Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metrologia_shpor.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
129.14 Кб
Скачать

5. Қазақстан Республикасының «өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы.

Осы Заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарын реттейді және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, әрі Қазақстан Республикасының экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған.

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.       2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.       Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органдарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

4-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн және экономикасын өлшемнiң терiс нәтижелерi салдарынан қорғау;

2) отандық және импортталатын өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың) және көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету;

3) материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiнiң дұрыс есебiн қамтамасыз ету;

4) iргелi зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету;

5) диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезiнде сенiмдi өлшем нәтижелерiн қамтамасыз ету.

5-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк                басқару

1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы жүзеге асырады.      

6Метрологиялық қамтамасыз ету қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы. Метрологияның экономикалық базасы.

Метрологиялық қамтамасыз ету қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы:

1. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;

2. Техникалық реттеу және метрология бойынша комитет;

3. «Қазақ метрология институты» РМК метрологиялық қызмет. Қазақстанда 1923 жылы құрылған. Бұл Семейдегі шағын метрология зертханасы болатын.

Метрологияның заңнамалық базасы – бұл «Әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы» ҚР-ның кодексі, 2000 жылы 7 маусымда қабылданған Өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы ҚР-ның заңы.

Метрологияның экономикалық базасы.

Мемлекеттің қаражатына Мемстандарт және өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету саласында Мемлекеттік бағдарламаларды құрады.

Келісім қаражатына, яғни жеке қызметтің өзінен алынатын қаражаттарға:

1. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру;

2. ӨҚ-н калибрлеу;

3. ӨҚ-н мемлекеттік сынау;

4. Өлшеуді жүргізу әдістерін (ӨЖӘ) аттестаттау;

5. ӨҚ-н метрологиялық аттестаттау;

6. Құжаттамаларды метрологиялық сараптау;

7. Метрология саласында мамандарды дайындау және олардың біліктілігін жоғарылату

жұмыстары жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]