Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metrologia_shpor.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
129.14 Кб
Скачать

36.Абсолюттік түзету деген не?

Абсолют ауытқу дегеніміз – өлшенген шаманың оның нақты мәнінен ауытқуы болып табылады. Сенімделетін құрал көрсеткішінің абсолют ауытқуы – құрал көрсеткішінің нақты мәннен ауытқып көрсетуі. Абсолют ауытқудың әр құрал үшін өзінің шегі болады.

Абсолют ауытқуға кері шама болып табылады.

Абсолют ауытқуды өлшенген шаманың мәні дәлірек болу үшін абсолюттік түзетуді қолданады. Абсолюттік түзету нақты мән алуда, қателік аз болу үшін қолданылады. Абсолюттік түзету көбіне ғылыми жұмыстар жасаған кезде қолданылады.

37.Дәлдік класы мен келтірілген салыстырмалы ауытқу арасындағы байланыс қандай?

Өлшеудің сапасының сипаттамаларының бірі – дәлдік класы болып табылады.

Дәлдік – өлшенетін шама мәнінің оның шын мәніне жақындығын көрсететін өлшеу сапасы.

Дәлдік класы - жол берілетін негізгі және қосымша қателіктердің шегімен, сондай-ақ мәндері таразылардың жекелеген түрлеріне нормативтік құжаттарда белгіленетін дәлдікке әсерін тигізетін басқа да қасиеттермен анықталатын таразылардың жинақталған сипаттамасы;

Дәлдік класы салыстырмалы ауытқуға кері шама болып табылады.

Дәлдік класы өлшенетін шама мәнінің оның шын мәніне жақындығын көрсетсе, ал салыстырмалы ауытқу шын мәннен нақты мәнді алғанға тең.

Дәлдік класы шын мәнді көрсетсе, салыстырмалы ауытқу осы шын мәннен қаншалықты ауытқығанын көрсетеді.

38.Өлшеу құралы көрсеткішінің орнығу уақыты деген не?

Өлшеу жүргізген уақытта құрал көрсеткішінің орнығу уақыты болады. Ол өлшеу жүргізгеннен кейінгі дәл мәнді көрсетуге дейінгі уақыт болып табылады. Мысалға, таразы. Таразымен өлшеу барысында оның көрсетуі дәл болғанша бір-екі секунд қажет болады, яғни құрал көрсеткішінің орнығу уақыты осы болыптабылады.

39.Өлшеу құралының шкаласында қандай белгілеулер келтіріледі?

Өлшеу құралының шкаласында:

  • Шкала бөлігінің құны

  • Өлшеу шегі

  • Прибор қателігі

  • Дәлдік класы

Шкала бөлігінің құны - өлшем құралының шкаласының екі көрші белгісіне сәйкес келетін шама мәнінің айырмасы.

Өлшеу шегі – өлшеу құралының максимал мәні.

Өлшеу құралының қателігі – өлшеу құралының жіберуге болатын қателігі.

Дәлдік класы – өлшеу құралының қандай дәлдікте жұмыс жасайтындығы.

40.Эталондық құралдың дәлдік класы қандай болуы керек? МемСт бойынша құралдар неше дәлдік классқа бөлінеді?

Эталондық құралдың дәлдік класы жоғары болып келеді.

Эталондық құралдың дәлдік класы 1-ші немесе 2-ші дәлдік класс болуы керек. Себебі эталондық құралды дәлме-дәл өлшеулер алу үшін қолданады. МемСТ бойынша құралдар 5 дәлдік класқа бөлінеді.

  • 1-ші дәлдік класы – яғни дәлме-дәл өлшеулер алуда қолданылатын құралдар үшін;

  • 2-ші дәлдік класы – бұл да идеалды мәндер алуда қолданылатын құралдар үшін;

  • 3-ші дәлдік класы – лабораторияларда әр түрліфизикалық шама мәнін алуда,

  • 4-ші дәлдік класы

  • 5-ші дәлдік класы

Көбіне 1-ші және 2-ші дәлдік кластары ғылыми жұмыстарда қолданылады.

41.Эталондық құрал қандай шарттарды қанағаттандыруы тиіс?

Эталон ерекше өлшеу құрал болып табылады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін физикалық шамалар бірліктердің ұқсастығы қажет.

Өлшем бірлігі физикалық шамалардың белгіленген бірліктерін сақтау мен дəл жаңғырту жəне олардың өлшемін қолданылатын өлшеу құралына беру жолымен жетілдіреді.

Өлшем бірлігінің мөлшерін беру метрологиялық тізбегінің жоғарғы түйіні эталон болып табылады.

Эталон — деп бұл басқа өлшем құралдарына мөлшерді беру мақсатымен шама бірліктерін сақтау жəне жаңғыртуға арналған жоғары дəлдікті өлшем. Эталоннан шама бірліктер дəрежелік эталонға беріледі, ал одан жұмыс өлшеу құралдарына беріледі.

Эталондық құрал екі шартты қанағаттандыруы тиіс. Олар:

  • Физикалық шама бірлігін жаңғырта алу

  • Физикалық шама бірлігін сақтау

Физикалық шама бірлігін жаңғырту – осымша жəне туынды бірліктерді жаңғыртуы технико-экономикалық мақсатқа лайықты екі əдістің біреуі мен іске асырылады:

1) орталықтандырылған – бүкіл ел үшін бірдей мемлекеттік эталонның көмегімен;

2) децентрализацияланған – метрологиялық қызметтерінде үлгілі аспаптардың көмегімен орындалатын, жанама өлшеу арқылы.

Физикалық шама бірлігін сақтауы күрделі метрологиялық кешенді жұмыстар болып табылады. Бір жағынан, шама бірлігінің сақталуын жоғары деңгейде қамтамасыз ету, екіншіден – эталоннан бірліктер шамасы жан-жақтағы аумақтарда қолдану үшін қажетті дəлдігімен берілуі тиісті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]