Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
138.38 Кб
Скачать

1.Берілген ойды құптаңыз не құптамаңыз.

1. Ескерткіш ХҮ ғасырда салынған.

2. Кесенені әйгілі қолбасшы Ақсақ Темір салдыртыпты.

3. Тайқазан сегіз металдың қосындысынан құйылған.

4. Кесене көне Сайрам қаласында орналасқан.

5. Алып тайқазан Санкт-Петербургтегі Эрмитажда болған.

6.Кесене Орта Азиядағы зәулім, қыштан соғылған ғимарат.

  1. Мәтінді оқыңыздар және мазмұндаңыз.

Ахмет Иассауи ғибраты

Ахмет Иассауи - білімпаз-ғалым, ақын, ойшыл, бүкіл түрік жұртының рухани атасы. Ол қазіргі Шымкент облысындағы Сайрамда туып, Қазақстан жерін Үнді, Қытай, Еуропамен байланыстырған Түркістан қаласында тұрды. Ол »Хикметтер» атты кітабын жазған. Бұл кітабы адамдық, ізгілік жолына үндейді. Иассауи сақтандырған бес нәрсе мыналар:

Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық бол,

Менмен,тәкәппар болма,

Дүние-мүлік үшін арыңды сатпа,

Арамдықтан аулақ бол,

Еріншек болма.

  1. «Менмен, тәкаппар» сөздерін орыс тіліне аударыңыз.

  2. Сөздердің антонимін табыңыз.

Білімпаз Қашық Арамдық

1.ақылды 1.жақын 1.арсыздық

2.надан 2.алыс 2.адамдық

3.шешен 3.шалғай 3.адалдық

  1. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Адамдық жол, жол жүру, жол табу, жолы болу, ұзақ жол,

ақ жол.

  1. А. Иассауи сақтандырған бес нәрсе нелер? Артық сөзді

табыңыз.

1. тәкаппарлық

2. арамдық

3. жомарттық

4. арсыздық

5. жалқаулық

Әлемнің жеті кереметі

1.Сөздерді есімізде сақтаймыз

Жаулап алу, саяхатшы, қызықтыру, керемет, аспалы бақ, шамшырақ, қорған, мүсін, арал, аңшылық

2. Мәтінді оқыңыздар.

Біздің заманымызға дейінгі ІІІғасырда Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан аумақтарын жаулап алып, ұлы империя құрған. Саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі жеті орыннан сәулет ескерткіштерін таңдап, «Әлемнің жеті кереметі» деп атаған. Олар мыналар:

1.Мысыр пирамидалары

2.Вавилонның аспалы бағы

3.Эфестегі Артемида ғимараты

4.Олимпиядағы Зевстің мүсіні

5.Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы

6.Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн құдайы Гелиостың биіктігі 45

м. мүсіні

7. Александрия шамшырағы

Бұл алғашқы 7 кереметке тағы басқа кереметтер қосылып келеді.

Солардың ішінде: Ұлы Қытай қорғаны, Стамбулдағы Әулие София шіркеуі, Тунгус метеориті т.б. жатады.

(Ә. Асан)

3.Сөйлесеміз

Құптаңыз не құптамаңыз Иә, дұрыс Жоқ, дұрыс емес

Ескендр Зұлқарнайын деп Александр Македонский деген ұлы қолбасшыны атайды.

Мысыр пирамидалары египет жерінде салынған.

Вавилон-қазіргі иран аумағындағы көне қала.

Артемида-грек мифологиясындағы аңшылық құдайы.

Галикарнас қаласы-қазіргі Түркияда орналасқан көне қала.

Гелиос-күн құдайы.

Әлемнің жеті кереметі қазақстанда да бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]