Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metrologia_shpor.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
129.14 Кб
Скачать

13Өлшеу құралдарының түрлері және сипаттамалары.

Өлшеу құралдарының түрлері:

  • Шама мөлшерлері;

  • Өлшеу приборы;

  • Өлшегіш түрлендіргіштер;

  • Өлшеу қондырғысы;

  • Өлшеу жүйесі;

  • Стандартты үлгілер;

  • Өлшеу машиналары.

  • Шама мөлшерлері – бір немесе бірнеше берілген размерлі физикалық шамаларды сақтай және қайта жаңғырта алатын өлшеу құралдары. Мөлшерлер бірмәнді, көпмәнді және мөлшерлердің жиынтығы түрінде болады.

  • Өлшегіш түрлендіргіштер – өлшенетін шаманы басқа шамаға немесе өңдеу, сақтау, ары қарай түрлендіру үшін ыңғайлы өлшеу информациясының сигналына түрлендіру үшін қолданылатын ӨҚ.

  • Өлшеу приборы – өлшенетін физикалық шаманың мәндерін орнатылған диапазонда алу үшін қолданылатын ӨҚ.

  • Өлшеу қондырғысы – бір жерде орналасқан және бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеу үшін қолданылатын өлшеу құралдарының функциональды біріккен жиынтығы.

  • Өлшеу жүйесі – әр жерде орналасқан және бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеу үшін қолданылатын өлшеу құралдарының функциональды біріккен жиынтығы.

  • Өлшеу машинасы – бұйымды сипаттайтын физикалық шамалардың дәлдігін өлшеуге арналған ірі размерлі өлшеу қондырғысы.

14.Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары

Өлшеу құралдары – бұл нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, өлшеуге қолданылатын техникалық құралдар. ӨҚ екі функциялардың біреуін іске асыратын әр түрлі сындарлы құрылғыларды біріктіретін, жалпыланған түсінік.

Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары

  • Шкала бөлігінің құны;

  • Өлшеу диапазоны;

  • Сезімталдық;

  • Өлшеу құралдарының қателігі;

  • Өлшеу құралдарының класс дәлдігі;

  • Шама бөлігінің құны – өлшеу құралдарының шкалаларының екі көршілес белгілеріне сәйкес шама мәндерінің айырымы.

  • Өлшеу диапазоны - өлшеу құралдарының қателіктерінің жіберілген шектері нормаланған шектегі шама мәндерінің облысы.

  • Сезімталдық - өлшеу құралдарынан шыққан сигналдың өзгерісінің, оны туғызған өлшенетін шаманың өзгерісіне қатынасы.=

- ӨҚ-нан шыққан сигналдың өзгерісі

Метрологиялық практикада өте көп қолданылатын ұғым - өлшеу дәлдігі.

  • Өлшеу құралдарының өлшеу дәлдігі – алынған нәтижелердің өлшенетін шаманың нақты (шын) мәніне жақындығын көрсететін өлшеудің сапасы. Өлшеу құралдарының өлшеу дәлдігі оның қателігімен анықталады.

  • Өлшеу құралдарының қателігі – алынған нәтижелер мен өлшенетін шаманың нақты (шын) мәндерінің айырымы. Нақты мәндерге эталондық өлшеу құралдарының көрсетулері алынады.

Өлшеу құралдарының қателіктері былай жіктеледі:

  • өрнектеу тәсілі бойынша – абсолюттік, салыстырмалы;

  • туындау сипаты бойынша – жүйелік, кездейсоқ.

Өлшеу құралдарының класс дәлдігі – жіберілген қателіктердің шектерімен, сонымен қатар дәлдікке әсер ететін басқа да сипаттамалармен өрнектелетін жиынтық сипаттама.

Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етудің техникалық негіздерінің бірі – шама бірліктерінің ұлттық эталондары.

15. Өлшеудің қателіктері. Пайда болу сипаты бойынша түрлері.

«Қателік» түсінігін енгізу физикалық шамамен және өлшеу нәтижелерімен өлшенетін нақты және шын мәндер түсініктерімен байланысты.

Физикалық шаманың нақты мәні – бұл сандық та, сапалық та жағынан осы нысанның қасиетін көрсететін мән.

«Физикалық шаманың шын мәні» - нақты мәнге соншалықты жақын келетін және экспериментальды түрде табылған мән, осы мақсат үшін ол оның орнына қолданылуы мүмкін.

Өлшеу нәтижесі өлшеу жолымен табылған шаманың нақты мәнінің жуықталған бағасын білдіреді.

«Қателік» түсінігі – «өлшеу нәтижесінің қателігі» және «өлшеу құралдарының қателігі» түсініктері пайдаланылатын метрологиядағы негізгілерінің бірі.

Сонымен, өлшеу нәтижелерінің қателігі – бұл Х өлшеу нәтижелері мен өлшенетін шаманың Q нақты мәні (немесе дұрыс) мәні арасындағы айырмашылық: Δ=X-Q.

Өлшеу құралдарының қателігі – ӨҚ көрсеткіштері мен өлшенетін физикалық шаманың нақты (немесе шын) мәндері арасындағы айырмашылық. Осы қателік осындай құралмен жүргізілген өлшеу нәтижелерінің дәлдігін көрсетеді.

Қателіктің пайда болу сипаты бойынша оларкездейсоқ, жүйелік, ұдаушы және өрескел (қателер).

Кездейсоқ қателіктер – бірдей жағдайда бірдей мұқияттылықпен жүргізілген физикалық шаманың тура сол мөлшерін қайталап өлшеулер сериясындағы кездейсоқ түрде (белгісі және мәні бойынша) өзгеретін өлшеу қателіктерін құрайды.

Жүйелі қателік – бір физикалық шаманы қайталап өлшеген кезде заңды түрде өзгеретін және тұрақты түрде қалатын өлшеу қателіктерін құрайды.

Олардың өзгешелік белгісі, олар болжанған, анықталған және осының арқасында тиісті түзетуді енгізумен толығымен жойылуы мүмкін.

Ұдаушы (дрейфтік) қателік- бұл уақыт аралығында баяу өзгеретін болжанбайтын қателік.

Ұдаушы қателік – стационарлық емес кездейсоқ үдерістің ағымдағы математикалық күтудің уақыт аралығындағы тұрақсыздығы салдарынан да, оның дисперсиясы немесе үлестіру заңдылығы түрінде уақыт аралығындағы өзгерісі салдарынан туындауы мүмкін.

Өрескел қателіктер (қате) –осы қатардың қалған нәтижелерінен осы жағдай үшін күрт өзгешеленетін бірқатар өлшеулер кіретін жеке бақылау нәтижесіндегі кездейсоқ қателік.

Өрнектеу тәсілі бойынша абсолюттік, салыстырмалы және келтірілген қателіктер деп бөлінеді. Туындау себептеріне қарай инструментальдық, әдістік және субъективті қателіктер деп бөледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]