Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metrologia_shpor.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
129.14 Кб
Скачать

27.Өлшеу құралдарын сенімдеу құқығына аккредитация.

Өнімді сенімдеуге мемлекеттік метрологиялық қызметкерлері және заңды тұлғалардың аккредиттеуден өткен болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Аккредиттеуден белгіленген тәртіп бойынша СМС – бойынша орган өткізеді.

Аккредиттеуден өту үшін кез келген сынақ эертханалары: мына пунктерді қанағаттандыруы керек:

  • Өлшеу тұтастығын қамтамасыз ету бойынша метрологиялық қызмет атқаруы керек;

  • Тұрақты жұмысшылар, басшысымен қоса алғанда. Олар өздеріне берілген талапты дұрыс орындаулары керек;

  • Өнімнің теріс мәнін алудан қорғайтын барлық шарттардың орындалуы;

  • Жұмысқа қолданып жүрген құралды тексеруге мүмкіндігі бар эталондық құралдың болуы;

  • Өлшем тұтастығын қамтамасыз ету бойынша және сенімдеу жүргізу бойынша квалификациясы жоғары жұмысшы персоналының болуы;

  • ГОСТ 8.355-ке сәйкес стандартталған жұмыс жүргізу орны, яғни лабораториялық мекеме.

Өлшеу құралдарын сенімдеу құқығына аккредитация сенімдеу зертханаларына қойылатын талаптар және аккредиттеу жүргізу тәртібінен тұрады. Сенімдеу зертханаларына қойылатын талаптарға мыналар жатады: басқару және ұйымдастыруға қойылатын талаптар, сенімдеу құралдарына талаптар, қызметшілерге талаптар, сенімдеу нәтижесін дайындауға талаптар, сапаны қамтамасыз ету жүйесіне талаптар, НҚ қамтамасыз етуге талаптар, қоршаған ортаға және бөлмеге қойылатын талаптар. Аккредиттеу жүргізу тәртібі сарапшылық бағаны жүргізу болып табылады. Сарапшылық бағаны жүргізу мемстандартқа ұсыныстан және мемстандарт қабылдаған шешімнен тұрады. Мемстандартқа ұсыныс мына құжаттардан құралады: заңды тұлғалардың стандартқа тіркелу куәлігінің көшірмесі, аккредиттеуге мінездеме, аккредиттеу облысына, зертхана жағдайы туралы, зертхана құжаты, сапа бойынша орган, сарапшы базаға акт.

Мемстандарт қабылдаған шешім оң болса: аттестат дайындау, аккредиттеу облысына қол қояды, бастапқы эталондардың тізіміне бекітеді, тексеру зертханасында тіркейді, аккредиттеу аттестаты беріледі. Егер аккредиттеуден өтпесе, онда жазбаша түрде өтпегені туралы хаттама береді.

28.Сенімдеушілердің жұмыс орнын аттестаттау.

Жұмыс орнын аттестаттау 4 пунк бойынша жүргізіледі:

  1. Орналасқан орнына байланысты

  2. Жылжу сатысына байланысты

  3. Орындаушылар санына байланысты

  4. Қолдану сипатына байланысты

Орналасқан орнына байланысты екі түрге бөлінеді: аймақтық және аймақтан тыс; жылжу сатысына б/ты:жылжымалы және стационарлық; орындаушылар санына б/ты: ұжымдық және жеке; қолдану сипатына б/ты: тұрақты және уақытша.

Сенімдеушілердің жұмыс орнын аттестаттауды бағалау техникалық және ұйымдаструшылық деңгейлерден тұрады. Техникалық деңгей өз ішінде үшке бөлінеді: техникалық дәрежесі, механизация дәрежесі, автоматизация дәрежесі. Техникалық дәреже дегеніміз – техникалық құралдардың толық сәйкестігі.Механизация дәрежесі дегеніміз – сенімдеу операцияларының және дайындау жұмыстарының толық механизациясы немесе механизацияның керек емес болуы. Автоматизция дәрежесі – жұмыс орны толық автоматизацияланған немесе автоматизация керек емес болуы.

Уйымдастырушылық деңгей де үшке бөлінеді :

  1. Сенімдеу қызметін көрсету, техникалық құралдарды эксплуатация бойынша НҚ талаптарын анықтау дәрежесі. Бұл, яғни нормативтік құжаттардың қателігінің болмауын және өлшем дәлдігіне кедергі келтіретін қателіктерді қарастырады.

  2. Жұмыс орнын қамту дәрежесі, яғни екінші жұмыс орнымен қамтамасыз етуді қарастырады.

  3. НҚ талаптарына сенімдеушілердің квалификациясы және еңбектің шығын нормаларын сенімдеудегі еңбек көлемінің сәйкестігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]