Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
138.38 Кб
Скачать

Пайдаланылған әдебиет

Тойбекова С., Кәрібаева С. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы, 2008. 169-173 бб.

5 – сабақ

Лексикалық тақырып: Қазақстан-дүниежүзілік қауымдастықта.

Грамматикалық тақырып: Мезгіл, мекен үстеулері.

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын байыту.

1.Мәтінге қатысты сөздермен жұмыс:

Айқын-отчетливый(ясный,четкий)

Мемлекеттер тарапынан-со стороны государства

Құқылы толыққанды –правовое полное

Жетті-достиг

ынтымақтастық-соотрудничество

Қауымдастық-сообщество

Кепіл-гарантия

Белсене араласу-активно участвовать

әлеует-потенциал

қол жеткізу-доступ

1991жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы айқын сыртқы саясат жүргізе бастады.Тәуелсіздіктің бір белгісі-еліміздің дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер тарапынан танылуы болып табылады.

Тәуелсіз жас мемлекетіміз 1992жылы 2 наурыз күні БҰҰ-ына мүше болып қабылданды.Ел өмірінде жаңа кезең басталды.Қазақстан халықаралық құқылы толыққанды субьект ретінде әлем аренасына жетті.Республикамыздың көк байрағы әлем елдері туларының қатарына қадалды.Бүгінде Қазақстанның БҰҰ,ЮНЕСКО(БҰҰ-ның білім,ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы),ЕҚЫҰ(Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы) секілді 100-ге тарта халықаралық ұйымда өкілдігі бар.Қазақстан енді әлемдік мәселелерді шешуге араласады. Қазақстан Республикасы өз болашағын әлемдік мемлекеттер қауымдастығына тығыз байланыстан көреді.Сол қауымдастықпен тығыз байланыс тәуелсіздігіміздің де, экономикалық,әлеуметтік дамуымыздың да басты кепілдерінің бірі.

Қазіргі уақытта Қазақстанның басым міндеттерінің бірі- дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кіру. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз-сауданың маңызды халықаралық мәселелері бойынша шешім қабылдауға белсене араласу мүмкіндігіне ие болу дегеніміз.ДСҰ-ына ену Қазақстанның нарығын кенейтуге көмектеседі,экспорт әлеуетін көбейтеді, әлемнің жүргізуші елдеріне қол жеткізуіне жол ашады.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар.

1 тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз.

2 тапсырма. Сұрақтарға жазбаша түрде өз ойыңызды білдіріңіз.

Тәуелсіздіктің белгісі дегенді қалай түсінесіз?

Тәуелсіз егеменді ел болу үшін қандай шарттар қажет деп санайсыз?

Сізді қазір қандай әлемдік мәселелер толғандырады? Оларды шешудің қандай жолдарын ұсынасыз?

Бүгінгі қайталайтынымыз.

Іс-әрекет, қимылдың, заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін сөздердің лексико-грамматикалық тобы үстеу деп аталады.Мағынасына қарай 8 түрі бар.

Мезгіл үстеу (қашан? Қашаннан?) - бүгін, жаздыгүні, анда- санда,былтыр,жуырда,күн ара, кейде, әуелде т.б.. Ерте ояндым, жете алмадым (Абай).

Мекен үстеу (қайда?қайдан?) - әрі, бері,жоғары, төмен, алға, артқа,мұнда, сонда т.б.. Ілгері басқан жасты кері қайтқан кәрі кейін тартады(мақал).

3 тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, үстеулердің мағыналық түрлерін анықтаңыз.

Британский совет активно продолжает фестивальную традицию, удачно начатую в прошлом году.

В Алматы недавно находилась делегация Национального совета американских предпринимателей.

Рано встанешь-солнце навстречу,

Поздно встанешь-ночь навстречу.

Подписанные соглашения вернулись назад.

4 тапсырма. Келесі сөздердің синонимдерін жазып шығыңыз.

Отан-........., көне-..............., мемлекет-..............., тәуелсіз-..............,қарқынды-...........,кұшті-...........,қазына-.............., тұтастық-...........,парыз-.................,тұтастық-........,қастерлеу-............,ереже-.............,дүниежүзі-...........,байланыс-............,мүше болу-..........,тұтынушы-...............

5 тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Жаңа сөздермен жұмыс:

Жеткізілім-доставки тұтынушылар-потребители кеңістік-пространство

ерітінді-сплав

көмірсутекті-углеводный

шикізат-сырье

сұраным-спрос

кешен-комплекс

өнім-продукт

жүн-шерсть

былғары-кожа

мақта-хлопок

пәрмен-сила

Оқып, аударырыңыз.

Сыртқы экономикалық байланыстар

Бүгінде республика дүниежүзіндегі жүз қырық бес мемлекетпен сыртқы сауда операцияларын жүргізуде.Экспорттық жеткізілімдер әлемнің жүз жиырма екі еліне жүзеге асырылуда, импорттық тауарлар жүз он бес мемлекеттен жеткізілуде.

Қазақстан өнімін негізгі тұтынушылар-Ресей, Нидерланды, Қытай, Швейцария,Германия, Өзбекстан, Италия, Украина, Ұлыбританият.б. Импортталатын тауарлардың басым бөлігі Ресейден, Өзбекстаннан, Түркіменстаннан, Германиядан, Түркиядан, Ұлыбританиядан, Беларусьтен, Украинадан, АҚШ-тан, Қытайдан жеткізіледі.

Қазақстан Еуропа мен Азия Тынық мұхит аймағын қосып жатқан маңызды геосаяси орын және стратегиялық кеңістікті алып жатыр. Сондықтан Қазақстанның Ресей және Қытаймен өзара карым-қатынастары ерекше мәселе болып табылады.1992 жылы Ресеймен өзара көмек, экономика, әскери және саяси сфераларда достық пен ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды. Қытай Халық Республикасымен де бірқатар келісімдер жасалды.Қазіргі кезде Қазақстаннан сыртқы нарыққа тауарлардың екі жүзден астам түрі шығарылады.Қазақстанның түсті металдары,ферроерітінділер,қара металл, минералдық тынайытқыштар, көмірсутекті шикізат дүниежүзілік нарықта көп сұраным тауып отыр.Республиканың экспорттық тауарларының маңызды тобын агроөнеркәсіп кешенінің өнімі: талшықты мақта, жүн, дәнді дақылдары, былғары шикізаты, ет консервілері құрайды.

Қазақстанның ең ірі және пәрменді шетелдік әріптестері арасында Шеврон, Бритиш Газ, Аджип, Мобил, Самсунг т.б.бар. Шетелдік инвесторларды бәрінен көп қызықтыратыны- мұнай-газ өнеркәсібі, түсті және қара металлургия.

Тізе берсек тізім үлкен, еліміз әлемнің бар елімен қатынаста десек артық болмас,ең бастысы тізім емес, нәтижелік, еліміздің алға дамуы, ДСҰ-ын басқаруы.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

2 тапсырма. Мекен, мезгіл үстеулерін қолданып, сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңыз.

Әлемдік қауымдастық, сыртқы саясат, лайықты орын, өтпелі кезең, іс жүзінде,тығыз байланыс,әңгіме барысында, баса назар аудару, дербес даму жолы,жөн болар еді,айрықша риза, жалғасын табу.

3 тапсырма. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қарапайым американдықтар(немістер) Қазақстан туралы неге өте аз біледі деп ойлайсыз? Оның себебі неде?

2.Кез-келген ел туралы пікір қалай қалыптасады деп ойлайсыз?

3.Қазір біздің елімізге кімдер қызығушылық танытып отыр? Не үшін?

4 тапсырма. Мақал-мәтелдердің мазмұнын ашып, есіңізге сақтаңыз.

1.Өз елің-алтын бесік.

2.Әркімнің өз жұрты-ұжмақ.

3.Отан-елдің анасы,

Ел- ердің анасы.

4.Ұлтарақтай болса да

Ата қонысы-жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да

Туып-өскен ел қымбат.

5 тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Студенттердің өздік жұмысы

1 тапсырма. Жағдаят. Сіз шетелге ресми іс-сапармен бардыңыз. Қазақстанды қалай таныстырар едіңіз?яғни, «Қазақстанды шетелдіктерге таныстыру» тақырыбы бойынша өз ойыңызды жазыңыз.

2 тапсырма. Сіз ірі шетел компаниясымен бірлескен кәсіпорынның басшысысыз.Осы компанияның қызметі, жоспарлары жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз өткізіңіз. Шараның толық жоспарын құрып тапсырыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]