Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
138.38 Кб
Скачать

Лексикалық тақырып: Ахмет Байтұрсынов. Грамматикалық тақырып: Есімше.

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын байыту.

Мәтінді оқып, аударыңыз.

Ахмет Байтұрсынов (1872 - 1938)

Отызыншы жылдары сталиндік озбырлықтың құрбаны болған ұлы ғалым- лингвист, әдебиет зерттеушісі, ақын, аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсыновтың ардақты есімі ақталып, артына қалдырған асыл мұрасы қайтып оралды.

Ахмет Байтұрсынов Қостанай облысы Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде 1873 жылдың 18 қаңтарында дүниеге келген. Ахметтің «Өмірбаянында» көрсетуінше, мешін жылы (1872) Торғай уезі, Тосын болысы 5 ауылда туған. 1886 – 1891 жылдары Торғай қаласындағы екі класты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады.

1895 жылдың маусым айының 1-нен бастап мұғалім болады, бала оқытады, өмір, тәрбиелік күресіне араласады. Әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. 1901 жылдан бастап әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең-жыр тудырады, фольклор нұсқаларын жинайды.

1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт интеллигенциясының көптеген өкілдерімен бірге Кеңес өкіметі жағына өтеді. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери-революциялық комитеттің мүшесі ретінде оның тұрмысына белсене араласады. Республика халық ағарту комиссары, Бүкіл Одақ Орталық Атқару комитетінің мүшесі, коммунистік партия мүшесі (1920-1926 жылдар), Қазақстан Академиялық Орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болады, сөйтіп жаңа заман үшін күреске түседі.

Сталинизм қылышынан қан тамған кезеңде, Ахмет Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір ұсталып, абақтыға қамалып, лагерь тепкісіне түсіп, ұзақ азап көріп, 1936 жылы қайтып келгенмен, 1937 жылы тағы репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылды. Ұлы жүректің ауыр тағдыры осындай...

Ахмет Байтұрсыновтың ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған еңбегі, тартқан қорлығы, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы - баршасы туған халқына, халқының болашағы үшін қызмет етуге арналған.

Сөздерді есіңізде сақтаңыздар:

озбырлық - узупаторство қылышынан қан тамған - кровавый

ардақты - уважаемый, чтимый абақты - тюрьма

нұсқа - образец санатында - здесь: как, в качестве

қателік - ошибки қозғалыс - восстание, движение

түңілу - потерять надежду

сары уайым - тоска

адасу - заблуждаться

репрессияға ұшырау - быть репрессированным

Лекика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұны бойынша сұрақтар жазыңыздар

2-тапсырма. Мәтінен тауып, жазыңыздар.

3-тапсырма. Есімшенің қызметін еске түсіріңіз.

Е сімше 1. етістік (қимыл-әрекетті білдіреді)

(-ған, -қан, -кен 2.сын есім (зат, құбылысты айқындайды)

3.зат есім (қимыл-әрекет иесін білдіреді) -ар, -ер, -р 4.үстеу (мезгіл мәндес тұлғада

қолданылады)

-атын,-етін,-йтін)

е стіген 1.оқиға туралы естіген (қайткен?)

2. естіген адам біледі (қандай адам?)

3. естігеннен сұрау керек (кімнен?)

4. естіген соң, естігеннен кейін (қашан?)

4-тапсырма.Мақалдардан есімшелерді тауып, олардың сұрақтарын айтыңдар.

1.Айтысқан ауыл болмас,

Болыспаған бауыр болмас.

2. Өсетін елдің қарты

Қазына болар,

Өспейтін елдің қарты

Қазымар болар.

3. Көп жасағаннан сұрама,

Көпті көргеннен сұра.

4. Еңбек деген байлық бар,

Ерінбеген жететін.

Жоқшылық деген жебірді

Жермен-жексен ететін.

5-тапсырма. Төмендегі етістіктерден әр түрлі есімшелер жасаңдар.

Үлгі: жаз – жазған, жазатын, жазар, жазбас.

Жаз. Көмектес. Кел. Айт. Сөйле. Ізде. Көр. Түсін. Оқы. Жина.

Оқытушының басшылығымен жүргізулетін студенттердің өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.

«Өнер алды –қызыл тіл» - «Красноречие – верх искусства»

сөз қадірі – цена слова

аңдау – догадаться, понимать

меңзеу – направить, намекенуть

түю – сделать заключение

айтуға жарау – выразить

айтып білдіруге- чтоб передать

шығармалардың да сөздері – словоупотребление во всех произведениях

сөздің басы – вступление

өзіндік – своеобразный

айырым белгі – отличительная черта

сезілу – почуствовать

Оқыңыз, аударыңыз.

Сөз өнері

«Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз қадірін білгендіктен айтқан.

Сөз өнері ақылға, қиялға, қөңілге байланысты болады. Ақыл ісі – аңдау. Қиял ісі – меңзеу. Көңіл ісі – тую. Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын, қиялдың меңзеуін айтуға жарау. Оны тілмен айтып білдіруге көп шеберлік керек. Мұны мынадан байқауға болады: орыстың асқан ақыны А.С.Пушкин өлеңдерінің кейбіреуін 13 рет түзеткен. Лев Толстой шығармасын баспаға беріп қойғаннан кейін де талай түзетіп, талай өзгертеді екен.

Шығармалардың да сөздері бәрі жақсы бола бермейді...Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырады.Сондықтан әрқайсысында өзіндік айырма-белгілер болады. Ол айырма-белгілерін жай айтып түсіндіру қиын, олар әрқайсысының шығармасын оқып, әбден танысып болғанда ғана сезілетін белгілер...

Лексика - грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз

2-тарсырма.А.Байтұрсыновтың "Сөз өнері" мәтініне өз пікіріңізді білдіріңіз.

3-тапсырма. Мәтіннен есімшені тауып жазыңыздар.

4-тапсырма.Сөз тіркестерін аударып,сөйлем құраңыз.

Крупный ученный;одаренный ученик;талантливый педагог;авторитетный человек;культурные связи;сознательный человек;древняя культура.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1-тапсырма. Өленді жатқа айтыңыз.

Оқуға шақыру

Балалар, оқуға бар, жатпа қарап!

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!

Шақырды тауық мана әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн жылтырап.

Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,

Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да.

Кішкене қоңыз да жүр жүргін сүйреп,

Барады аралар да ұшып балға.

Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,

Оянып жан-мақұлық түнде қонған.

Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,

Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.

Өзенде балықшылар ау қарап жүр,

Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.

«Аллалап», ал кітапты қолдарыңа! –

Құлдарын құдай сүймес жалқау болған.

Ахмет Байтұрсынов

2-тапсырма. «А.Байтұрсынов – ғалым-лингвист, аудармашы» тақырыбына шығарма жазыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]