Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metrologia_shpor.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
129.14 Кб
Скачать

24.Өлшеу құралдарын сенімдеу. Сенімдеу әдістері.

Сенімдеу мемлекеттік метрологиялық қызмет ретінде жүзеге асады.

Өлшеу құралдарын сенімдеу өлшеу құралдарын орнатылған техникалық талаптармен сәйкес анықтау және бекіту мақсатында жүргізілген әрекеттердің жиынтығы.

Сенімдеу нәтижесі бойынша өлшеу құралдарды таниды немесе қолдануға жарамды болады немесе бракқа кетеді.

Қолдану жарамдылығын сенімдеу аралық интервалдарында ғана мойындайды, яғни сенімдеу – сенімдеу бойынша талап етілген нормативті құжаттардың талабына сәйкес орнатылған жағдайда өлшеу құралдарына оның метрологиялық және техникалық талаптарының сәйкестігін бекітеді.

Түзетусіз қолдану үшін арналған өлшеу құралдарын сенімдеу кезде олардың метрологиялық сипаттамасы орнатылған шектен шығып кетпеуін, жіберетін мәннен асып кетпеуін анықтайды.

Ескертумен түзетулерге арналған өлшеу құралдарын сенімдеу кезде олардың көрсеткішіне міндетті түрде қателіктердің мәнін анықтау қажет.

Сенімдеу процесінің жұмысы көп, және де сенімдеу кезде қолданылатын эталондардың қателігін ескеру қажет.

Сенімдеу эталондардан бірлік мөлшерін жұмысшы өлшеу құралдарына беру процестерінің қатары болып табылады. Эталондармен байланыс өлшеу тұтастығының қажеттілік шарты б.т.

Сенімдеу әдістерінің келесі түрлері бар:

а) тікелей сәйкестендіру;

б) салыстыру (компарирование);

в) эталондық шама бойынша сенімдеу;

г) өлшеумен жаңғыртылған шамаларды сенімделетін өлшеу құралдарымен өлшеу.

Күрделі өлшеу құралдары кешенді және элементтер бойынша сенімдеу болып бөлінеді.

Салыстыру (компаратор) аспаптарын қолданусыз ұзындықтың штрихтық өлшемдерін, сыйымдылық өлшемдерін, термометрлерді эталондардың көрсеткіші мен сенімделетін өлшеу құралдарын тек тікелей сәйкестендіру жолымен сенімдеу мүмкін.

Сенімдеудің бұл әдісі дәлдігі аз өлшеу құралдарына қолданады.

Сенімдеу принципі – тек бір шаманы ғана эталонмен және сенімделетін өлшеу құраладарымен бірмезгілде өлшеу. Бұл жерде ең маңыздысы нақты тек бір ғана шама өлшену керек.

Салыстыру аспаптардың көмегімен шамаларды сенімдеу компарарлық құрылғылардың көмегімен шамаларды эталондармен сәйкестендіру.

Компаратор - біртекті шамалардың өлшемін сәйкестендіруге арналған салыстыру құралы.

Сенімдеудің дәлдігі салыстыру аспаптарының метрологиялық сипаттамасына байланысты:

  • Әртүрлі разрядтағы эталондардың салмағы (гір тасын сенімдеу кезінде);

  • Тұрақты және айнымалы тоқтардың көпірлері (кедергі, индуктивтілік, сыйымдылық өлшемдерін сәйкестендіру кезінде);

  • Потенциометр (кедергі, қалыпты элемент ЭҚК өлшемдерін сәйкестендіру кезінде) және т.б.

Салыстыру аспаптардың метрологиялық сипаттамаларының бірі – олардың сезгіштігі.

Компаратор соншалықты сезгіш болуы қажет, яғни оның көмегімен эталондық өлшемдердің қателік мәндерінен асып кетпейтіндей өлшенетін шаманың өзгерісін табу қажет.

кем ауытқымауын талап етеді.

Екіншіден, салыстыру аспаптарының конструкция элементтері орнықты болуы қажет (Мысалы, таразылардың иықтарының теңесуі орнықты болуы қажет).

Иықтарын теңестіру мүмкін емес, сондықтан да иықтарының теңсіздігін болдырмайтын әртүрлі өлшеу әдістері (Менделеев, Борда әдістері) қолданылады.

Эталондық өлшем бойынша өлшеу құралдарын сенімдеу эталондық өлшеммен жаңғыртылатын шамаларды сенімделетін өлшеу құралдарымен өлшеу болып табылады. (эталондық гір тасының көмегімен циферблатты таразыларды сенімдеу).

Жоғарыда аталған барлық әдістер кешенді болып табылады, яғни өлшеу құралдары барлық құрама бөлімдерімен толық кешенді түрде сенімделеді. Бұл жағдайда сенімдеу дәлдігі еш күмән тудырмайды.

Кейбір жағдайларда сенімдеу элементтер бойынша жүргізіледі.

Элементтер бойынша сенімдеу әр бөлшектерінің қателіктері бойынша өлшеу құралдарының қателіктерін анықтау болып табылады.

Сенімдеудің мұндай әдісі өлшеу құралдары әр бөлшектерінің өзара әсерлесу заңдылығы нақты белгілі болса және оның көрсеткішіне сырттан әсер болмаған жағдайда мүмкін болады.

Кешенді әдістің жұмысы қиын болса немесе эталондық өлшемдерді таңдау күрделі болса, элементтер бойынша сенімдеуге сүйенеді.

Көп жағдайда элементтер бойынша сенімдеуді кешенді сенімдеумен үйлестіріп жүргізеді (манометрді жүк поршенді эталондармен сәйкестендіруден басқа, жүк поршенді манометрлерді сенімдеген кезде жүктердің массасын бөлек анықтайды).

Салыстырудың өлшеу аспаптары (компараторлар) эталондық өлшемсіз бөлек өлшеуге жарамсыз б.т. Бірақ олар өлшеу құралдары ретінде қарастырылады және сенімдеуге жатады. Компараторларды сенімдеу кезде оларды қолданғанда әртүрлі жағдайларда өлшеудің нәтижесіне енгізе алатын қателіктер бағаланады. Салыстыру аспаптарын сенімдеу элементтер бойынша жиі іске асады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]