Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
138.38 Кб
Скачать

1. Нақыл сөздердің мағынасын ашып, жаттап алыңыз.

1) Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім.

(М. Әуезов)

2) Бақыт жолы біліммен табылады.

(Ахмет Югнаки)

3)Халыққа қызмет етудің жолдары да, амалдары да көп ақ. Солардың мен білетін жолы – ғылым

(Әлкей Марғұлан)

4) Білімнен қымбат нәрсе жоқ,

Көңілде жатса баспай тат

(Н. Байғанин.)

Реферат жазып, қорғаңыз.

Ағылшындар үшін тақырып

«Американың білім беру жүйесі».

Пайдаланылған әдебиет

Тойбекова С., Кәрібаева С. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы, 2008. 72-78 бб.

3-САБАҚ

Әлемге ортақ мереке

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын байыту.

1. Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз:

Самырсын, қамалы, салтанат, тойламайтын көрінеді, тоғысу, сәт, кектену, шынайы, көне, балауыз, шырақтар, топ-томпақ, күлше нан, ортақ, тұрмыс-салттық, мұхит, мұңдану, ренжу, ашулану, ұрсысу, сенім, кемелер, бұтақтар, таяқтар.

2. Мына сөздердің синонимін табыңыз: тағам, дайындау, сенім, бүкіл, мұңдану, өрнектеу.

3. Түбірлес сөздердің мағынасын анықтаңыз.

а) қуан, қуана, қуанып, қуанған, қуанғанда;

ә) дүниежүзі, дүниежүзінде, дүниежүзілік;

б) мереке, мерекелік, мерекелеу, мерекемен;

в) шын, шындық, шынайы, шынайылық;

г) орын, орынды, орындау, орында, орындаушы, орындаушылық, орынбасар, орнат, орнатылған, орнату, орнықты, орнықтылық;

ғ) міндет, міндетті, міндеттеу, міндеттілік, міндетсіну;

д) шырақ, шырағдан, шырақшы, шырағым.

4. Ойтүрткі

1) Сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Қандай мерекелерді білесіз?

ә) Сізге қай мереке ұнайды?

б) Қазақстанға тән қандай мерекелерді білесіз?

в) Әлемге ортақ қандай мерекені білесіз?

2) Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар:

а) Әлем халықтары Жаңа жылды қалай қарсы алады?

ә) Наурыз мерекесін қай елдер тойлайды?

Үлгі: Гвинеяда жылдың алғашқы күнінде адамдар міндетті түрде көшеге піл жетектеп шығады. Сосын ән айтылады, би биленеді.

Қытайда дастарқанға міндетті түрде нарцисс гүлі қойылуы керек.

Ливанның мемлекеттік жалауында самырсын (бал қарағай) бейнеленген. Сондықтан да ливандықтар жаңа жылда ортаға өзгелер секілді шыршаны емес, самырсынды қойып, әшекейлейді.

3) Досыңыздан, көршіңізден сұраңыз:

а) Жаңа жылды кіммен қарсы аласыз? (отбасыңызбен, достарыңызбен)

ә) Жаңа жылды үйде қарсы аласыз ба әлде қонаққа барасыз ба?

б) Жаңа жалға арнап мерекелік дастарқан дайындайсыз ба?

в) Жаңажылдық дастарқанда қандай тағамдар болуы тиіс деп ойлайсыз?

г) Кімдерге құттықтау хаттарын жолдайсыз? (досыңызға, анаңызға, туыстарыңызға, ағаңызға, қарындасыңызға, т.б.)

5. Жаңа жылға құттықтау хатын жазыңыз.

6. Оқыңыз

Әлем, Жаңа жыл және біз

Жаңа жылды қуана қарсы алу – дүниежүзінде бар дәстүр екен. Дегенмен, елдің бәрі бірдей бұл мерекені 31-желтоқсанда тойламайтын көрінеді.

Мысалы, Үндістанда Жаңа жылды қазан-қараша айларының тоғысқан сәтінде тойлайды екен. Үнділіктердің сенімі бойынша Жаңа жылдың алғашқы күні қалай өтсе, бүкіл жыл солай өтпек. Сондықтан да бұл күні біреуге кектенуге, ренжуге, ашулануға, ұрсысуға, мұңдануға болмайды. Барлық жерде де тек ән-күй, би, көтеріңкі көңіл-күй және шынайы қарым-қатынас салтанат құрған жөн делінеді. Есік-терезелерді шамдармен, суреттермен және гүлдермен өрнектейді.

Ал Мьянмада (бұл мемлекеттің бұрынға аты - Бирма) аталған мейрам жылдың ең ыстық мезгіліне сәйкес келеді. Көнеден келе жатқан ұлттық дәстүр бойынша бұл күні мьянмалықтар бір-бірінің үстіне су құяды.

Румынияда бұл мейрамды көне тұрмыс-салттық әндермен қарсы алады. Оны орындаушылар қолдарына бұтақтар мен таяқтарға бекітілген жасанды гүлдер, қоңыраулар ұстайды.

Бразилиялықтар Жаңа жылды тек қана ақ түсті киіммен мерекелейді. Бәрі де ағаш тақталарға орнатылған балауыз шырақтарды мұхит бетіне жібереді де, ішінен тілек тілейді.

Голландияда мерекелік дастарқанға міндетті түрде ішіне жүзім түйірлері салынып пісірілген топ-томпақ күлше нан қойылады. Бұл нан тек осы күнге арналып, жылына бір-ақ рет әзірленеді. Сағат тілі түнгі 12-ні соққан мезетте голланд порттарында қаптаған кемелер бір мезгілде гудок беріп, салют атады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]