Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metrologia_shpor.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
129.14 Кб
Скачать

29.Өлшеу құралдарын калибрлеу.

Сенімдеуге жатпайтын өлшеу құралдары өндірістен, жөндеуден шыққанда, импорт бойнынша келгенде, өндірушілермен немесе осы өлшеу құрал тұтынушымен анықталатын қатарды іске қосу кезінде калибрленеді.

ҚР-ң өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі өлшеу тұтастығын қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік жүйенің бір бөлігі блып табылады.

Калибрлеу жүйесі – өлшеу тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған және ұйымдарға орнатылған талаптар жүйесі және өлшеу құралдарын калибрлеу жүргізу негізінде жүзеге асатын калибрлеу жұмыстарының және қызмет субъектілерінің жиынтығы.

ҚР-ң калибрлеу жүйесіндегі негізгі қызметтер:

  • Калибрлеу облысында заңды тұлғалардың біліктілігін бағалау мақсатында олардың метрологиялық қызметін аккредиттеу;

  • Өлшеу құралдарын калибрлеу;

  • Калибрлеу зертханасы қызметін бақылау;

  • ҚР калибрлеу жүйесінің ережелері мен негізгі принциптерін орнату.

Өлшеу құралдарын калибрлеу - шынайы метрологиялық сипаттамасын орнату немесе мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жатпайтын өлшеу құралдарының жарамдылығын орнату мақсатында берілген өлшеу құралдарының көмегімен алынған шамалардың мәндері мен эталон көмегімен анықталған шамалардың сәйкес мәндері арасындағы қатынас орнататын іс-әрекеттер жиынтығы.

Калибрлеуді кім жүргізеді?

Өлшеу құралдарын калибрлеуге, орнатылған тәртіппен аккредиттелген, заңды тұлғалардың метрологиялық қызмет бөлімшелерінің құқы бар.

Аккредиттелу ерікті түрде жүргізіледі.

Калибрлеу зертханаларының заңды тұлғалық статусы немесе заңды тұлғалық бөлімшесі болуы қажет және де келесі талаптарға жауап беруі қажет:

• Өлшеу құралдарын калибрлеу кезінде өзіндік шешім қабылдауға сәйкес құқы болуы қажет;

• Сәйкес міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін метрологиялық қызметі болуы қажет;

• Калибрлеу шартына сәйкес ғимарат болуы қажет;

• ӨҚ-н калибрлеу үшін қажетті сәйкес техникалық база болуы қажет;

• Ұйымды және калибрлеу жүргізу тәртібін регламенттейтін нормативті құжаттары болуы қажет;

• Калибрлеу жұмысы сапасының құжатталаған жүйесі болуы қажет.

Калибрлеу зертханасында калибрлеуді кім және қалай жүргізеді?

Калибрлеу зертханасында ӨҚ-н калибрлеуді профессиональды дайындығы және мамандығы бар, яғни сәйкес курстарды бітіргені туралы растайтын құжаттамалары бар тұлғалар жүргізеді.

ӨҚ-н калибрлеу шама бірліктерінің мемлекеттік эталонына бағынатын калибрлеу құралдарын қолдана отырып калибрлеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

Калибрлеу әдістемесін кім дайындайды?

Калибрлеу әдістемесін заңды тұлғалардың метрологиялық қызметі – өндірушілер, ӨҚ-ң иегерлері немесе қолданушылар, немесе олардың тапсырысы бойынша басқа заңды тұлғалардың метрологиялық қызметі дайындайды.

Әдістемелер міндетті түрде тапсырушылармен келісіледі.

Калибрлеу әдістемесін дайындаудан бұрын ӨҚ сенімдеу бойынша сәйкес нормативті құжаттарды қолдануға рұқсат етіледі.

ӨҚ-н калибрлеу аралық интервалын ӨҚ-н іске қосу кезінде тұтынушының өзі орнатады.

Қажет болған жағдайда калибрлеу нәтижесі бойынша калибрлеу хаттамасы рәсімделеді.

Калибрлеу нәтижесі бойынша ӨҚ-н қолдануға жарамды болса, онда оған калибрлеу белгісі қойылады немессе калибрлеу туралы сертификат рәсімделеді.

Заңды немесе жеке тұлға жақтан калибрленген ӨҚ-на калибрлеу сертификатын рәсімдеу міндетті.

Заңды немесе жеке тұлға жақтан калибрлеуге ұсынылған ӨҚ-н жарамсыздығын орнатқан жағдайда тапсырушыға міндетті түрде калибрлеу зертханасының басшысы мен орныдаушыларының қолы бар калибрлеу хаттамасы беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]