Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
138.38 Кб
Скачать

Пайдаланылған әдебиет

Тойбекова С., Кәрібаева С. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы, 2008. 163-168 бб.

8-сабақ

Лексикалық тақырып: Шоқан Уәлиханов. Грамматикалық тақырып: Мөлшер үстеу.

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын байыту.

Сөздерді есіңізде сақтаңыздар:

еркелетіп қойған аты – уменьшительно- асыл мұра - ценное наследие

ласкательное имя хатқа түсіру - записать

ақылды - умный Іле өлкесі - территория Или

парасатты – понятливый күнделік - дневник

әжесінің бауырында - воспитывала бабушка қоғам - общество

хат тану - обучиться грамоте озық ойлы - прогрессивно

мыслящий

озат – лучший туған бауырындай - как брата

тыйым салынған – запрещенный мемлекет мүддесін қадір тұтушы-

болашақ – будущий защитник интересов государства

Ыстықкөл аймағы - окрестности Иссык Куля құйрықты жұлдыз - комета

Мәтінді оқып, аударыңыз.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865)

Шоқан Уәлиханов - қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы және зерттеуші. Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерінде туған.

«Шоқан» - деген аты әке-шешесінің еркелетіп қойған аты. Ақылды, парасатты Шоқан әжесінің бауырында өсті. Ол ерте хат таныды. Кітап оқуды өте жақсы көрді.

Шоқан Уәлиханов 12 жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті. Әуелде орысша бір ауыз сөз білмей келген Шоқан, екі-үш жылдың ішінде озат оқушылардың қатарына қосылды. Ол сол кезде оқуға тыйым салынған кітаптарды оқыды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақ ғалым, зерттеуші деп атады.

Шоқан Уәлиханов Семей, Аягөз, Капал, Алакөл, Тарбағатай, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау жерлерінде болып, қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясына байланысты материалдар жинады.

Ыстықкөл аймағында болып, қырғыз, ұйғыр, дүнген, қытай халықарының тарихын, өмірін зерттеді. Қырғыз халқының асыл мұрасы «Манас» жырын алғаш рет хатқа түсірді. Оның «Іле өлкесінің географиялық очеркі», «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», т.б. зерттеулері бар.

1857 жылы Шоқан жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Үлкен ғалым атанды. Ол орыс халқының алдыңғы қатарлы, озық ойлы ғалымдары П.П.Семенов - Тянь-Шанскиймен, Ф.М.Достоевскиймен дос болды. Ф.М.Достоевский Шоқанды туған бауырындай көрді. Шоқан туған халқының жақсы тұрмысқа жетуін армандады. Шоқанның еңбектерін орыс ғалымдары жоғары бағалады. Шығыс зерттеушісі Е.И.Ковалевский Шоқанды «Қазақ халқының ең жақсы досы әрі орыстың мемлекет мүддесін қадір тұтушы» - деп атады. Потанин оны «Шығыстың құйрықты жұлдызы» -деді. Шоқанның еңбектері бірнеше рет қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді. Алматыда, Көкшетауда ескерткіштер орнатылды. Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтына Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.

Лексика - грамматикалық тапсырмалар

1 – Тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрыңыз.

2-Тапсырма.Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

а) Орыстың ғалымы Потанин Шоқанды неге «Шығыстың құйрықты жұлдызы» -деді.

ә) Ш.Уәлихановты халық қалай бағалайды?

б) Шоқан – фольклортанушы байлынысты қандай? Фольклорға байланысты қандай еңбектер бар?

3 – Тапсырма

Мына сөз тіркестеріне орыс тілінен балама табыңыз.

Қазақтан шыққан, деген жерінде, әжесінің бауырында, хат таныды, өте жақсы көрді, оқуға түсті, орысша бір ауыз сөз білмей келген, екіүш жылдың ішінде, қатарына қосылды, ауыз әдебиетінің үлгілері, хатқа түсірді, алдыңғы қатарлы, озық ойлы, туған бауырындай көрді, жоғары бағалады, жарық көрді, есімі берілді.

4 – Тапсырма

Әр сөздің тұсына орысша вариантын жазыңыз.

Семей - ... Баянауыл - ... Ыстықкөл - ...

Аягөз - ... Көкшетау - ... Жоңғария - ...

Қапал - ... Іле - ... қырғыз - ...

Алакөл - ... Шоқан Уәлиханов - ... дүнген - ...

Тарбағатай - ... Омбы - ... қытай - ...

Қарқаралы - ... орысша - ... ұйғыр - ...

5 – Тапсырма

Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Чокан Валиханов родился в 1835 году в нынешней Кокчетавской области. Настоящее его имя – Мухаммедханафия. Чокан – это ласкательное имя, данное ему родителями. В 12 лет он поступил в Омский кадетский корпус. Он учился очень хорошо. Он впервые записал эпос киргизского народа «Манас». Чокан Валиханов – великий ученый, исследователь, этнограф, географ, историк, просветитель, демократ.

Оқытушының басшылығымен жүргізулетін стеденттердің өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Шоқан музыка өнерінде

Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.

Шоқан кезеңін -

Музыка қайраткерлері -

гүлдену шағы -

деңгей –

поэзиямен сабақтастығы-

қабыздың сүйемелінде –

жіктеп жазған, таратқан –

әсері аспап –

бақсылық –

шаман дінінің жұрағаты –

ниет етеді –

көзқарас –

ынта –ықлас –

дүркін –

толғама –

тебірене –

Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Шоқан музыка өнерінде

Музыка зерттеуші ғалымдар мен музыка қайраткерлері Шоқан кезеңін қазақ халқы музыка мәдениетінің гүлдену шағы, халық музыка творчествосының классикалық деңгейге көтерілген дәуірі деп санайды.

Музыканың поэзиямен сабақтастығы төңірегіндігі Шоқан пікірін шамамен 1855-1856 жылдары жазған «Қазақ халық поэзиясының формалары» атты еңбегінен үшыратамыз. Бізге толық жетпеген бұл зерттеуінде Шоқан «Ер Көкше», «Ер Қосай» мен «Орақ батыр» жырларынан мысал келтіре отырып, жырдың жалпы сипаттамасын қара сөзбен әңгімелей келіп, бас кейіпкердің іс-әрекеттері мен ой-пікірі өлеңмен, яки қобыздың сүйемелінде айтылатындығын жіктеп жазған. Мұнан шығатын қорытынды, поэзияның музыкамен үштасатындығын Потанин мен Затаевичтен бұрын байқап, таратқан – Шоқан.

Ол музыкалық аспап – қобызды «ойналуы өте күрделі, тартымды да әсерлі аспап» деп жоғары бағалайды.

Қазақ халқының дәстүрлі музыка өнері мен музыкалық қабілетіне қатысты Уәлиханов көзқарасының басы ашық. Шоқан қазақтардың музыкаға деген ынта-ықаласы мен үлкен сүйіспешілігін бірнеше толғана, тебірене жазған.

Лекика-грамматикалық тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұны бойынша сұрақтар жазыңыздар

2-тапсырма.

Жазбаша өз пікіріңізді білдіріңіз

а) Шоқан – қобызға қандай баға берді?

ә) Қазақ халқының дәстүрлі Музыка өнеріне Шоқан қөзқарасы қандай?

3-тапсырма. Мына сөздердің синонимдік қатарын жасаңыздар: ұшырату, ел, жіктеу.

4-тапсырма.

Жақшаның ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін аудырып жазыңыз.

Шоқан деген ат (ласкательное имя, данное ему родителями), оның шын аты –Мұхаммедканафия. Шоқан 1835жылы қазірігі Көкшетау облысында (родился). Шоқан Уәлиханов 12жасында (Омский кадетский корпус) оқұға түсті. Ол (лучший) оқушы болды, мұғалімдер оны 14-15 жасында (будущий, ученый, исследователь) деп атады. Ол (образцы устного народного творчества казахского народа, история, этнография) байланысты материалдар жинады.

5-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіз.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1-тапсырма. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып Шоқан Уәлиханов туралы шығарма жазыңыз.

2-тапсырма. Екеуара жұмыс істеңіз. Сұхбат құрыңыз.

а) Шоқан Уәлихановтың қандай еңбектерін білесіз?

ә) Шоқан Уәлихановтың ашқан жаңалықтарын білесіз бе?

б) Қазақ халқы Ш.Уәлихановты қалай бағалайды?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]