Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metrologia_shpor.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
129.14 Кб
Скачать

20.Екінші эталондарды жасау негіздемелері және оның түрлері.

Эталон — деп бұл басқа өлшем құралдарына мөлшерді беру мақсатымен шама бірліктерін сақтау жəне жаңғыртуға арналған жоғары дəлдікті өлшем. Эталоннан шама бірліктер дəрежелік эталонға беріледі, ал одан жұмыс өлшеу құралдарына беріледі.

Метрологиялық тəжірибеде мəні бастапқы эталон бойынша белгіленетін екінші эталоны кең тараған.

Екінші эталондарды жасау негіздемелері

  • Алғашқы эталондарды алдын-ала тозудан сақтау мақсатында;

  • Сенімдеу жұмыстарды рационалды ұйымдастыру;

  • Эталондарды сәйкестендіруді қамтамасыз ету;

  • Алғашқы эталондардың жаңғыртқан бірліктердің шамасын өзгермеуін бақылау;

Екінші эталонның мысалы ретінде №26 платино-иридииялық гирі түрінде салмақтың бірлік килограмның эталон-көшірмесі жəне тот баспайтын болаттан жасалған килограмның жұмыс эталоны қызметі етеді.

Өзінің метрологиялық міндеті бойынша екінші эталондар келесі түрлерге бөлінеді:

- көшірме эталондар;

- салыстыру эталондар;

- куəгер эталондар;

- жұмыс эталондар.

Көшірме эталоны жұмыс эталондарға бірлік мөлшерін беруге арналған екінші эталоны болып табылады. Ол əрдайым мемлекеттік эталонның физикалық көшірмесі бола алмайды.

Салыстыру эталондары бір-бірімен қандай бір себептермен тікелей сәйкестендіре алмайтын эталондарды өзара сәйкестендіру үшін қолданатын екінші эталон.

Куəгер эталон – бұл мемлекеттік эталондардың сақталуын тексеру жəне бүлініп немесе жоғалған жағдайда ауыстыруға арналған екінші эталон.

Жұмыс эталон үлгілі жоғары дəлдікті өлшеу құралдарына жəне қажетті жағдайда ең дəл жұмыс өлшеу құралдарына бірлік мөлшерін беру үшін қолданылатын екінші эталон.

Екінші эталондары жеке эталон, топтық эталон немесе эталондық жиынтық кешенді өлшеу құрал түрінде іске асырылады.

Жеке эталон бір типті басқа өлшеу құралдардың қатыссыз өзі бірліктердің жаңғыртуды немесе сақтауды қамтамасыз ететін, бір өлшеу аспаптан немесе бір өлшеу қондырғыдан жəне бір шамадан турады.

Жеке эталондардың мысалы ретінде салмақ бірліктің екінші эталон – платино-иридиялық жəне болат гирі түріндегі килограм қызмет етеді.

Топтық эталон бірлікті сақтау сенімділігін жоғарлату үшін өлшеу аспаптар немесе басқа өлшеу құралдар қолданатын, бір типті шамалардың жиынтығынан құрылады.

Топтық эталонда сақталатын бірлік мөлшері топтық эталонның құрамына кіретін жеке шамалар жəне өлшеу аспаптар мен жаңғыртылатын шамалардың арифметикалық орташа мəні мен анықталады.

Топтық эталонға кіретін жеке шамалар мен өлшеу аспаптарды жеке жұмыс эталон ретінде қолданады, егер олар бірлікті сақтау шарты бойынша мүмкін болса.

Топтық эталондардың тұрақты жəне ауысмалы құрамдары болады. Топтық эталонның ауысмалы құрамына мезгілінде жаңаға ауыстырып тұратын шамалар жəне өлшеу аспаптар кіреді.

Эталондық жиынтығы өлшенетін шамалардың əртүрлі мəндерге немесе əртүрлі аймақтағы мəндерге арналған бөлек өлшемдер немесе өлшеу аспаптардың жиынтығы мен белгілі бір диапазонда шаманы өлшеу немесе бірлікті сақтай алатын өлшеу аспаптардың жиынтығы немесе өлшем жиынтық түрінде болатын эталон болып табылады.

Топтық эталондардың эталондық жиынтығы тұрақты жəне ауысмалы құрамында болу мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]