Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
138.38 Кб
Скачать

3. Көршіңізбен, досыңызбен сұхбаттасыңыз:

а. Бес жасқа дейін нені ұнаттыңыз (ән, сурет, би, шахмат)?

ә. Қандай ойынды көп ойнадыңыз?

б. Ерке-тентек болдыңыз ба?

в. Ата-анаңыз Сіздің талаптарыңызды орындады ма?

4. Оқыңыз

Қазақ айтыпты: “Ұлыңды бес жасқа дейін патшадай көр, он бес жасқа дейін құлың қыл, одан әрі қарай досыңа айналдыр”. Патша ету дегеніміз не?

Бұл – бетінен қақпау. Барлық тентектігін көтеру. Ертек тыңдамаса – ұйықтамайтын, сурет салмаса – жылайтын, ән тыңдамаса - өкпелейтін шолжаңдығын көтеру, оған қоса ғашық түйсігін ояту. “Патша” екендігін ауық-ауық есіне түсіріп отыру. Әрбір жеткен жеңісін мақтау, мадақтау, қолпаштау, еркелету. Әдеміні көруіне, ұстауына, әуездіні естуіне, әуесқой тентектігіне мүмкіндік жасау. Ерік беру. Мейірімге шомылдыру. Бұл – тек бес жасқа дейін.

5. Шағын мәтіннен етістіктерді теріп жазыңыз. Қандай тұлғада тұрғанын анықтаңыз. Етістіктің қай тұлғасы көп берілген?

6. Мына сөздердің синонимін табыңыз: ауық-ауық, ерке, әдемі, мақтау.

7. Мына сөздердің қарсы мағынасын жазыңыз: патша, ұл, жеңіс, дос.

8. Сөздермен жұмыс: бұрылу, баулу, жаңсақ, қадам, жаза, әлсіз, өмір, өмір сүру, аямау, қатысу, рахат, сынау, шама, дербестік.

9. Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар:

а. Бес жастан он бес жасқа дейін қандай болдыңыз?

ә. Үйірмелерге көп қатыстыңыз ба? Қандай үйірмеге?

б. Қайсысынан көбірек шаршадыңыз? (оқу, өнер, спорт)

в. Еңбегіңіздің рахатын (жемісін) сездіңіз бе?

10. Оқыңыз

Бес жастан кейін

Бұл – 180 градусқа бұрылу. Аямай, еңбекке баулу, үйрету. Еңбектен кейін рахат, жеміс, жеңіс барын ұқтыру, сезіндіру. Жаңсақ қадамға арналған жаза барын, әлсіздің өмір сүруі қиын екендігін тәжірибе жолымен байқату. Бұл – он бес жасқа дейін.

Досыңа айналдыру дегеніміз – сенім арту, білім-біліктілігіңді бөлісу, ақыл сұрау, жауапкершілігі үлкен, ірі жұмыс беріп сынау. Істі қалай бастағанына қарап, баға беру. Дербестігін сыйлау. Бұл – өміріңіз бен шама-шарқыңыз жеткенге дейін.

11. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар:

а. Сіз қазір 18, мүмкін 20 жастасыз. Ата-анаңыз Сізбен ақылдаса ма, Сізге досындай қарай ма? Сізбен кеңесе ме?

ә. Сізге сенім білдіре ме? Күрделі жұмыс, шаруа тапсыра ма? Сіз ата-анаңызды қуанта аласыз ба? Қалай? (жақсы оқу, көмектесу, өнер жолына түсу, т.б.)

б. Сіз қандай жақсы қасиеттеріңізбен ата-анаңызды қуантар едіңіз? (еңбекқорлық, шыдамдылық, ұстамдылық, тазалық, білімділік, т.б.)

12. Мына сұраққа жауап іздеңіздер:

Қай ел баласын қалай тәрбиелейді? Мысалы: Жапония, Германия, Араб елдері, Қытай, т.б.

13. “Бала құқы туралы” сабақты қорытындылау үшін:

ЮНЕСЕФ-тің бала мәселесі туралы конференциясын Орта Азия елдерінде немесе Еуропада өткізіңдер. Конференцияға қатысушылар – әрбір мемлекеттік Балалар комитетінің өкілдері. Рөлдерге бөлісіп, ойын-сабақ ретінде өткізіңіздер.

Даналар сөзін тыңдайық

Кімде-кім бала кезінен еңбектің өмір заңы екенін білсе, кімде-кім жас кезінен нан тер төгу арқылы табылатынын түсінсе, сол адам қаһармандық жасауға қабілетті.

Жюль Верн

Пайдаланылған әдебиет

Күзекова З.С., Әбдіқұлова Р.М. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. – Алматы, 2008. 90-96 бб.

7 - сабақ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]