Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
138.38 Кб
Скачать

14. Мәтінді оқудан бұрын мына сұрақтарды талқылаңыз:

а) Әлемге ортақ қандай мерекені білесіз?

ә) Наурызды қай елдер тойлайды, бұрын қай елдер тойлаған?

б) «Наурыз» сөзінің мағынасын білесіз бе?

15. Мәтінді оқыңыз

Әлемге ортақ мереке

Наурыз мерекесі дүниежүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында орын алғаны белгілі. Мысалы, бұл мейрамды гректер «Патрих» деп атаса, хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», армяндар «Назосарди», чуваштар «Норис олхе» деп атайды. Христиан дінін қабылдағанға дейін Ежелгі Русь те Жаңа жылды 1 наурызда қарсы алған. Ал ағылшындар ХVІІІ ғасырдың бас кезіне дейін Жаңа жылды 29 наурызда мерекелеген.

Иранда Наурыз мерекесін бірнеше күн тойлайды. Бұл күндері олар әр жерге лаулатып от жағып, оның үстінен әрі-бері секіреді. Онысы: «От сияқты сұлу болайық» дегені. Бір-біріне жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынады, бір-біріне гүл ұсынып, үйлерінің қабырғаларына дөңгелек ою – «күн символын» салады, үйдің тіреу ағаштарына гүл іледі.

Ал ежелгі түркі елінде жаңа киімдерін киіп, алты күн садақ тартып машықтанып алғаннан кейін, 7-күні алтын теңге – жамбы атып жарысады. Егер кімде-кім бірінші атып түсірсе, бір күн елге патша болатын көрінеді. Бұл дәстүр гректерде де бар екен.

(«Қазақ елі», 27.03.1998)

16. «Әлемге ортақ мереке» мәтінінен қос сөздерді теріп жазыңыз.

17. Өз дәстүріңізбен салыстырыңыз.

а) Сіздің еліңізде Жаңа жыл қашан тойланады?

ә) Ұлттық тағамдар дайындала ма?

б) Қазақстанда Наурызды қарсы алып көрдіңіз бе?

в) Наурыз табиғат мерекесі ме?

г) Наурызда ұлттық тағамдар жеп көрдіңіз бе?

18. Наурызға байланысты ресми құттықтаулар жазыңыздар (Иранға, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Түркияға).

19. Телефон арқылы досыңызды, әріптесіңізді Наурыз мерекесімен құттықтаңыз.

20. Мына шағын мәтінге назар аударыңыз:

22 наурыз – күн мен түннің теңелген күні. Сонымен қатар жаңарудың, көгеріп-көктеудің, өсіп-өнудің басы. Демек, табиғаттың өзі ұсынып отырған жаңа жыл. «Наурыз» - парсының сөзі. Қазақша аудармасы – «жаңа күн».

21. «Наурыз мерекесі» туралы көршіңізбен сұхбаттасыңыз.

22. «Наурыз мерекесі» туралы жазбаша мәтін құраңыз.

23. Мәтінді оқыңыз.

Түркияда Наурыз мерекесі қалай өтеді?

Түркияның премьер министрі Тансу Чиллер ханымның тікелей араласуымен 1995 жылы республиканың ресми мейрамдарының қатарына мың жылдан аса тарихы бар «Наурыз» мерекесі қосылған болатын. Содан бері наурыз түркі әлемін бір-бірімен біріктіретін және тарихи дәстүрлер бойынша жалғастыратын мереке болып келеді.

Тақташы түркімендері Наурызды 22-23 наурыз күндері жайлауға көшкенде мейрамдайды. Яғни, бұл салт-дәстүр ата-бабаларының ежелгі діни сенімдеріне қатысты пайда болған. Сондықтан бұл мереке ескі санат бойынша 9 наурызда (22 наурыз жаңа санат) басталып, 12 наурызда аяқталады. Наурыз қарсаңында үйдегі барлық кір жуылып, түрлі тағамдар дайындалады. Одан соң адамдар бір-бірінің үйлерін аралап тағамдардан дәм татып «өлгендердің рухына тие берсін» деп тілек айтады.

Йоруктер (көшпелі малшылар қауымы) наурыз мерекесі күнін жайлауларда өткізеді. Жайлауға бұрын жеткендер «үй иесі» ретінде жаңадан келгендерді қонақ қылып күтеді. Кездескенде аспанға мылтық атылып, «наурыздарың құтты, малдарыңыз сүтті болсын» деп тілек айтады.

Оңтүстік Анадолы (Ғазиантепте) маңында 22 наурыз «Сұлтан Наурыз» деп аталады. Жергілікті халықтың сенімі бойынша күн теңелетін түні белгісіз уақытта аяғындағы білезікті сыңғырлатып, кесте тоқи отырып ғажап сұлу қыз батыстан шығысқа қарай аспанды кесіп өтеді. Кейбір аңыздарда құс киімін киген жігіт деп те аталады. «Сұлтан Наурыз» уақытын көрген адамдардың тілегі қабыл болады деген сенім қалыптасқан.

Дияр бақыр жеріндегі халық наурыз кезінде көпшілік қоғамдық орындарға жиналып, мерекені сән-салтанатпен атап өтеді.

Наурыз мейрамына Осман империясының сұлтандары да зор мән берген. Наурыз қарсаңында олар өлең түрінде «Наурызия» жазып түрлі елдердің патшаларына жөнелтіп отырған. Бұл күні бас жұлдызшы сұлтандарға болжамнама (гороскоп) жасап апарып, сыйлық алып отырған.

(«Түркістан», көкек, 1998 ж.)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]