Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metrologia_shpor.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
129.14 Кб
Скачать

60.Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етуге қатысты нормативтік құжаттарға талдау жасау.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы объектілерді, жұмысқа қатысушылар мен құжаттарды тіркеуді есепке алу құжаты.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар - ережелер, нұсқаулар және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу талаптары мен тәртібін айқындайтын өзге де нормативтік және әдістемелік құжаттар;

Өлшем тұтастығын қамтамасыз ету мақсаттары:

Өлшем тұтастығын қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн және экономикасын өлшемнiң терiс нәтижелерi салдарынан қорғау;

2) отандық және импортталатын өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың) және көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету;

3) материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiнiң дұрыс есебiн қамтамасыз ету;

4) iргелi зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету;

5) диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезiнде сенiмдi өлшем нәтижелерiн қамтамасыз ету.

Өлшем тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік

құжаттар

Нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес әзірленеді және оларды Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар міндетті түрде қолдануға тиіс.

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi

1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi уәкiлеттi органды және оның аумақтық бөлiмшелерiн, мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталықты, мемлекеттiк басқару органдарының метрологиялық қызметтерiн қамтиды.

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады.

2. Уақыт пен жиiлiк мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, уақыт пен жиiлiктiң өлшем бiрлiгін қамтамасыз етуге және Жердiң айналу параметрлерiн анықтауға бағытталған жұмыстарды орындайды.

3. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiн әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi.

4. Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердiң мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердi әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi.

43

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]