Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
138.38 Кб
Скачать

Пайдаланылған әдебиет

Тойбекова С., Кәрібаева С. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы, 2008. 157-163 бб.

10-САБАҚ

  1. Лексикалық тақырып: қр Конституциясы. Грамматикалық тақырып: Етістіктің шақ категориясы

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын байыту.

Оқимыз. Мәтінді оқыңыз.

Конституциялық құқық негіздері

Конституция – мемлекеттің Ата заңы. Конституция (лат. Constitutio – құрылу, өкім) – қоғамдық құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың қызметін, азаматтардың құқығы мен міндеттерін айқындайды. Ол – мемлекеттің негізгі заңы. Конституцияны жасауға түрлі мамандық иелері және қарапайым халық қатысады. Ол – бүкіл қоғамның тағдырын айқындайтын заң, Конституцияға өзгеріс енгізу өте қатаң және жиі қайталана бермейді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері, екі рет Конституция қабылданды.

1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы қабылданды. Ол өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өзінің миссиясын толық атқарды...

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы – халық. Халық Конституцияны қабылдады және әрі қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені де шешеді. Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы болып табылады. Конституция – бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі. Нормативтік актілердің бәрі Конституцияның ережелеріне негізделіп қабылданады, яғни барлық Заң салаларының заңдық базасы болып табылады.

Конституцияның құрылымы мен мазмұны.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

І бөлім. “Жалпы ережелер” деп аталады. Онда Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы, президенттік басқару нысаны, құқықтың қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси қатынастар, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған.

ІІ бөлім. “Адам және азамат” деп аталады. Адамның құқығы мен бостандығы, міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелер жинақталған.

ІІІ бөлімде Президенттің, IV бөлімде парламенттің, V бөлімде үкімет құрамының сайлану, тағайындалу мерзімі, атқаратын қызметтері, өкілеттіктері, ел экономикасы, ішкі-сыртқы саясат т.б. мәселелер баяндалған. VI бөлімде Конституциялық кеңестің қызмет бағыты, VII бөлімде Соттар мен Сот төрелігі қызметінің мазмұны, VIII бөлімде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ережелері тұжырымдалған. ІХ бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер берілген.

Сөздерді есімізде сақтаймыз

мемлекеттік құрылыс – государственный строй

айқындау – определить

өзгеріс енгізу – внести изменение

қайталанбайды – не повторяется

бір жағынан – с одной стороны

заң шығару ісі – законодательный

сипаттама характеристика

тұжырымдалған - освещены

үкімет құрамы – состав правительства

жасақталу – формироваться

тағайындау – назначить

бағыт – направление

өзін-өзі басқару – самоуправление

қадір-қасиет – честь и достоинство

лауазым - должность, звание, ранг

сенім-наным – убеждение, вероисповедение

қол сұқпау – непосягательство

жинақталған–систематизированы, собранный

қайнар көзі – источник

негізделу – обосновываться

өкілеттік – уполномоченный

азаматтық – гражданство

саяси ахуал - политическое положение

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Негізгі тірек сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыз. Мәтінді оқыңыз.

2-тапсырма. Мәтіндегі ойды бірнеше сөйлеммен білдіріңіз.

3-тапсырма. Тиісті қосымшаларды жалғаңыз.

“Тегі ....., әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы ....., жынысы...., нәсілі...., ұлты....., тілі...., дінге көзқарасы....., нанымы....., тұрғылықты жері....., байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемітуге болмайды”. (14-бап, 2-тармақ).

4-тапсырма. Мәтін бойынша мына сөздердің синоним қатарын анықтаңыз:

1. мекен-жайы, тұрағы –

2. басқа, бөтен, бөгде –

3. төмендету, қорлау –

4. негізгі –

5. барлығы –

6. айқындау –

5-тапсырма. у-ына, у-ға сөздердің мағынасына көңіл бөліңіз, аударыңыз.

“Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмау-ы-на, өзінің және отбасының құпиясы болу-ы-на құқығы бар”. (18-бап, 1-тармақ).

6-тапсырма. Конституцияның өзге баптарынан у-ына, у-ға тұлғасымен келген басқа да сөз орамдарын анықтаңыз.

7-тапсырма. Жақшаны ашып, аударыңыз, тиісті тұлғасына қойыңыз.

1. Әркім (Республики Казахстан) Конституциясын және заңдарын (соблюдать), басқа адамдардың (право, свободу) абыройы мен (честь и достоинства) құрметтеуге (обязан).

2. Әркім Республиканың (государственную символику) (почитать) міндетті. (34-бап, 1,2 – тармақ).

8-тапсырма. Сәйкес қатарын анықтаңыз.

1. қабылданды А. каждый

2. мемлекеттік құрылыс Ә. права граждан

3. өтпелі кезең Б. переходной период

4. заң салалары В. определяет

5. азаматтардың құқығы Г. вмешательство

6. қол сұғу Д. должностное положение

7. әркім Е. отрасли закона

8. кемсіту Ж. принято

9. лауазымдық жағдайы З. государственный строй

10. айқындайды И. оскорбление

9-тапсырма. Анықтаңыз, толық жауап беріңіз.

Үлгі: Иә, шын .........

Жоқ, жалған.......

А.Мемлекеттік нышандардың сипаттамасы Конституциялық заңмен белгіленеді.

Ә.Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі.

Б. Мұрагерлік құқыққа заңмен кепілдік берілмейді.

В.Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы жоқ.

Г.Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

Д. Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады.

Е. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – үш жыл.

Ж. Парламент депутаты Қазақстан халқына ант бермейді.

З. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.

Шын

Жалған

10-тапсырма. Сөйлемдерге сұрақ қойыңыздар.

- ?

- Конституция – заң шығару ісінің қайнар көзі.

- ?

- Әрине, нормативтік актілер де Конституцияның ережелеріне бағынады.

- ?

- Жоқ, Ата заңға өзгерістер енгізу өте қатаң және жиі қайталанбайды.

- ?

- Өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін халық шешеді.

- ?

- Азаматтардың құқығы мен міндетін айқындайды.

11-тапсырма.

а) сұхбатты рольге бөліп оқыңыздар;

ә) әрі қарай жалғастырыңыз;

б) мазмұндаңыз.

А. – Сіз білесіз бе, Конституцияның ІІІ бөлімі қандай мәселеге арналған?

Б. - Әрине, білемін. Бұл бөлімде Президент мәртебесі туралы айтылады.

А. – Ол бөлім неше баптан тұрады, есіңізде ме?

Б. – ІІІ бөлім 9 баптан тұрады, яғни 40-48 баптарда Елбасының атқаратын қызметі мен міндеттері, мәртебесі туралы баяндалады. Олар жайлы, сізге айтып бере аламын.

А. – Бәрекелді! Айтыңызшы!

Б. – Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды...

А. – Тамаша! Біліміңіз кең екен. Енді мен жалғастырайын.

Б. – Иә, рұқсат, рұқсат...

А. – Президент – ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді, Ол – ең жоғары лауазымды тұлға...

А. – ...

Б. – ...

12-тапсырма. Мына сөздерді дұрыс орналастырыңыз.

Қазақстан, қорғау -, қасиетті, әрбір, парызы және, оның, міндеті, Республикасын. (36-бап, 1-тармақ).

13-тапсырма. Сөйлемді аяқтап, ойды кеңейтіңіз.

1. 16-бап “Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды”, сондықтан .....

2. 17-бап “Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар”, өйткені ...

3. 14-бап “Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең”, сондықтан ...

14-тапсырма. Мына схема бойынша сөйлем құрыңыз (бап мәтінін негізге алыңыз).

1. “----------”, бірақ ...

2. “----------”, дегенмен ...

3. “----------”, сонда да...

Үлгі: “Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі”, бірақ әркім шектен шықпауы керек.

15-тапсырма. Мәтіннен мына формадағы сөздерді теріп жазыңыз.

- лық, -лік

- дық, -дік жұрнақтары әрі зат есім, әрі сын есім тудырады

-тық, -тік

Үлгі: азамат+тық алды, азамат+тық қоғам.

16-тапсырма. Жақшаны ашып, етістіктерді аударыңыз. Мазмұнына назар аударыңыз.

Президенттің құзыреті:

- премьер-министр лауазымына адам (предложить)

- үкіметтің құрылымын (определяет)

- министрлерді қызметке (назначает) және қызметтен (освобождает)

- үкімет мүшелерінен (присягу принимает)

- үкімет шешімдерінің күшін (жою), немесе (приостановить)

17-тапсырма. Бірінші қатардағы ойдың жалғасын екінші қатардан анықтаңыз.

1. Мемлекет Қазақстан халқының А. құқықтарға ие болып,

тілдерін үйрену мен дамыту үшін міндеттер атқарады.

2. Әркімнің өзінің жеке басының Ә. құрметтеуге міндетті.

3. Республиканың азаматы өзінің Б. бостандығына құқығы бар.

азаматтығына орай

4. Әркім Республиканың мемлекеттік В. жағдай туғызуға қамқор-

нышандарын лық жасайды.

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (ОСӨЖ)

1-тапсырма. “Қазақстан Республикасының Ата заңы – маңызды құжат” деген тақырыпқа сұхбат құрыңыз.

2-тапсырма. Ситуативтік тапсырмаларды заң баптарын пайдалана отырып орындаңыз.

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы бұзылған жағдайда қалай әрекет етесіз? (хат-хабар құпиялылығы сақталмаса).

2. Сіздің туысыңыздың үйін соттың шешімінсіз алып қойса, не істейсіз? (25-бап)

3-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз.

- Мен зейнеткермін, әрі ІІ топтағы мүгедекпін, медициналық жәрдемді қайдан, қалай аламын?

- ?

- Солай ма, біздерге кез-келген дәрігерлік мекеме тегін көмек көрсете ме?

- ?

- Кепілді медициналық көмек республика азаматтарының бәріне көрсетіле ме?

- Иә, ..........

- Өз құқығымызды бәріміз біле бермейміз-ау!

- ?

- ?

4-тапсырма.

1. Мына өлеңді жаттап алыңыз.

2. ҚР Конституциясы 9- бабымен байланыстыра әңгімелеңіз.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді,

Ту болмады дегенге?!

Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған!- деп Әнұран?!

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен-таңба?!..

(А.Бөкенов “Елтаңба”)

3. Сөздікті меңгеріңіз:

фр. уызынан жару – с самого рождения

фр. бас білгізу – укротить

фр. жер тарпыған – строптивый

тарпаң – неукрощенный Конь, строптивый

түлігіне дейін – даже животных

жауынгер – воин

байрақ – знамя

жаһан – вселенная

қазақ сынды – как казахи

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

Жазба жұмысын орындаймыз

1-тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлем құрастырыңыз.

Үлгі: әлеумет - ел-жұрт, көпшілік, қауым.

Қайырлы күн, қадірменді әлеумет!

Әлеумет

Әлеуметтік

Әулет

Біртұтас

Зайырлы

Құқық

Нысан

    1. Нысана

    1. бір бүтін, ажырамас

    2. білгір, білімдар

    3. ерік, бостандық

    4. объект

    5. мақсат, меже

    6. ел-жұрт, көпшілік, қауым

    7. қоғамға тән

үрім-бұтақ, өрен-жаран

2-тапсырма. Жауаптардың бірін таңдап, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Конституция 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда (қабылданды, қабылдады).

Қазақстан Республикасы (біртұтас, біркелкі) мемлекет.

Қазақстан президенттік (басқару, басқарма) нысанындағы мемлекет.

(әлеуеттік, әлеуметтік) мәселелер шешіліп жатыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]