Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
138.38 Кб
Скачать
  1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.

  2. Сөйлемдердің жалғауларын дұрыс жалғаңыз.

    • Жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіру... халықтық салт-дәстүрлер...... тәлім-тәрбиелік, білім- танымдық рөл.. орасан зор.

    • Әр халық....... мәдениеті өзіне тән ерекшклігі..... дараланып, көзге шалынады.

    • Дүниеге келген жас нәресте....... құрметіне жасалатын ойын-той, салтанатты жиын....... мен рәсімдер көп.

    • Қазақ баласы... ағаш бесік..... салып асырай.....

  3. Келесі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрыңыз.

Салт-дәстүр ерекшелігі, қарым-қатынас жасау, ұрпақтан-ұрпаққа ауысу, тәрбиелік мәні зор, діни мейрам, жаңарып отыру.

Бүгінгі қайталайтынымыз.

Қалау рай(желательное наклонение).

Ет.+ -қы,-кі,-ғы,-гі +жіктік ж.+»кел» көмекші етістігі.

Мыс.: Білгім келеді, үйренгісі келген, көргіңіз келді т.б.

  1. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Мы хотим познакомить вас с нашими традициями. Я хочу поехать на свадьбу к подруге. Когда ты хочешь поехать на сватовство? Ты не хочешь пригласить меня на состезание акынов? Дети хотят сегодня поехать на скачки. Мы не хотим говорить на эту тему.

  1. Етістіктерді қалау райда қолданыңыздар.

Менің ( демалу, оқу, сөйлесу, тыңдау, танысу) келді.

Сенің ( ұйықтау, үйлену, аудару, киіну, қыдыру) келмейді. Сіздің (кездесу, ауыру, ойнау, сатып алу) келіп тұр ма? Оның ( жүру, жату, жұмыс істеу, ашу) келіп тұр ма? Біздің ( апару, тазалау, қайту, күлу) келіп тұрған жоқ. Олардың ( көмектесу, дайындау, іздеу) келе ме?

  1. Мәтіннің мазмұнын ашатын тірек сөздерді теріп, жазып шығыңыз.

  2. Мәтінді мазмұндаңыз.

(ОСӨЖ)

Наурыз мерекесі.

Жаңа сөздермен жұмыс:

Ұғым- понятие

Көк – зелень

Күнә- вина, грех

Араз – находящийся в ссоре

Тұтқын – пленник

Жібу – таить

Мәтінді оқып, аударыңыз:

Наурыз-парсы сөзі, қазақшасы»Жаңа жыл», «күн» деген ұғымды білдіреді. 22 наурыз – бүкіл Шығыс халықтарының мерекесі. Бұл- күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Наурыз күнін адамдар жаңа жылдың басы- «Ұлыстың ұлы күні» деп атап, зор қуанышпен қарсы алған. Наурыз күні халық таза киініп, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарханын барынша мол жаяды.

Наурыз- діни мейрам емес, жалпы халықтық мереке. Наурыз- табиғат мейрамы, аса зор салтанат, ұлы жиын.

Бұл күні қандай күнә болса да кешірілуге тиіс, жеке адамдар арасындағы бас араздықтар да кешірілуге тиіс. Ерте кезде Орта Азия әкімдері: « Бұл күні Самарханның көк тасы да жібиді»,- деп, зынданда жатқан тұтқындардың қол-аяғын босатып кешірім берген.

Бұл күні адамдар бірін-бірі мынадай сөздермен құттықтаған: «Ұлыс құтты болсын!», «Ақ мол болсын!», «Төрт түлік ақты болсын!», « Ұлыс береке берсін», « Бәле- жала жерге енсін!». Халқымызда бұл күнге арналған « Наурыз тойы», « Наурыз жыры», « Наурыз көже», « Наурыз батасы» деген салт-дәстүрлер бар.

Лексика- грамматикалық тапсырмалар

Сұрақтарға жазбаша түрде жауп беріңіз:

  • « Наурыз» қандай мереке?

  • « Наурызды» халқымыз қалай қарсы алған?

  • « Наурызда Самарханның көк тасы да жібиді» дегенді не үшін айтқан?

  • Әркім өздерінде жасалып жүрген наурыз көже туралы жазыңыз.

  • Қазіргі кезде өздеріңіз «Наурызды» қалай тойлап жүрсіздер?

2 тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін жазып шығыңыз.

Той-......................., ұғым-.............., кез-.........., көк-............, теңелу-.............,халық-................, араздық-................., жібиді-.........

3 тапсырма. Сөйлемдердің орын тәртібін дұрыс келтіріп жазыңыз.

  • Жасалады, наурыз көже, жеті түрінен, азықтың.

  • Шыққан, бұл, сөзімен, қазақ тіліндегі, «Жеті», байланысты.

  • Қазақстанның, аспауы керек, әр жерінде, жетіден, көженің құрамына, әр түрлі болғанмен, салынатын азық-түлік.

  • Қосылу керек, Наурыз көженің, су, сүт, тұз, ет, құрамына,бидай, тары, күріш, негізінен.

  • Бұған, қосылады, қыстан шыққан, сыйлы сыбағалы мүшелер де, қазы,шұжық, сүр ет сияқты.

  • Дәм татырады, осыдан кейін, көршілеріне, әр отбасы, ағайын, туған-туыстарына.

4 тапсырма. Мәтінді оқып, талдап, мазмұндама жазып, ойды жалғастырыңыз.

Қазақ халқының ертеден келе жатқан ең үлкен тойы- ас беру. Бұл дүниеден өткен ең белгілі адамдардың жылы толғанда оған жасалатын құрмет, ұлы жиын, бас қосу. Аста жүздеген ауылдар киіз үйлер тігеді. Бұған әр ауылдан есімі белгілі ақсақалдар, ақындар, палуандар, әнші, жыршылар, көкпаршылар шақырылып, жүйрік аттар әкелінеді. Асқа көп қаржы, мал жұмсалады. Жеңімпаздарға бәйге тиеді.

5. Мәтінді әңгімелеңіздер.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1-тапсырма. «Қазақ халқының тұрмыс-салт дәстүрлері», «Қазақ халқының әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлері» , « Қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлері» тақырыптары бойынша 1 реферат жазып, қорғау.

2 -тапсырма. Реферат тақырыбына байланысты 1 тұрмыстық жыр жатқа.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]