Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metrologia_shpor.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
129.14 Кб
Скачать

10 Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың негізгі міндеттері

Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың

негізгі міндеттері:

  • ҚР-ға әкелінетін өнімдердің нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына және сертификаттау ережелеріне сәйкестігіне тексеру жүргізу;

  • Өнімді өндіру кезеңінде нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына тексеру жүргізу;

  • Тұрғындарға қызмет көрсетуде және жұмыс жүргізуде нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сәйкестігіне тексеру жүргізу;

  • Аккредиттелген сынау зертханаларының және сертификаттау органдарының қызметіне тексеру жүргізу;

  • Аккредиттелмеген зертханаларда өнімдерге сынау жүргізуде нормативтік құжаттар талаптарының, метрологиялық ережелердің сақталуына және ӨҚ – ның жағдайына тексеру жүргізу;

  • Сертификаттау ережелерінің және нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының бұзылуын анықтау бойынша жекелей және көтерме саудамен айналысатын өндірістерге рейд жүргізіп тұру;

  • Аккредиттеу және аттестаттау алдында сынау зертханаларына, сертификаттау органдарына тексеру жүргізуге қатысу;

  • Қолдану мен өндіруге жарамсыз болып табылған өнімдер мен тауарларды қайта өңдеу немесе жою жұмыстары бойынша комиссияларға қатысу.

11Өлшеу құралдары. Метрологиялық, жұмысшы өлшеу құралдары.

Өлшеу құралдары – бұл нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, өлшеуге қолданылатын техникалық құралдар. ӨҚ екі функциялардың біреуін іске асыратын әр түрлі сындарлы құрылғыларды біріктіретін, жалпыланған түсінік болып табылады:

  • Берілген мөлшердің шамасын жаңғыртады, мысалы – гир тасы, кернеу, сызғыш;

  • Олар өлшейтін шаманың мәні туралы ақпаратты тасымалдайтын сигналды әзірлейді. Өлшеу құралдарының көрсеткіштері адамның сезім органдарымен тікелей қабылданады. (мысалы, бағдарлы немесе сандық аспаптардың көрсеткіші), не болмаса адам оларды қабылдай алмайды және басқа ӨҚ-мен өзгерту үшін пайдаланады.

Өлшеудің тұтастығын қамтамасыздандыру жүйесінде орындалатын рөлі бойынша ӨҚ мыналарға бөлінеді:

  • Метрологиялық (үлгілік), олар метрологиялық мақсаттарға арналған – бірліктерді жаңғырту және оны сақтау немесе бірліктер мөлшерін жұмысшы өлшеу құралдарына беру.

  • Жұмысшы, бірліктер мөлшерін берумен байланысты емес өлшемдер үшін қолданылады.

12Стандартталған, стандартталмаған, негізгі және қосалқы өлшеу құралдары.

Өлшеу құралдары стандарттау деңгейі бойынша мыналарға бөлінеді:

  • Стандартталған, мемлекеттік немесе салалық стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалған;

  • Стандартталмаған (бірегей), стандарттау талаптарына қажеттілігі жоқ арнайы өлшеу тапсырмаларын шешу үшін арналған.

ӨҚ-ң негізгі массасы стандартталған б.т. Олар сериялы түрде кәсіпорындармен шығарылады және міндетті түрде мемлекеттік сынақтан өткізіледі.

Стандартты емес құралдар мемл. сынақтан өткізілмейді, олардың сипаты метрол-қ аттестациялау кезінде айқындалады.

ӨҚ өлшенетін физикалық шамаға қатысы бойынша мыналарға бөлінеді:

  • Негізгі – бұл өлшеу тапсырмасына сәйкес мәнін алу үшін қажетті, сол физикалық шаманың өлшеу құралы;

  • Қосалқы – бұл өлшеу нысаны немесе негізгі өлшеу құралына әсер ететін талап етілген дәлдікті өлшеудің нәтижелерін алу үшін қажетті сол физикалық шаманың өлшеу құралы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]