Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
138.38 Кб
Скачать

5. (Салыстырыңыз, жазыңыз, жалғастырыңыз.

Нобель сыйлығы

Екеуіне де ортақ

Король Файсал

сыйлығы

А) Бес салаға бөлінеді:

1. Физика

2. Химия

3.Медицина

Математика жоқ

Б) Нобель сыйлығы – ғасыр сыйлығы. Нобель- өзі де ғалым

в) ......

г) .......

Нақты гылымдарға да беріледі.

Медицина бар

Екеуі де халықаралық сыйлық.

а) бес ғылым саласына:

1. нақты ғылымдар

2. медицина

3. араб әдебиеті

Математика бар.

Б) Король Файсал сыйлығы – ғасыр сыйлығы емес. Король Файсал – мемлекеттік қайраткер.

в) ......

г) .......

6. Сұрақтарға жауап беріңіз. Бірінші қысқа жауап беріңіз, содан соң толық түрде жауап беріңіз.

Үлгі: Сіз Нобель сыйлығының лауреаттары туралы кітапты өзіңізге

немесе өзіңіздің досыңызға алдыңыз ба?

  1. Өзіме 2) Мен Нобель сыйлығының лауреаттары туралы кітапты өзімнің досыма алдым.

1.Сіз керемет отбасы – Кюрилер туралы маған немесе студенттерге

әңгімелеп бересіз бе?

2.Сіз ағаңызға немесе әпкеңізге хат жаздыңыз ба?

3.Сіз досыңызға немесе өзіңіздің сіңліңізге звондадыңыз ба?

4.Сіз деканға түсініктеме хат жаздыңыз ба?

7.Сөйлемдерден адресат-объектіні табыңыз. Сұрақ қойыңыз.

Бейбітшілік сыйлығынан басқа барлық сыйлықтар тек жеке адамдарға

және бір-ақ рет беріледі. Тек ерекше еңбектері үшін М.Склодовская-Кюриге (1903, 1911), Л.Полингке (1954, 1962 екі рет берілді. 1901 жылдан 1973 ж. дейін 311 адамға халықаралық Нобель сыйлығы берілген. 1962 ж. Л.Д.Ландауға халықаралық Нобель сыйлығы берілген.

(Қазақ энциклопедиясынан)

8. Сұхбатты оқыңыз. Ұқсас сұхбат құрыңыз.

– Сәлематсыз ба, Гүлсім Сейілханқызы! Мейрамыңызбен! Біз сізге денсаулық, жақсылық, табыс, бақыт тілейміз.

– Үлкен рахмет, мен де сіздерге денсаулық пен табыстар, қуаныштар тілеймін.

9. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз.

Нобель өсиет хатында: «Барлық қаржысын марапаттау қорына қалдырамын», - деді. Арвин Нобельдің өсиет хатын оқығаннан кейін: «Ақшаның бәрі қор құруға жұмсалады,» - деді. Арвин: «Залдағы тыныштықты қара сюртуктегі кісі бұзды», - деді. Ол Нобельдің туысы еді. Нобель өсиет хатында «Табыс жыл сайын ғылымның бес саласына бөлінеді», - деді.

10. Сөйлемдегі көп нүктенің орнын толтырыңыз. Соңында берілген сөздерді пайдаланыңыз.

Ол ......... қорқақ. Ол ......... қу. Ол .......... аңқау. Ол .......... кекшіл. Ол .......... сақ (түлкі, қоян, аю, сауысқан, жылан)

Пайдаланылған әдебиет

Күзекова З.С., Әбдіқұлова Р.М. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. – Алматы, 2008. 13-18 бб.

15-САБАҚ

Ең бақытты ел қайда

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын байыту.

  1. Сөздікпен жұмыс: еңсе, кедейшілік, әлеуметтік бірлік, терең зерттеулер, мәліметтер, сауалнама, сіңірі шыққан кедей, өзара егес, күтпеген нәтиже

Ойтүркті сұрақтар:

а. Ең бақытты ел қайда деп ойлайсыз?

б. Сіздің еліңіз бақытты ма?

в. Қандай елдерді бақытты деп санайсыз?

Мәтінді оқыңыз.

Қазіргі адамдарға бақытты болу үшін байлық қана емес, денсаулық сақтау мен білім берудің жақсы жүйесі де керек. Мұны британ ғалымдарының зерттеуі дәлелдеді.

Үнемі еңсеңіз түсіп жүресіз бе? Британиядағы лейтер университетінің зерттеушілері мұның себебі сіздің өз еліңізде тұрмайтындығыңыздан болуы мүмкін екенін айтады. «Бақыт картасын» бірінші рет жасап шығарған лестерлік психолог Адриан Уайлттың мәліметі бойынша, әлемдегі ең бақытты ел Дания. Уайттың зерттеуінде орасан көлемді статистикалық мәліметтер әлемнің 178 елінде тұратын 80 000 адамның жеке пікірі қарастырылған. Бақытты елдердің алғашқы ондығында. Дания және Еуропаның тағы бес елі, оның ішінде Швейцария, Австрия және Исландия кірген, ал кестенің соңында Зимбабе мен Бурунди тұр. Ең бақытты елдер қатарына бай және ақылды елдер кіргені таң қалдырмайды. «Негізгі факторлар ретінде біз денсаулық сақтауды, кедейшілік деңгейін және базалық білімге қол жеткізу мүмкіндігін қарастырдық», дейді Уайт. Тұрғылықты халықтың саны да өз ролін ойнамай қоймайды. Күшті әлеуметтік бірлігі және аса жоғары ұлтшылдық сезімі бар шағын елдердің нәтижесі жоғары, ал халық саны көп елдер кесте соңына қарай орын алған. Мысалы, Қытай бұл тізімде -82, Үндістан- 125, Ресей -167 орында. АҚШ 23-орынға орналасқан.

Жыл аяғында жарияланатын Уайттың зерттеулері британ БАҚ-тарының өмірге қанағаттану тақырыбына үлкен қызығушылық танытуына жауап ретінде жүргізілген.Жақында өткізілген ВВС сауалнамасы бойынша, Британия халқының 81 пайызы өздерін үкіметтің бай емес, бақытты етулерін қалайтынын білдірген. Ауа-райы үнемі жауын-шашынды болып, еңсені басып тұратынына қарамастан, Уайтт зерттеуінде Англия 41-орын алды.

«Бақыт картасы» жасап шығу үшін Уайт терең зерттеулер жүргізді. Ол ЮНЕСКО, ОББ, «The Economics Foundation» қоры, Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы, т.б. ұйымдардың мәліметтерін талдады, сосын әлем бойынша 80000 адамнан жауап алды.

Әрине, денсаулықтың мықты болуы бақыттың кілті ғой, дегенмен ақша бақыт есігін ашуға көмектесетінін ұмытпаған жөн. Швейцария (2-орын), Люксембург (10) сияқты бай елдер кестенің алғашқы орындарына жайғасқан. Соңғы орындарда Африка елдерінің қалып қойғаны таңдандырмаса керек, өйткені олар бай да емес, бақытты да емес.

СПИД-пен ауыру деңгей 25%, орташа өмір сүру ұзақтығы 39 жас, кедейшілік деңгейі 80%, Зимбабе 177-орында қалды. Ал тағы африкалық ел-Бурунди, халқының «небары» 68 %-ы сіңірі шыққан кедей болса да, Хуту және тутси тайпаларының өзара егесінің «арқасында» тізімнің соңында, 178 орында қалды.

Уайттың айтуынша, ол өзі еш күтпеген нәтижесе – Азия елдерінің төмен нәтиже көрсетуі. Қытай -82-орында, Жапония-90, Үндістан – 125-орында. («Жас қазақ») 20.10.2006ж.)

4. Түсінікті тексеруге арналған төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер

1. Мәтін не туралы?

A бақытты ел туралы

B) көлдер, теңіздер

С) таулар, далалар

D) теңіздер, құрылықтар

2. Қазіргі адамдарға бақытты болу үшін байлықтан басқа тағы не керек?

A денсаулық сақтау, білім берудің жақсы жүйесі

B) тек қана қаржы

С) денсаулық

D) білім және қаржы, машина

3. Британдық психологтың дәлелдеуінше қай ел ең бақытты?

A) АҚШ

B) Германия

С) Дания

D) Жапония

4. Бақытты елдердің алғашқы ондығында қай мемлекеттер бар?

А) Дания және Еуропаның бес елі

B) Ресей, Прибалтика елдері

С) Канада, Қытай

D) Жапония, Африка елдері

5. Бақытты елдер кестесінің ең соңында қай мемлекеттер?

A) Зимбабе, Бурунди B) Швейцария, Испания C) Қытай, Жапония D) Германия

6. Бақыттың кілті ең бірінші не деп ойлайсыз?

A) әрине, денсаулық B) ақша C) қаражат D) байлық

7. Бақытты ел деп айту үшін зерттеушілер қандай факторларды алды?

A) денсаулық сақтау, кедейшілік деңгейі, базалық білімге қол жеткізу B) кедейшілік деңгейі C) базалық білім D) байлық, қаражат, ақша, білім

8. Қандай елдер «бақытты ел» кестесінің соңына қарай орналасқан?

A) халық саны жоғары елдер B) халық саны аз елдер C) Еуропа елдері D) АҚШ

9. Уайттың зерттеуінше Англия қай орында?

A) бірінші B) оныншы C) соңғы D) қырық бірінші

10. «Бақыт картасын» жасап шығу үшін Уайт қандай зерттеулер жүргізді?

A) терең, көп мәліметтермен B) аз C) аз мәліметтермен D) тек қана 80000 адамнан жауап алды.

11. Қай елде орташа өмір сүру ұзақтығы қанша жас?

A) 80 жас B) 90 жас C) 45 жас D) 39 жас

12. Уайттың айтуынша, қай елдер төмен нәтиже көрсеткен?

A) Азия елдері B) Шығыс Еуропа C) Батыс Еуропа D) Ресей, Балтық жағалауы елдері

4. Сіздің пікіріңізше, қай елдер бақытты?

5. Бақытты ел картасын жасау үшін қандай өлшемдер алар едіңіз?

6. Ел бақытты болу үшін не істер едіңіз?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]