Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista_ekzamen_shpora_alf-1.doc
Скачиваний:
401
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
675.33 Кб
Скачать

16. Имплантация, оның стадиялары. Адам имплантациясының ерекшелігі. Гаструляция. Ұрықтық гистогенез. Эмбрионалдық бастама жасушларының дифференцировкасының негізінде тіндердің пайда болуы

Имплантация – ұрықтың жатыр қабырғасына енуі, ол 7-ші тәулікте жүреді. Имплантацияда екі стадияны ажыратады: адгезия (жабысу) және инвазия (ену). Бірінші стадияда трофобласт жатыр қабырғасына жабысып, митоз арқылы цитотрофобласт пен симпластотрофобласт қабаттарына түрленеді. Цитотрофобласт - жасушалық құрылымын сақтап қалатын және бластоцельді қорғайтын ішкі қабат, ал симпластотрофобласт - жасушалары плазмалем- маларынан айырылып, біріккен ортақ цитоплазмалық массасында ядролары кездейсоқ орналасқан сыртқы қабат. Екінші стадия кезінде симпластотрофобласт протеолитикалық ферменттерді өндіріп, жатырдың шырышты қабығын бұзады. Бұл кезде трофобласт бүрлері жатырға еніп, бір ізділікпен эпителиді, дәнекер тінін және қан тамырларының қабырғасын теседі, нәтижесінде имплантациялық шұңқыр пайда болады. Трофобласт алғашында аналық тіннің ыдыраған материалын пайдаланады (қоректенудің гистиотрофты түрі), кейіннен ол тікелей ана қанымен қоректенеді (қоректенудің гемотрофты тип). Ана қанынан ұрық қоректі заттарды ғана алып қоймай, тыныс алуға қажет оттегіні де алады. Осы кезде жатырдың шырышты қабығында гликогендерге бай децидуальді жасушалар түзіледі. Ұрық толығымен имплантациялық шұңқырға батқан соң, шұңқыр қан және аналық тіннің бұзылған өнімдерімен толтырылады. Имплантациялық кезең ұрықтық дамудың алғашқы қатерлі кезеңі болып табылады.

Гаструляция

Гаструляция химиялық және морфогенетикалық өзгерістердің күрделі процесі. Бұл кезде жасушалар көбейеді, өседі, орын ауыстырады және дифференцировкаға ұшырайды. Нәтижесінде тіндер мен мүшелер бастамаларының, білікті мүшелер комлекстерінің шығу көзі - ұрықтық жапырақшалар пайда болады: сыртқы (эктодерма), ортаңғы (мезодерма) және ішкі (энтодерма).

Адамдарда гаструляция екі фазадан тұрады. Бірінші фаза 7-8-ші тәуліктерде, ал екінші фаза 14-15-ші тәуліктерде басталады. Бұл фазалардың арасындағы кезеңде ұрықтан тыс мүшелер қалыптасады.

Гаструляцияның бірінші фазасы деляминация (лат. lamina — табақша) тәсілімен жүреді. Бұл кезде екі ұрық жапырақшалары сыртқы – эпибласт (екіншілік эктодерма, мезодерма және хорда материалдарынан тұрады) және ішкі – гипобласт (ұрықтық және ұрықтан тыс энтодерма материалдарынан тұрады) түзіледі. Эпибласт кейінірек 8-ші тәулікте қалыптасатын амниондық көпіршікті түзеді.

Гипобласт қалыптаса бастаған сары уыз қапшығының үстіңгі қабырғасын түзеді. Деляминациянының артынша сыртқы және ішкі жапырақшалардан бластациста қуысына жасушалар көшеді. Олар бластоцистаның қуысына орналасып, ұрықтан тыс мезодерманы (мезенхима) қалыптастырады. 11-ші тәулікте жасушалар бластоцистаның қуысын толтырады. Мезенхима трофобласқа қарай өсіп, оған енеді де, осы кезде ұрықтың бүрлі қабығыхорион түзіледі.

Ұрықтан тыс мезодерма амниондық және сары уыз көпіршіктерін қалыптастыруға қатысады. Адамдарда сары уыз қапшығында сары уыз болмайды, ол сірлі сұйықтықпен толтырылған.

Гаструляцияның екінші фазасы жасушалардың көшу (иммиграция) тәсілімен жүреді. Ол 14-15 тәуліктен басталып 17-тәулікке дейін созылады. Эпибластағы жасушалар қарқынды бөлінеді. олар сыртқы және ішкі жапырақшалардың арасына орналасып, орталыққа қарай жылжиды. Жасушалық материалдың көшу процесі нәтижесінде алғашқы жолақ түзіледі. Алғашқы жолақтың бас жағы жуанданып алғашқы түйіншек пайда болады, одан хорда бастама алады. Хорда білікті қаңқаның қалыптасуына негіз болып табылады.

17 - тәулікте білікті мүшелердің қалыптасуы жалғасады. Бұл стадияда барлық үш ұрық жапырақшалары: эктодерма, мезодерма, энтодерма көрінеді.

20-21 тәуліктерде ұрық денесі ұрықтан тыс мүшелерден босап тұлғалық қатпарлар пайда болады. Кейінірек гистогенез және органогенез процестері жүреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]