Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metrologia_shpor.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
129.14 Кб
Скачать

21. Халықаралық, мемлекеттік эталондар.

Эталон — деп бұл басқа өлшем құралдарына мөлшерді беру мақсатымен шама бірліктерін сақтау жəне жаңғыртуға арналған жоғары дəлдікті өлшем. Эталоннан шама бірліктер дəрежелік эталонға беріледі, ал одан жұмыс өлшеу құралдарына беріледі.

Бастапқы эталон — деп бұл берілген өлшем аумағында қазіргі жағдайдағы ғылыми-техникалық жетістіктерін қолданып физикалық шама бірлігін жоғары дəлдікте беретін эталон. Бастапқы эталон ұлттық (мемлекеттік) жəне халықаралық болу мүмкін.

Ұлттық эталонды елдін метрология бойынша ұлттық ұйымдарында бастапқы өлшеу құрал ретінде бекітеді. Ресейде ұлттық (мемлекеттік) эталондарды РФ Мемлекеттік стандарты бекітеді.

Халықаралық эталондарды Халықаралық өлшем жəне салмақ бюросында (ХӨСБ) сақталады жəне қарастырады.

ХӨСБ əрекетінің маңызды міндеті халықаралық эталондары мен əртүрлі елдердің ірі метрологиялық зертханаларында ұлттық эталондарын жүйелік халықаралық сәйкестендіру, сондай-ақ бір-бірімен сәйкестендіру.Ол халықаралық экономикалық байланыстардың шарттардың бірі ретінде өлшемнің дұрыстығын, дəлділігін жəне бірлігін қамтамасыз етуге қажет. Сәйкестендіруге СИ жүйесінің негізгі шамалармен қоса, сондай-ақ туынды шамалардың эталондары да жатады.

Сәйкестендірудің белгілі кезеңдері белгіленген. Мысалы, метр жəне килограмның эталондарын сәйкестендіру əр 25 жыл сайын, ал электр жəне жарық эталондарын – үш жылда бір рет.

Физикалық шамалардың халықаралық бірлік эталондары Халықаралық шама жəне салмақ бюросында (ХСШБ) сақталады.

Халықаралық заттық шама-эталондарына килограмның прототипі платиндік-иридиялық кір тасы кіреді. Бірақ сондай заттық эталондары бұзылу жəне уақытқа сай өзгеру мүмкін. Сондықтан метрологтар таза заттардың қасиеттерін немесе табиғи дене жəне құбылыстарын қолданып, физикалық шамаларының бірлігін жаңғырту əдістерін табуға əрдайым ұмтылады.

Эталондарды сақтауы күрделі метрологиялық кешенді жұмыстар болып табылады. Бір жағынан, эталонның сақталуын жоғары деңгейде қамтамасыз ету, екіншіден – эталоннан бірліктер шамасы жан-жақтағы аумақтарда қолдану үшін қажетті дəлдігімен берілуі тиісті.

Мемлекеттік эталондары Мемлекеттік стандарт комитетімен бекітіледі жəне мемлекеттік эталондардың орталығы немесе бас орталығы болатын елдің метрологиялық институттарында сақталады.

Халықаралық СИ жүйе бірлігінің негізгі бірліктерін жаңғыртуы мемлекеттік эталондардың көмегімен, яғни орталықтандырылған тəртіппен іске асырылады.

Орталықтандырылған жаңғырту əдісі СИ жүйесінің көп деген ең маңызды туынды бірліктеріне (ньютон, джоуль, паскаль, ом, вольт, генри, вебер жəне т.с.с.) қолданылады.

Децентрализацияланған жаңғырту əдісі мөлшерлер эталондармен тура салыстыруға келмейтін туынды бірліктерге қолданылады, мысалы, аудан бірлігі үшін (метр квадраты немесе шаршы метр) немесе шаманы тексеру кезде, оларды эталондармен салыстырғанда жанама өлшемдер арқылы ыңғайлы, немесе қажетті дəлдігі қамтамасыз етіліп тұрған кезде, мысалы, сыйымдылық жəне көлемдік шама үшін (үшінші дəрежелік метр).

Мемлекеттік эталондардың екі түрі бар: өлшемнің бірлігін жоғарғы дəлдікке сəйкес жаңғырта алатын – бастапқы жəне арнайы.

Бастапқы эталонның мысалы ретінде салмақтың бірлігі килограмды жаңғыртуға арналған өлшеу құралдардың кешені болып табылады.

Арнайы эталондар бастапқы эталоннан бірлік шамаларын тікелей алуға техникалық талап етілетін дәлдікпен жүзеге аспайтын жағдайлардағы бірліктерді жаңғыртады. (жоғары жəне өте жоғары жиілігі, энергия, қысым, температура, заттардың ерекше күйі жəне т.с.с.)

Арнайы эталон – ерекше жағдайларда бірліктерді жаңғырту жəне осындай жағдайларда бастапқы эталондарды алмастыруды қамтамасыз ететін эталон.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]