Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metrologia_shpor.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
129.14 Кб
Скачать

31.Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (сүмқ).

-Стандартты үлгілер – заттардың (материалдың) қасиеттері мен құрамдарын сипаттайтын бір немесе бірнеше шамалардың мәндері метрологиялық аттестацияның нәтижесімен орнатылған заттардың (материалдың) үлгілері.

-Қасиеттердің СҮ және құрамдардың СҮ болып екіге бөлінеді. Заттар мен материалдың қасиеттерінің СҮ метрологиялық бағыты бойынша бірмәнді шаманың рөлін орындайды. Оларды эталон ретінде қолданады.

Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметі аумақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің әзірлеуге және ендіруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.

СҮМҚ-тің мақсаты заттар мен материалдардың химиялық құрамын, физикалық, физика - химиялық және басқа да қасиеттерін анықтаудың бірдейлігін қамтамасыз ету. Өлшем құралдары мен өлшем әдістерінің дәлдігін тексеру үшін және өнеркәсіп өнімдерінің сапасын тікелей стандартпен салыстыру арқылы бақылау үшін әртүрлі стандартты үлгілер қолданылады. Стандартты үлгілер шикізаттың химиялық құрамы мен қасиеті жағынан сапалылығын тексеруде де кең қолданылады, сондықтан стандартты үлгілер қасиет үлгілері және құрам үлгілері болып екіге бөлінеді.

Еуропалық метралогиялық ұйым (ЕВРОМЕТ)1987 жылы құрылған,ЕО-қа мүше елдерді біріктіреді.

Оның мақсаты:1децентрализациялық метралогиялық құрылымдар шеңберінде эталондарды жетілдіру бойынша елдер арасында тыгыз серіктестік орнатуды дамыту 2Ұлттық ресурстарды қолдану және метрология бойынша жоспарларды енгізуді жеделдету үшін қызметтерді оптимизациялау.

Практикалық қызметтің негізгі бағыттары:

1Эталондарды жасау бойынша жобаларды үйлестіру;

2Метрология қажеттілігіне алып қойған қаржылық құралдарды іске асыруды үйлестіру;

3Алғашқы және ұлттық эталондарға экспертиза жасау;

4Жеке жоба бойынша мүше-елдердің серіктестігі үшін жағдай жасау;

5Мүше-елдердің ақпаратпен қамтамасыз ету.

ЕВРОМЕТ-фундаментальды тұрақтылар обылысында , ең жоғарғы деңгейдегі дәлдікпен өлшеу әдістеріне, эталондарды жасауда зерттеу жұмытары жүргізіледі.

32.Мемлекеттік метрологиялық қызмет. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (уж, мк).

Мемлекеттік метрологиялық қызмет өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі арқылы іске асырылады. Өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ӨБМЖ) мемлекеттік және жеке меншіктегі әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің ғылыми және практикалық жұмыстарын метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық негіз болып табылады.

Метрологиялық қызметтің міндеттеріне:

1. Азаматтардың қызығушылықтарын қорғау және ҚР-дың экономикасын дұрыс емес өлшеу нәтижелерінен қорғау;

2. Энергетикалық және материалдық ресурстардың барлық түрлерінің дұрыс есебімен қамтамасыз ету;

3. Алғашқы зерттеулерде өлшеулердің дұрыстығын қамтамасыз ету.

4. Науқастарға диагноз қоюда және емдеуде өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;

5. Отандық және сырттан әкелінетін өнім мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6. Адамдардың еңбек және тұрмыстық шарттарының қауіпсіздігін бақылауда өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;

7. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;

8. Қоршаған ортаны қорғауда өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету кіреді.

Мемлекеттік метрологиялық қызмет жұмыстарының бағыттарына:

  • Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша саясатты ұстау;

  • Шама бірліктерін орнату;

  • Шама бірліктерінің эталондық базасын дамыту және жетілдіру;

  • ӨҚ-ның өндірісінің, қолданылуының және жөнделуінің реттілігін анықтау;

  • Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргізу;

  • Метрология саласында ҚР-дың ведомствалары мен министрліктерінің қызметтерін орталықтандыру;

  • Метрология саласында зерттеулердің жүргізілуін ұйымдастыру;

  • Нормативтік құжаттамалардың дайындалуы мен бекітілуінің ретін анықтау;

  • Мемлекеттік өлшеу құралдарының (МӨҚ) реестрін жүргізу;

  • Метрология саласында зерттеулердің жүргізілуін ұйымдастыру;

  • ҚР-н метрология бойынша халықаралық және аумақтық ұйымдарда таныстыру жатады.

Мемлекеттік метрологиялық қызметтің құрамында стандарттық үлгі қызметі (СҮМҚ) және Мемлекеттік стандарттық анықтама қызметі (МСАҚ) жұмыс істейді.

Мемлекеттік органдар өзінің құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша бөлек мемлекеттік қызмет стандарттарын бекітуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық нысанын және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін мемлекеттік қызметтердің стандарттары ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органның келісімі бойынша бекітіледі.

Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Уақыт пен жиіліктің өлшеу тұтастығын қамтамасыз етуде және жердің айналу параметрлерін анықтауға бағытталған жұмыстарды орындайды.

Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметінің негізгі мақсаты мен міндеттері:

  • Аймақаралық және салааралық өлшеу тұтастығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету

  • Уақыт пен жиіліктің өлшем бірлігін жаңғырту және сақтау

  • Қазақстан Республикасының уақытының шкаласын координаттау

  • ҚР аумағында уақыт бойынша белгіленген тәртіпті қадағалау

ВЕLMET.заңнамалық метрология бойынша Батыс Еуропалық Бірлестік 1989 жылы құрылды.

Мақсаты: Еуропалық одақ шеңберінде саудада кедергілерді болдырмау үшін ЕО еодернің заңнамалық метрологияның ұлттық қызеттерін үйлестіру.

  • EAL. Калиберлеу бойынша Батыс-Еуропалық бірлестік 1989жылы ЕО мүше- елдерімен құрылды.

  • Мақсаты: Мемлекттік метрология қадағалауға жатпайтын өлшеу құралдарын калибрлеу туралы ұлттық сертификттарды өзара мойндауға қолдау көрсету. Бұл өлшеу құралдары міндетті сенімдеуге арналмайды және заңнамалық метрологиялық қызмет аясына жатпайды.

  • Бірлестік мүшелері калиберлік ұлттық қызметтер болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]