Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

§ 2. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы

 

168-бап. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы

1. Жеке тұлғаның салық агентінен алған, төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы ретінде айқындалады.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:

1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстары;

2) жеке тұлғаларға төлемдер жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы болып табылады.

2. Осы баптың мақсаты үшін мыналар салық салуға жататын табысқа жатқызылмайды:

1) осы Кодекстің 177-бабында айқындалған, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;

2) жеке тұлғаларға олардан жеке мүлкін сатып алғаны үшін төлемдер;

3) осы Кодекстің 160-бабының 1) және 3) - 6) тармақшаларында көрсетілген табыстар;

 

169-бап. Салық сомасын есептеу

Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаның салық агенттерінен алатын, осы Кодекстің 168-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын табысының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

 

§ 3. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері

 

170-бап. Зейнетақы төлемдері

1. Зейнетақы төлемдерi түрiндегi, төлем көзiнен салық салынатын табыс осы Кодекстiң 156-бабында көзделген түзетулер ескерiле отырып, салық салынуға жататын, осы бапта көзделген салық шегерiмдерi сомасына азайтылған зейнетақы төлемдерi түрiндегi табыс ретiнде айқындалады. Бұл ретте, осы Кодекстiң 156-бабында көзделген түзетулер мен салықтық шегерiмдердi мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры ғана жүргiзедi.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1) салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті кәсiби жарналар және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан. Осы тармақшада көзделген төлемдер бойынша, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысты айқындау кезінде төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есептеу күнi қолданыста болатын бір ең төмен жалақы мөлшері сомасында салық шегерімі қолданылады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасына жеткен және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғаларына. Осы тармақшада көзделген төлемдер бойынша төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысты айқындау кезінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есептеу күнi қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінде салық шегерімі қолданылады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасына жетпеген және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғаларына;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асырылатын төлемдер салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.

 

171-бап. Салық сомасын есептеу

Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 170-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын, зейнетақы төлемдері түріндегі табыстың сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]