Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista_ekzamen_shpora_alf-1.doc
Скачиваний:
401
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
675.33 Кб
Скачать

27. Қан мен лимфаның формалық элементтері. Эритроциттер және лимфоциттер.Қан құрамындағы эритроциттер мен тромбоциттерге морфофункционалды сипаттама.

Қанның формалық элементтеріне эритроциттер (қанның қызыл түйіршігі), лейкоциттер (қанның ақ түйіршігі) және тромбоциттер (қанды табақшалар) жатады.

Эритроциттер – яросыз жасушалар. Оның негізгі қызметі – оттегі мен көмір қышқылын тасымалдау, яғни тыныс алу. Бұл қызметті арнайы тыныс салу пигменті - гемоглобин атқарады. Сонымен қоса эритроциттер амин қышқылдарын, антиденені, токсиндерді және бірқатар дәрі-дәрмектерді тасымалдайды. Әдетте гемоглобин ер адамдарда 130-160 г/л, ал әйел адамдарда 120-140 г/л.

Ер адамдарда эритроциттер 3,9 – 5,5х x1012/л, әйел адамдара 3,7 – 4,9х x1012 /л қан. Сау адамдарда эритроциттер мөлшері жасқа, эмоциялық және бұлшық еттік жүктемеге, экологиялық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Әйел жыныс гормондары эритроциттерді тежеуге қабілетті, сондықтан әйелдерде эритроциттер мөлшері аз.

Адамдарда қалыпты жағдайда эритроциттердің 80% дискоциттер құрайды. Электронды микроскоппен зерттеу барысында эритроциттердің басқа формалары – планоциттер, сфероциттер, стоматоциттер, эхиноциттер және т.б түрлері анықталды. Эритроциттердің қартаю процестерінің көрінуі олардың гемолизі болып саналады. Гемолиз деп эритроцит жасушаларының қабығы бұзылып, одан гемоглобиннің шығуын айтады. Гемолиздің әсерінен қанның тұтқырлығы айтарлықтай күшейеді де қан жүрісін қиындатады.

Ауруға шалдыққан кезде эритроциттердің аномальді түрлері пайда болуы мүмкін. Ол көбінесе гемоглобиннің құрылысының өзгеруіне байланысты. Молекулодағы тіпті бір амин қышқылының аусуы эритроциттің өзгеруіне себепші болады. Мұндай бұзылу процесін пойкилоцитоз деп атайды.

Адамдарда эритроциттер диаметрі 7,1 - ден 7,9 мкм-ге дейін. Бұлар нормоциттер, 8,0 мкм-ден үлкен болса, онда макроциттер, ал егер 6 мкм және одан кіші болса, онда микроциттер деп аталады. Эритроциттердің пішіндерінің өзгеруі анизоцитоз деп аталады.

Электрондық микроскоппен қарағанда эритроциттер плазмолеммасының қалыңдығы шамамен 20 нм. Оның жоғарғы бетінде фосфолипидтер, сиалин қышқылы, антигенді олигосахоридтер, ішкі бетінде – гликолитикалық ферменттер, натрий-және калий АТФ-аза, гликопротеиндер, гемоглобиндер орналасады.

Гликолипидтер мен гликопротеидтердің олисахаридтері гликокаликс түзеді. Олар эритроциттердің антигенді құрамын анықтайды. Бұл антигендер мен тиісті антиденелер қосылғанда эритроциттердің жабысуы – агглютинация жүреді.

Эритроцит цитоплазмасында шамамен 60% су және көбінше гемоглобиннен құралған 40% құрғақ қалдық болады. Бір эритроциттегі гемоглобиннің мөлшерін түстік көрсеткіш деп атайды. Электрондық микроскоппен қарағанда эритроцит гиалоплазмасында гемоглобин көптеген диаметрі 4-5 нм. тығыз түйіршіктер ретінде көрінеді. Гемоглобин – бұл күрделі пигмент, оның құрамында глобиннің 4 полипептидтік тізбегі және гем (құрамында темірі бар бояулы зат) болады. Гемоглобин өкпе қуысында оттегімен қосылып, оксигемоглобинге айналады. Оксигемоглобин қанмен тасымалданып тіндерге келгенде оңай ыдырайды. Нәтижесінде глобин мен О2 пайда болады. Босаған оттегі тіндердің жасушаларының тотығуына қатысады, ал глобин белогы тіндерде зат алмасуынан пайда болған көмір қышқылын қосып алып карбоксигемоглобинге айналады. Ол жеңіл ыдырайтын қосынды, қанмен өкпеге барып, көмірқышқыл газын босатады, глобинге қайтадан оттегі қосылады. Адамдарда гемоглобиндердің екі түрі – HbA (ересектерге тән), HbF (ұрықтарға тән) кездеседі. Бала туғанда HbF - 80%, ал HbА - 20% құрайды. Ересек адамдарда басым көпшілігін HbА (98%) және аз мөлшерін HbF (2%) құрайды. Эритроциттегі энергиялық алмасудың негізгі жолы – гликолиз. Бұл процесс кезінде АТФ және НАД-H2 түзілуі жүреді. Гликолиз энергиясы плазмолемма арқылы катиондардың активті тасымалдануын, эритроциттер мен қан плазмасындағы калий және натрий концентрациясының оптималдық сәйкестігінің сақталуын, сондайақ эритроциттердің мембранасының бүтіндігін жіне пішінінің сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті. Гемоглобинде темірдің болуы оған сары түс, ал эритроцит көп мөлшерде қанға қызыл түс береді. Қан препаратын бояу барысында ересек эритроциттер оксифильді болады. Ересек эритроциттер мен қатар 1-5% жас эритроциттер де кездеседі. Олар қышқыл және негізгі бояулармен боялуға қабілетті немесе полихроматофильді. Суправитальді бояу кезінде олардың цитоплазмасында түйіршікті - торлы құрылым (erythrocytus reticulatus) көрінеді. Осыған байланысты жас эритроциттерді ретикулоциттер деп аталады. Электрондық микроскопиялауда түйіршікті - торлы құрылым құрамында эндоплазмалық тор, рРНҚ, рибосомалар мен митохондриялары бар қалдық органеллалардан түзілетіні көрінеді.

Эритроциттер шамамен 120 тәулік өмір сүреді. Организмде күнделікті шамамен 200 млн. эритроциттер бұзылады.

Тромбоциттер (қанды пластинка). Олар домалақ немесе сопақша болып келген түссіз денешіктер. Бұл қанды пластинкалар цитоплазмасында ядросы жоқ мегакариоциттер. Олардың саны 1л қанда 200-300х109. Әрбір пластинка оның негізі гиаломерден және грануломер түйіршіктерінен тұрады. Электрондық микроскоппен қарағанда грануломерде мембранамен қоршалған диаметрі шамамен 0,2 мкм тығыз түйіршіктер көрінеді. Сонымен қоса, онда митохондриялар мен гликоген түйіршіктері болады. Гиаломерде түйіршіктер болмайды, электрондық микроскоптың үлкен ұлғайтқышымен қарағанда жұқа филаменттер көрінеді. Романовский – Гимза тәсілімен бояған кезде қанды пластинканың 5 түрін ажыратады: 1) жас, құрамында базофильді гиаломерлері және аздаған азурофильді түйіршіктерімен; 2) жетілген, әлсіз оксофильді гиаломерлерімен және көптеген азурофильді түйіршіктерімен; 3) кәрі, неғұрлым күңгірт, қою-күлгін түйіршіктермен, 4) дегенеративті, сұр-көк гиаломерлері және сұр-күлгін түйіршіктерімен, 5) алып, қалыптылардан 2-3 есе артады, алқызыл-көкшіл гиаломермен және күлгін түйіршіктерімен.

Тромбоциттер қан ұю процессіне қатысады. Қанның ұю процесі кезінде қан пластинкалары әр түрлі заттар (фосфолипидтерді, липопротеидтерді және т.б) мен әр түрлі ферменттерді бөледі.

Қан пластинкаларының өмір тіршілігі шамамен 5-8 күн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]