Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
138.38 Кб
Скачать

Пайдаланылған әдебиет

Тойбекова С., Кәрібаева С. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы, 2008. 174-179 бб.

12-сабақ

Лексикалық тақырып: Дүниежүзілік мәдениеттің классиктері.

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын байыту.

Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.

қазынасына – в сокровищницу

алыптары – представители

жарық жұлдызы – ослепительная звезда

өшпес даңқ – бессмертная слава

шын аты – настоящее имя

бүркеніш ат – псевдоним

ұлы шайыр – великий поэт

Оқыңыз,аударыңыз.

Дүниежүзілік мәдениеттің классиктері

Дүние жүзі мәдениетінің қазынасына үлкен үлес қосқан әйгілі классиктер – Рудаки, Фердауси, Омар Һайам, Сағди, Хафиз, Жәми, Науаи, Низами, Мақтұмқұлы, Абай – поэзия алыптары.

Абулхасын Рудаки – иран-тәжік әдебиетінің негізін салушы. Ол данышпан ойшыл, ақын, асқан әнші, сазгер болған.

Шығыс поэзиясының жарық жұлдызы - Әбілқасым Фердауси (910-1030). Оның «Шахнама» эпопеясы тәжік-парсы поэзиясында ғана емес, күллі әлем әдебиетінен орын алады.

Әлемге аты жайылған математик, философ, ақын Омар Һайамның (1030-1132) «Алгебра туралы трактатының» маңызы өте зор.

Парсы-тәжік әдебиетінің аса ірі өкілі, дүние жүзі әдебиеті лириктерінің бірі – Шамсаддин Мұхаммед Хафиз (1300-1380). «Хафиз» ақынның бүркеніш аты (псевдоним). Өйткені сол заманда құранды басынан аяғына дейін жатқа айтқан адамды «Хафиз» дейді екен. Ақын өз кезінде сол атаққа ие болады. Оның «Ғазал», «Шираз бұлбұлы» деген жырлары өте жоғары бағаланады.

Әбдірахман Жәми (1414-1422) парсы-тәжік классикалық әдебиетінің ең соңғы ұлы шайыры (ақыны). Жәмидің көп өлеңдері ғашықтық тақырыбына арналған: «Жібек шаш», «Көз жасының меруерті», «Махаббат тұтқаны», «Ләйлі – Мәжнүн» - жиһанға мәлім шығармалары.

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Оқыңыз,аударыңыз.

Дүние жүзіндегі қазақтар

Қазіргі заманғы ғылымның, оның ішінде ғылымының зерттеулері бойынша қазақтар түркі тілдес халықтар тобына кіреді. Негізінен «қазақтар» халқының қай заманнан бастап құралып, ел болып келе жатқаны жайындағы деректер ғылым жүзінде әзірге анықталған жоқ. «Қазақ» сөзінің төркіні – Қас және Сақ деген сөздерден шығуы мүмкін. Қас – шын, нағыз деген мағынада, «Сақ» - деген ертедегі көшпелі елдің атауы. «Сақ» түрік деген мағына береді. Қазақ сөзін осы күнге дейін қырғыздар, алтайлықтар «қассақ», орыстар он сегізінші ғасырға дейін «кайсак» дегенін білеміз. Қас батыр, қас жақсы, қас жау деген сөздер қазақ тілінде бар. «Қассақ» сингармонизм заңымен «қазақ» сөзіне ауысқан дей аламыз.

Арғы тегі біздің жыл санауымызға дейінгі сақтарға, гүндерге ұштасатын қазақтардың мәдениеті мыңдаған жылдарға мәлім. Ірілі-ұсақты рулардың «қазақ» атымен бірігіп, тұтас бір мемлекет болуы Алашаханның тұсында шамасы бұдан екі жарым мың жылдай болса керек.

Алашаханнан кейін бұл тұтастық XVI ғасырдағы Касымхан, XVII ғ. Есімхан кезінде болды. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» аталатын заңдарын қалдырды.

«Қазақ» аталатын халықтың елдік тарихы осы XVI ғ. басталады деген жорамал дұрыс сияқты.

Қазақ халқының көптеген ғасырлар бойы өмір сүрген өзіндік мекені, өзіне тән қалыптасқан, тілі, салты болған. Осы қасиеттерін дүние жүзіне тарап кеткен қазақтар дәл күйінде сақтап келген. Қазақ халқының әрқилы қаситетті кезеңдерде көрген адам шығындары мен өз атамекенінен азаппен ауа көшкендер саны өте көп. 1645-1945 жылдарда яғни 300 жылда Жоңғарлардың шабуылынан «Ақтабан шұбырындының» қасіретінен бастап, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 5 миллион қазақ шығын көрген.

1690-1990 жылдар арасындағы қазақтарды ығыстыру, үркіту, жер-суын тартып алуы нәтижесінже 1 миллион 585 мың қазақ өз атамекенін тастап, ауа көшіп кетуге мәжбүр болған. Осы кезеңдерде барлығы 6 миллион 810 мың қазақ кеміген. Қазақтардың әлемдік жиынтық саны 1 шілде 1992 жылы 10 миллион 537 мың болды. Соның ішінде Қазақстанда 6.970 мың, тәуелсіз республикалар достастығында 1.707 мың, шет мемлекеттерде 1.578 мың болды. Қытайда 1.296 мың, Монғолияда 157 мың (екі жылдан бері Қазақстанға көптеген адам көшіп келді), Ауғанстанда 45 мың, Түркияда 30 мың, Иранда 15 мың, Францияда 4 мың, Канадада 4 мың, АҚШ-та 10 мың, Түркияда 30 мың, Пакистанда 3 мың, Англияда 2 мың, Швецияда 1 мың қазақ бар. Австралияда, Арабстанда, Австрияда, Аргентинада, Үндістанда, Голландияда, Сирияда, т.б елдерде қазақтар тұрады.

СӨЖ

1-тапсырма. «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін жаттау.

2-тапсырма. «Абай және Гете» тақырыбына байланысты шығарма.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]