Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista_ekzamen_shpora_alf-1.doc
Скачиваний:
401
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
675.33 Кб
Скачать

24.Көпқабатты эпителилер: көпқабатты жазық түленетін, көпқабатты жазық түленбейтін және көпқабатты ауыспалы эпителий. Көпқабатты эпителилердің шығуы, таралуы, қызметі мен құрылысындағы ерекшеліктері.

Көп қабатты жазық мүйізделген эпителий терінің бетін жауып, эпидермис түзеді. Эпидермисте мүйіздену процесі жүреді. Ол эпителиальді жасушалардың- кератиноциттердің мүйізді қабыршақтарға түрленуіне байланысты. Эпидермисте жасушалардың бірнеше қабаттарын ажыратады – базалді, үшкіл, түйіршікті, жылтырауық және мүйізделген.

Эпидермис қабаттарында жасушалардың негізгі бөлімін кератиноциттер құрайды. Кератиноциттердің цитоплазмасында тонофиламенттерді қалыптастыратын кератинді ақуыз синтезделеді. Эпидермисте кератиноциттерден басқа жасушалардың дифферондары – меланоциттер, макрофагтар, лимфоциттер болады. Меланоциттер меланин пигменті арқылы теріне ультрокүлгін сәулесінен қорғайды, макрофагтар қорғаныштық иммундық реакцияларға қатысады.

Эпидермистің мүйізді қабаты жазық кератиноциттерден – мүйізделген қабыршақтардан түзілген. Қабыршақтардың арасында липидтерге бай цементтеуші заттар бар. Ең үстіңгі мүйізделген қабыршақтар бір-бірімен байланыстарын жоғалтып, эпителий бетінен ұдайы түсіп отырады. Көбею, түрлену нәтижесінде оларды жаңа мүйізделген қабыршақтар алмастырып отырады. Физиологиялық регенерацияны құрайтын осы процестің арқасында эпидермисте кератиноциттер әрбір 3-4 аптада толығымен жаңарып отырады.

Көп қабатты жазық мүйізделмеген эпителий көздің қасаң қабығын сыртынан қаптайды, ауыз қуысын және өңешті астарлайды. Онда үш қабатты ажыратады: базальді, үшкіл, жазық. Базальді қабат базальді мембранада орналасқан призмалы эпителиоциттерден тұрады. Олардың арасында митоздық бөлінуге қабілетті бағаналы жасушалар бар. Үшкіл қабат пішіні көпбұрышты жасушалардан түзілген. Эпителидің жоғарғы қабаты жазық жасушалардан тұрады. Соңғылары өздерінің өмірлік циклдарын аяқтайды және эпителий бетінен түседі.

Ауыспалы эпителий. Эпителидің бұл түрі несеп шығару жолдарын - қатты созылатын мүшелерді астарлайды. Онда жасушалардың бірнеше– базальді, аралық және жамылғы қабаттарын ажыратады.

Базальді қабаты ұсақ камбиальді жасушалардан түзілген. Аралық қабатта пішіні полигональді жасушалар орналасқан. Жамылғы қабаты өте ірі, пішіні күмбез тәрізді жасушалардан тұрады.

Жамылғы эпителилердің регенерациясы

Жамылғы эпителиге сыртқы орта ұдайы әсерін тигізетіндіктен, эпителиалды жасушалар салыстырмалы түрде жылдам тозады және өледі. Оларды қалпына келтіретін эпителидің бағаналы жасушалары. Олар бөлінуге қабілетті. Көп қабатты эпителилерде бағаналы жасушалар базальді қабатта болады, көп қатарлы эпителилерде оларға базальді жасушалар жатады, бір қабатты эпителилерде олар белгілі бір аймақта орналасады: мысалы, жіңішке ішекте – крипта эпителиінде, асқазанда – шұңқырлар эпителиінде. Эпителидің физиологиялық регенерацияға жоғары қабілеттілігі патологиялық жағдай кезінде оның жылдам қалпына келуіне мүмкіндік туғызады.

Жасқа байланысты жамылғы эпителидің жаңару процесі байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]