агранулоциттер. Құрылысы, функциясы. Лейкоцитарлық формула / пайыздық мөлшерлері/.

Лейкоциттер. Лейкоциттер немесе қанның ақ түйіршіктері балғын қанда түссіз. Ересек адамдарда 1 л қанда 3,8х109 - 9,0х109 болады. Лейкоциттер белсенді қозғалысқа бейімді, олар мүшелердің дәнекер тініне қан тамырларының қабырғасы арқылы ауыса алады. Олар мұнда қорғаныштық қызмет атқарады. Морфологиялық белгілері және биологиялық рөлі бойынша лейкоциттерді екі топқа жіктейді: түйіршікті және түйіршіксіз. Түйіршікті лейкоциттерге нейтрофильдер, эозинофильдер және базофильдер, ал түйіршіксіздерге лимфоциттер мен моноциттер жатады.

Лейкоциттердің ядроларының пішінін ескере отыра, оларды мононуклеарлы (домалақ немесе сопақша ядролары сегменттелмеген) және сегменттелген (ядролары сегменттелген) лейкоциттерге жіктейді.

Лейкоциттердің жылжу қабілеттілігі жоғары, олардың қозғалу жылдамдығы әр түрлі жағдайларға: температураға, ортаның консистенциясына, рН және т.б. байланысты. Лейкоциттердің қозғалу бағыты әр түрлі факторлармен анықталады. Оның ішінде белгілі бір рөлді хемотаксис атқарады. Лейкоциттердің кейбір түйіршіктері қорғаныш қызметін атқарады, микробтардың фагоцитоздарын, жасушалар өнімдерінің ыдырауын қамтамасыз етеді, гуморальдық және клеткалық иммунитеттерді қалыптастырады.

Түйіршікті лейкоциттер

Түйіршікті лейкоциттерге базофильдер, эозинофильдер және нейтрофильдер жатады. Олар қызыл сүйек кемігінде түзіледі және цитоплазмасындағы түйіршіктері мен сегменттелген ядроларымен сипатталады.

Нейтрофильді түйіршіктер – лейкоциттердің ең көп тараған тобы. Олар домалақ пішінді, диаметрі шамамен 7 – 9 мкм. Ересек адамдардың қанында нейтрофильдер жалпы лейкоциттердің 65 – 75% құрайды. Олардың цитоплазмасы әлсіз оксифильді және онда ұсақ түйіршектер байқалады. Бұл түйіршіктер тек балауса қанда ғана емес, фиксацияланған және боялған препараттарда да әлсіз көрінеді. Әр жасушадағы түйіршіктің саны 50-200-ге дейін болуы мүмкін. Рамановский – Гимза әдісімен бояған кезде түйіршіктер қызғылт – күлгін түске ауысады. көп мөлшерде нейтрофильді түйіршіктер мен аз мөлшерде азурофильді түйіршіктер болады және ол нашар оксифильді болып келеді. Химиялық құрамы және қасиетіне байланысты түйіршіктің негізгі екі түрін - нейтрофильді түйіршіктер мен азурофильді түйіршіктерді ажыратады. Азурофильді түйіршіктер нейтрофильден ертерек пайда болғандықтан оны біріншілік деп атайды. Азурофильді түйіршіктер жетілген нейтрофильдердің 10-20% құрайды. Арнайы нейтрофильді түйіршіктер азурофильді түйіршіктерден кейін пайда болғандықтан, оны екіншілік деп атайды. Жасушалардың мамандану процесі барысында олардың мөлшері артады. Жетілген нейтрофильдердегі барлық түйіршіктердің 80-90% құрайды. Жетілген нейтрофильді түйіршіктердің диаметрі 0,1 - 0,3 мкм, пішіндері домалақ, сопақша. Жетілмеген нейтрофильді түйіршіктердің диаметрі 0,2 - 0,4 мкм, пішіндері домалақ. Лизосомальді ферменттер мен пероксидазаның болмауы және сілтілі фосфатазаның, негізгі катионды белоктардың, фагоцитиндердің, лактоферриннің, лизоциманың және т.б. болмауы олардың химилық құрамына тән. Демек, спецификалық түйіршіктердің маркерлері сілтілі фосфатаза және катионды белок, азурофильді түйіршіктердің маркерлері – қышқыл фосфотаза және пероксидаза. Нейтрофильдің цитоплазмасында органеллалар әлсіз көрінген – аздаған митохондриялары, кішкентай Гольджи аппараты, эндоплазмалық тордың элементтері бар. Оған қосындылар – липидтер, гликоген және т.б болуы тән.

Нейтрофильді лейкоциттердің ядроларында әсіресе шет жағында тығыз хроматин болады. Ядролардың пішіндері әр түрлі, сондықтан оларды полиморфты - ядролы деп атайды.

Қан нейтрофильдерінде әртүрлі дәрежедегі жасушалар бар – жас, таяқшалы ядролы, сегментті ядролы. Алғашқы екі түрі – жас жасушалар. Олар қалыпты жағдайда 0 – 0,5%. Таяқшалы ядролы нейтрофильдер 3-5%, бұл жасушалардың ядролары таяқша тәрізді. Сегментті ядролы нейтрофильдер – 60-65%.

Нейтрофильдердің фагоцитоздық қасиеті өте жоғары. Бактериялар мен басқа бөлшектерді жұтқан соң, оларда алдымен арнайы түйіршіктермен қосылатын фагосомалар қалыптасады. Бұдан кейін фагосомалардың біріншілік түйіршіктермен қосылуы жүреді және фаголизосома қалыптасады.

18 – 45 жастағы сау адамдарда фагоцитоздаушы нейтрофильдер 68,5 – 99,3%, ал фагоцитарлық индекс 12 -23. Нейтрофильдерде гранулоциттердің қатарындағы жасушаларда ДНҚ синтезін тежейтін және лейкоциттердің пролиферациясы мен дифференциялану процесіне реттеуші әсер көрсететін арнайы заттар - кейлондар бар.

Нейтрофильдердің өмір сүру ұзақтығы шамаммен 8 тәулік.

Эозинофильді түйіршіктер. Олар нейтрофильдерге қарағанда неғұрлым ірі жасушалар. Балауса қанда диаметрі 9 – 10 мкм, ал жұғында шамамен 12 – 14 мкм. Перифериялық қанда эозинофильді түйіршіктердің мөлшері шамамен 3-5%.

Эозинофильдердің цитоплазмасында ірі эозинофилді түйіршіктер көп және ұсақ азурофильді түйіршіктер аз мөлшерлерде болады. Эозинофиьді түйіршіктер шамамен бүкіл цитоплазманы толтырады. Олардың орта тұсында құрамында негізгі белок, пероксидаза, эозинофильді катионды белок, сондай – ақ гистаминазасы бар кристаллоидтар орналасқан.

Эозинофильді түйіршіктердің негізгі белогы эозинофильдердің антипаразитарлық функциясына қатысады. Гистаминді бұзатын фермент – гистаминаза қабынудың негізгі медиаторларының бірі.

Эозинофильді түйіршіктер фагоцитозға қабілетті, бірақ олардың фагоцитоздық қасиеті нейтрофильдерге қарағанда төмен. Олар аллергиялық және анафилактикалық реакцияларға қатысып, қорғаныштық қызмет атқарады.

Базофильді түйіршіктер лейкоциттердің 0,5-1% құрайды. Жаңа қанда оның диаметрі шамамен 9 мкм, ал жұғында шамамен 11 – 12 мкм. Базофильдердің ядролары сегменттелген. Метохроматикалық түйіршіктері бар, олар көбінесе ядроларды жауып тұрады. Түйіршіктің метохромазиясы құрамында қышқыл гликозаминогликан - гепариннің болуына байланысты. Бұл түйіршіктерде гистамин, серотонин, пероксидаза, гистидиндекарбоксилаза, қышқыл фосфотаза болады. Базофильдердің құрамына арнайы түйіршіктерден басқа азурофильді түйіршіктер енеді.

Базофильдердің қызметі – гистамин және гепарин метоболизміне қатысу. Базофильді түйіршіктер гепарин мен гистаминді бөліп, қанның ұю процесін реттеуге, организмнің иммундық реакцияларына, көбінесе аллергиялық реакцияларға қатысады. Олардың фагоцитоздық қабілеті төмен.

Базофильдер сүйек кемігінде түзіледі. Перифериялық қанда 1-2 тәулік болады.

Түйіршіксіз лейкоциттер

Түйіршіксіз лейкоциттер тобының цитоплазмасында түйіршіктер болмайды және ядролары сегменттелмеген. Оларға лимфоциттер мен моноциттер жатады.

Лимфоциттер. Ересек адамдардың қанының 20-35% лимфоциттер құрайды. Көлеміне байланысты лимфоциттер: кіші – диаметрі 4,5-6 мкм, орташа – диаметрі 7-10 мкм, үлкен – диаметрі 10 мкм және одан жоғары болып бөлінеді. Үлкен лимфоциттер жаңа туған нәрестелер мен балалардың қанында кездеседі. ересек адамдарда олар болмайды. Лимфоциттерге жақсы боялған сопақша ядро мен базофильді цитоплазма тән. Кейбір лимфоциттердің цитоплазмасында аз мөлшерде ұсақ азурофильді түйіршіктер болады.

Ересектерде электрондық микроскоппен қарағанда лимфациттердің 4 түрлі жасушаларын ажыратады: 1) кішірек ашық түсті лимфоциттер, 2) кішірек күңгірт лимфоциттер; 3) орташа лимфоциттер; 4) плазмоциттер.

Адам қанының көп мөлшерін кішірек ашық лимфоциттер құрайды. Олардың диаметрі шамамен 7 мкм. Ядросы домалақ, хроматині конденсацияланған. Ашық цитоплазмада бос рибосомалар мен полисомалар, түйіршікті эндоплазмалық тордың, Гольджи апаратының, митохондрияның, центросоманың нашар айқындалған элементтері орналасқан.

Кішірек күңгірт лимфоциттер лимфоциттердің 12-13% құрайды, олардың диаметрі шамамен 6-7 мкм. Хроматин тығыз, ядрошық ірі болып көрінеді. Цитоплазмада көп мөлшерде рибосомалар орналасқан. Митохондриялары аз. Басқа органеллалары сирек кездеседі.

Орташа лимфоциттер адам қанының лимфоциттерінің 10-12% құрайды, олардың диаметрі шамамен 10 мкм. Хроматині неғұрлым болбыр, ядро қабығының қасында конденсацияланған хроматиннің аймағы көрінеді, ядрошығы жақсы айқындалған. Цитоплазмасында ТЭТ ұзыншақ өзекшелері, рибосомалар мен полисомалар орналасақан. Митохондриялары ұсақ. Лизосомалар аз мөлшерде кездеседі.

Плазмоциттер адам қанының лимфоциттерінің 1-2% құрайды.

Лимфоциттердің 2 негізгі функционалды класттарын – Т және В лимфоциттерді ажыратады.

Т-лимфоциттер сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан тимуста түзіледі, ол клеткалық иммунитеттің реакциясын қамтамасыз етеді және гуморалды иммунитетті реттейді.

В-лимфоциттер құстарда сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан фабрициев сумкасында түзіледі, ал адамдарда эмбрионалдық кезеңде бауырда түзілуі мүмкін. Ересектерде сүйек кемігінде. Оның негізгі қызметі гуморалды иммунитетті қамтамасыз ету. В-лимфоциттерден түзілетін эффекторлы жасушалар – плазмоциттер, қанға келіп түсетін қорғаушы ерекше белоктар – иммуноглобулиндер (антидене) түзеді.

Т-лимфоциттер мен В-лимфоциттер арасындағы морфологиялық анық айырмашылықтар әлі дәлелденбеген. Электрондық микроскоптың көмегімен жүргізілген зерттеуде В-лимфоциттерде түйіршікті эндоплазмалық тордың, ал Т-лимфоциттерде лизосомалардың жақсы дамығаны крінеді. Морфометриялық сараптама жасушалардың, олардың ядроларының көлемдерінің әр түрлі екендігін, ядролардың гетерохроматинді немесе эухроматинді болатындығын анықтады. Т-лимфоциттер мен олардың ядроларының көлемдері кішірек, құрамындағы гетерохроматиндері көп.

Моноцитер - ірі ядролы лейкоциттер. Олар адам қанында лейкоциттердің 6-8% құрайды. Жаңа қанда диаметрі шамамен 9-12 мкм, ал жұғында шамамен 18 – 20 мкм. Моноциттердің ядролары сегменттелмеген. Лимфоциттерден айырмашылығы, олардың ядролары пішінсіз. Олар қанның ең ірі жасушасы. Моноциттер тінге түсіп, макрофагтарға айналады. Түгел мүшелердің макрофагтары моноциттерден дамиды. Моноциттер организмнің макрофаг жүйесіне кіріп, қорғаныштық реакциясына қатысатын күшті қорғаныш аппаратын түзеді.

Моноциттерге амебаша қозғалу мен фагоцитоздық қасиет тән. Олар ірі бөгде бөлшектерді және жасушаларды немесе ұсақ бөлшектерді көп мөлшерде жұтуға қабілетті. Бұл кезде әдетте моноциттер тіршілігін жоймайды. Олар осы қасиетімен нейтрофилдер мен эозинофилдер макрофагтарынан ерекшеленеді.

Моноциттер ерігіш цитокиндерді секреттейді. Олар иммундық жүйенің басқа буындарының қызмет етуіне әсерін тигізеді. Моноциттер секреттейтін цитокиндер монокиндер деп аталады.

40. Мезенхимадан дамыған бұлшық ет тіндері, олардың гистогенезі, құрылысы, морфо-функциональдық және гистохимиялық сипаттамасы. Жазық миоциттер. Жиырылу аппаратының құрылымы. Жазық бұлшық ет тіндерінің қалпына келуі мен адамның жасына байланысты ерекшеліктері.

Тегіс салалы бұлшық ет: Шығу тегі бойынша тегіс салалы бұлшық еттің үш тобын ажыратады: мезенхимді, эпидермальді және нейральді. Шығу тегi мезенхимдi еттi тiн. Оның структуралық өлшем бiрлiгi - тегіс салалы бұлшық ет жасушасы – миоцит. Оның ядролары таяқша тәрзді, жиырылғанда ядросы иiледi, тiптi шумақталады. Миоциттің Гольджи аппараты және эндоплазмалық торы нашар дамыған. Рибосомалары көп жағдайда бос орналасады. Актиндi миофиломенттерi цитоплазмада үш өлшемдi тор түзсе, ал миозиндi миофиломенттер ұзына бойы орналасқан. Әрбiр миоцит базальді мембранамен қоршалған. Онда көптеген ретикулярлы миобифриллдердi кездестiруге болады. Тегіс салалы бұлшық ет тiнi iшкi мүшелердiң қабырғалары мен қан және лимфа тамырларының қабырғаларында кездеседi.

Тегіс салалы бұлшық ет тiнiнiң физиологиялық регенерациясы жоғарғы функциялық жүктеме кезінде жақсы байқалады. Мұндай регенерация тiндiк деңгейден гөрi жасушалық деңгейде орындалады: миоциттер өседi, миофиламенттер саны өседі.

Шығу тегi эпидермальді еттi тiн. Оның негiзгi элементi терi эктодермасынан туындайтын миоэпителиалды жасушалар. Олар тер, сүт, жас және сiлекей бездерiнде орналасқан. Эпителидегi миоэпителиалды жасушаларды дәнекер тiнiнен базальді мембраналар бөлiп жатады. Миоэпителиалды жасушалардың көбі жұлдызша тәрiздi. Жасушалардың денесінде ядро және органеллалар, ал тармақтарында жиырылғыш аппарат орналасқан. Тармақтар жиырылып, бездердiң секреттер бөлуiне ықпал етедi.

Шығу тегі нейральді ет тiнi. Бұл тiннiң миоциттерi көз алмасының құрамындағы нейральді жасушалардан дамыған. Құрылысы бойынша ол жолақтанбаған миоциттер. Олардың тармақтарында жиырылғыш аппарат орналасақан. Миоциттер екі бұлшық етті түзеді - көз қарашығын ұлғайтатын және кiшiрейтетiн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]