Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
138.38 Кб
Скачать

Пайдаланылған әдебиет

Тойбекова С., Кәрібаева С. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы, 2008. 185-189 бб.

13-сабақ

Ахмет Иассауи кесенесі

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын байыту.

1.Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.

Бірлік, бөлік, дәм тату, зәулім, кесене, көлденең, күмбезді, қонақжайлық, құрылыс, қыш, монументті құрылыс, мұражай, ою-өрнек, салдыру, сәулет ескерткіші, сәулет кешені, сәулетші, ұзындық, қасбеті, оймышты мозаика, термелі.

Ахмет Иассауи кесенесі

Сәулет өнерінің ХІҮ-ХҮ ғасырдың басындағы айтулы үлгісі Яссы (қазіргі Түркістан) қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесене-мешіті. Кесенені Ахмет Иассауи қайтыс болғаннан кейін 200 жыл өткен соң атақты қолбасшы Ақсақ Темір салдыртқан.

Ахмет Иассауи ескерткiшi - Орта Азия мен Қазақстандағы бiздiң заманымызға дейiн сақталған ең зәулiм, күмбездi, қыштан соғылған оймышты және термелі мозаикамен безендірілген ғимарат. Оның көлденеңi - 46,5м, ұзындығы - 62,5 м. Сыртқы көрiнiсi симметриялы жинақы келген құрылыс, үлкендi-кiшiлi 35 зал мен бөлмелерден тұрады. Оның 182 метрлік шошақ төбелі күмбезі ерекше көрінеді. Құрылыстың қасбетіне күйдірілген тақта кірпіштер пайдаланылған. Қазақ хандығы кезінде кесене хандарды, басқа да әйгілі тұлғаларды жерлейтін киелі қорым болған. Бұл орында қазақтың атақты мемлекет қайраткері Абылай ханның мәйіті жатыр. Бой көтергеніне алты ғасырдың жүзі өтсе де, осынау монументті құрылыс өзінің айбынды ауқымымен де, ою-өрнегінің қайталанбас сұлулығымен де көрер көзді таңырқатудан танбай келеді. Оның кейбір нұсқа бөліктері өзінен кейінгі сәулетшілікте кеңінен пайдаланылды. Кесененің композициялық бітімін, әсіресе, мешіт құрылысында көбірек қолданады.

1978 жылдың қыркүйегiнен бастап Ахмет Иассауи сәулет кешені мұражай болып ашылды. Мұражай экспозициясы ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ қолөнерімен таныстырады.

Ахмет Иассауи кесенесі тамаша қолөнер шығармаларының үлкен бiр қоймасы iспеттес.

1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

- Ахмет Иассауи кесенесін кім салдыртқан?

- Кесене қай жерде орналасқан?

- Кесененің сыртқы көрінісі қандай?

- Кесененің тұрғызылғанына қанша уақыт болған?

- Ғимаратқа қандай құрылыс материалдары пайдаланылған?

2.Мәтіндегі сан есімдерді теріп, жазбаша үлгіде келтіріңіз.

3.Сөздердің синонимдік қатарын жазыңыз.

Зәулім, атақты, сәулетті, алып, қасиетті

4.Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

Тайқазан

Ахмет Иассауи кесенесінің сәулеттi залы, аса құнды материалдық мұра - қазандық. Залдың төбесіне орта Азиядағы ең үлкен күмбез төңкерілген. Тайқазанға 60 шелек су сияды, салмағы екi тонна, диаметрi 2,45 метр.Тайқазан 1399 жылы Түркістан шаһарынан 25 шақырым жердегі Қарлақ деген жерде 7 асыл металдың (темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, қола) қосындысынан жасалған. Оған толтырылған судан жұма намаздан соң, қасиеттi су ретiнде мұсылмандар дәм татқан. Көрші асхана залында пісірілген бидай ботқа осында жиналған мүгедектер мен кедейлерге таратылатын болған. Тайқазан - бiрлiк пен қонақжайлықтың белгiсi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]