Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista_ekzamen_shpora_alf-1.doc
Скачиваний:
401
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
675.33 Кб
Скачать

47.Көздің негізгі функциональдық аппараттары: диоптрикалық (жарықты сындыратын), және аккомодациялық

Көз алмасын үш функциялы аппаратқа ажыратады:

1) Диоптриялық аппарат, күн сәулесін сындырушы. Оған қасаң қабақ, көздің алдыңғы және артқы камера сұйықтығы, көз бұршағы, шыны тәрізді дене жатады.

Көздің ішкі ядросы.

Көздің ішкі ядросы мөлдір жарықсындырғыш орталардан: кескінді торлы қабықта құруға арналған шыны тәрізді денеден, көзбұршақтан және көздің тамырсыз түзілістерін қоректендіруге арналған, көз камераларын толтырып тұратын сулы ылғалдан тұрады.

А. Шыны тәрізді дене – corpus vitreum – көз алмасы қуысын торлы қабықтан ішке қарай толтырып тұрады. Ол іркілдек келген (желеге ұқсас), көзбұршақтың артында жататын мөлдір зат. Көзбұршақтың батып тұруы себепті шыны тәрізді дененің алдыңғы беткі жиектері арнаулы жалғама арқылы көзбұршақ капсуласымен қосылатын шұңқыр – fossa hyaloidea – түзеді.

Ә. Көзбұршақ – lens – көз алмасының тым маңызды жарықсындырғыш ортасы. Ол мүлде мөлдір және пішіні жасымық немесе қосдөңесті шыны тәрізді. Алдыңғы және артқы беттерінің орталық нүктелері полюстер – polus anterior et posterior – деп аталады. Ал көзбұршақтың екі бетінің бір-біріне ауысатын шеткі жиегіне экватор деген ат берілген. Алысқа қараған кезде , көзбұршактың екі полюсті қосатын білігінің ұзындығы 3,7 мм, ал аккомодация кезінде көзбұршақтың дөңестеу пішінге келгендегі ұзындығы 4,4 мм. Көзбұршақтың экватор жазықтығы оптикалық білікке тік бұрыш жасай тұрады,алдыңғы беті нұрлы қабықшаға, арткы беті шыны тәрізді денеге жанасып жатады.

Б. Көз камералары. Нұрлы кабыктың алдынғы беті мен мөлдір қабықтың артқы жағы арасындағы кеңістік көз алмасының алдыңғы камерасы – camera anterior bulbi – деп аталады. Камераның алдыңғы және артқы қабырғалары оның шеңбері бойымен, бір жағынан мөлдір қабықтың ақ қабыққа ауысатын жері, екінші жағынан, нұрлы қабықшаның цилиарлы жиегі түзетін бұрышта түйіседі. Бұл бұрыш – angulus iridocornealis – дәнекер жалғамалар (көпіршелер) торы арқылы дөңгелектенеді. Көпіршелер арасында саңылау тәрізді кеңістіктер жатады. Angulus iridocornealis камерадағы сұйықтың циркуляциясында үлкен роль атқарады, сұйық аталған кеңістіктер арқылы көршілес ақ қабық қабатында орналасқан веналық синусқа барады

12. Көздің аккомадациялық аппараты.

Аккомодациялық аппарат, көзді бейімдеуші аппарат. Оған кірпікшелі дене, нұрлы қабық, тамырлы қабық жатады.

Көз алмасының тамырлы қабығы – Tunica vasculosa – тамырларға бай, жұмсақ, пигменттерге орай қара түсті, дәл ақ қабықтың астында жатады. Онда үш бөлімді: меншікті тамырлы қабық, кірпікті дене және нұрлы қабықтын ажыратады.

1.Меншікті тамырлы қабық—choroidea – тамырлы қабықтың артқы, үлкен бөлімі болып табылады. Аккомодация кезінде – choroidea – ның үнемі жылжып тұратындығынан бұл жерде екі қабық арасында саңылау тәрізді лимфалық кеңістік – spalium perichoroideale түзіледі.

2.Кірпікті дене – corpusciliare – тамырлы қабықтың алдыңғы жуандағay бөлігі, циркулярлы буылтық түрінде ақ қабықтың мөлдір қабыққа ауысатын аймағында орналасады. Кірпікті дене кірпікті шеңбердің – ordiculus ciliaris – артқы жиегімен тікелей choroidea – мен жалғасады. Бұл жер торлы қабықтың ora serrata – сына сәйкес келеді. Кірпікті дене алдыңғы жағынан нұрлы қабықтың сыртқы жиегімен жалғасады. Corpus ciliare – нің, кірпікті шеңбердің алдында 70 – ке таяу жіңішке радиарлы орналасқан, ақшыл түсті кірпікті өсінділері – processus ciliares – болады.

3.Нұрлы қабық – iris – тамырлы қабықтың ең алдыңғы бөлігін құрайды және дөңгелек, қарашық – pupilla – деп аталатын тесігі бар, тік тұратын шеңбер тәрізді табақша. Қарашық оның дәл ортасында жатпайды, сәл мұрын жағына қарай ығысқан. Нұрлы қабық көзге келетін жарық мөлшерін реттейтін диафрагма қызметін атқарады, сол себепті қарашық күшті жарық түскенде жиырылып, жарық азайғанда кеңейеді. Өзінің сыртқы жиегі – margo ciliaris – арқылы нұрлы қабық кірпікті дене және ақ қабықпен байланысқан, ал қарашықты қоршап жатқан ішкі жиегі – margo pupillaris – бос жатады. Нұрлы қабықтың мөлдір қабыққа қараған алдыңғы бетін – facies posterior – ды ажыратады. Мөлдір қабық арқылы көрінетін алдыңғы бетінің бояуы әр адамда әр түрлі, адам көзінің түсі соған байланысты. Көздің түсі нұрлы қабықтың беткі қабаттарындағы пигменттің мөлшеріне қарай қалыптасады. Егер пигменткөп болса, көздің түсі қоңыр түстен (қой көз) қара түске дейін, егер пигмент қабаты нашар дамыса немесе тіпті болмаса, керісінше, аралас жасыл – сұрғылт және көгілдір реңдер пайда болады, бұл негізінен нұрлы қабықтың арт жағында орналасқан торлы қабық қара пигментінің мөлшеріне байланысты болады. Диафрагма ролін атқаратын нұрлы қабықтың тамаша қозғалғыш қасиеті бар, бұл оның құраушы бөліктерінің нәзік бейімбелгендігі және үйлесімділігі арқылы іске асады.

Мәселен, нұрлы қабықтың негізі – stroma iridis – тор тәрізді дәнекер тканьнен тұрады, оның ішінде шеттен қарашыққа қарай баратын тамырлар аралас орналасады. Бұл тамырлар құрамында серпінді элементтер бар. Олар (строманың дәнекер тканінде серпінді талшықтар болмайды) дәнекер тканьмен бірге оған көлемін оңай өзгертуге мүмкіндік беретін нұрлы қабықтың серпімді қанқасын түзеді.

Тамырлы қабықшаның нервтерінде сезімтал парасимпатикалық және симпатикалық талшықтар бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]