Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

Қамтамасыз ету тәсілдері

 

609-бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің

орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау мынадай:

1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазу;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұ­рақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, да­ра кәсіпкердің, жекеше нотариустың және адвокаттың банк шоттары бо­йынша (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұл­ғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қыз­метін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұл­ғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың және адвокаттың кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың және адвокаттың мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

2. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 611-613-баптарында белгіленген мерзімдерде қолданылады. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануды бастағанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес хабарлама жіберіледі.

3. Салық берешегi өтелмеген жағдайда, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тәсiлдi қоспағанда, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 3 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi бар салық төлеушiлерге (салық агенттерiне) қолданылмайды.

3-1. Осы тармақта өзгеше белгiленбесе, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi мынадай:

1) салық төлеушiнi сот банкрот деп таныған жағдайда - банкроттық туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап;

2) салық төлеушiге қатысты оңалту рәсiмi енгiзiлген жағдайда оңалту рәсiмiн қолдану туралы сот ұйғарымы күшiне енген күннен бастап қолданылмайды.

Бұл ретте салық төлеушiлер оңалту рәсiмi енгiзiлгеннен кейiн туындаған салық мiндеттемесiн мерзiмiнде орындамаған жағдайда, оларға қатысты осы тарауда белгiленген тәртiппен осындай мiндеттеменi орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi қолданылады;

3) мыналарды мәжбүрлеп таратқан жағдайда:

банктердi, жинақтаушы зейнетақы қорларын - мәжбүрлеп тарату туралы сот iс қозғаған күннен бастап;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын - мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап қолданылмайды.

4. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасалған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.

5. Cалық төлеуші (салық агенті) айыппұлдар сомасын төлемеген жағдайда осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сот қаулысының негізінде салық төлеушіні (салық агентін) хабарландырмай-ақ қолданылады.

6. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнде банк шоттары болмаған не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң банк шоттарында және кассасында салық берешегiн өтеу үшiн ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайларда, салық органы осы баптың 1-тармағы 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген мерзiмде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерiн осы құрылымдық бөлiмшенi құрған салық төлеушi заңды тұлғаға қолданады.

Заңды тұлғада бiреуден көп құрылымдық бөлiмше болған кезде, заңды тұлғаға осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi қолданылғаннан кейiн оның құрылымдық бөлiмшесiнiң салық берешегi өтелмеген жағдайда, салық органы осы баптың 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген мерзiмде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерiн мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiне бiр мезгiлде қолданады.

7. Осы тараудың мақсаты үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.

 

610-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мерзімінде төленбеген сомасына  өсімпұл

1. Осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімінде төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасының есебіне жазылатын мөлшер өсімпұл болып танылады.

2. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің басқа да тәсілдерін және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін өзге де жауаптылық шараларын қолдануға қарамастан өсімпұл сомасы есепке жазылып, төленеді.

3. Өсімпұл салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, мерзімі өткен әрбір күн үшін, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылады.

4. Салық және басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебінен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін; оларды бюджетке аудармағаны (есептемегені); салық төлеушілердің банк шоттары есебінен шығарылған және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларының салық және басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар, айыппұлдар сомасын, сондай-ақ шартты банк салымында орналастырылған табыс салығын және есепке жазылған банктік сыйақыларды төлеу есебіне енгізілген қолма-қол ақшаны бюджетке уақтылы аудармағаны үшін банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өсімпұл есепке жазылады.

5. Салықтарды (төлем көздерінен ұсталатын салықтардан, акциздерден басқа) төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген кезде, салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған, сондай-ақ қосымша салық есептілігі табыс етілген кезде өсімпұл осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық төлеу мерзімінің күнінен кейінгі күннен бастап бересі сомасына есепке жазылады.

7. Бересінің жиналып қалуының бірден-бір себебі қызмет көрсететін банктің таратылуы болып табылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылған банктердің кредит берушілеріне бересі сомаларын дер кезінде өтемегені үшін өсімпұл банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім күшіне енген кезден бастап есепке жазылмайды.

8. Жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген кезде сотқа жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арыз берген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін бересіні өтеу үшін сот шешімімен жарияланған акциялар мәжбүрлеп шығарылатын бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.

9. Жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі күшіне енген кезден бастап, оның күші жойылғанға дейін бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.

10. Өсімпұлға және айыппұл сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.

11. Артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомаларын есепке жатқызуды жүргізу жолымен өтелген бересі сомасына есепке жатқызу жүргізуге төлем құжатының күнінен бастап өсімақы есепке жазылмайды.

12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын аудару кезінде:

1) банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотынан ақшаны есептен шығарған күнінен бастап;

2) салық төлеушінің банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күнінен бастап;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) көрсетілген сомаларды банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, уәкілетті мемлекеттік органдарға енгізген күнінен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.

Артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасы расталған жағдайда, осы Кодекстің 599-бабының 8-тармағында белгіленген есепке жат­қызуды жүргізу мерзімі бұзылған ретте артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасына барабар бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.

 

611-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

1. Осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары (корреспонденциялық шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен мынадай жағдайларда:

1) салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс етпегенде - осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін;

2) салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтінішті табыс етпегенде - осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін;

3) салық берешегін өтемегенде – осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін;

4) осы Кодексте белгіленген салықтық тексеру жүргізу тәртібін бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық қызметі органының лауазымды адамдарын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық тексеруге және зерттеп-тексеруге жібермегенде - жіберілмеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

5) почта немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша жоқ болуына байланысты жіберілген хабарламаны қайтарғанда - қайтару күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

6) салық қызметі органдарының осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен жасаған салықтық зерттеп-тексеру актісі негізінде салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауы фактісі анықталған жағдайда - анықтау күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмағанда - осы Кодекстің 587-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.

2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналардан:

1) салық төлеуші өз бетінше салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу жөніндегі операциялардан;

2) ақшаны:

өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алиментттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;

еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға демалысқа шығу жәрдемақысын және еңбек ақысын төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақы, міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі клиент міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;

салық берешегін өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қоюдан басқа салық төлеушінің (салық агентінің) барлық шығыс операцияларына қолданылады.

3. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып белгілеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшіне енгізіледі.

4. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бұлжытпай орындауға тиіс.

5. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебі жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін жояды.

6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоты жабылған жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тиісті салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотының жабылғаны туралы хабарламамен қоса шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді салық органына қайтарады.

 

612-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

Салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне оның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.

Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға кейіннен оларды салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу есебіне аудару үшін ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.

Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін салық төлеуші (салық агенті) бұлжытпай орындауға тиіс.

3. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

4. Салық органы салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.

 

613-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу

1. Салық органы осы Кодекстiң 609-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеудi:

1) салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны алған күн­нен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегi өтелмеген;

2) мониторингке жататын iрi салық төлеушiнi қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметi органының шешiмiне шағым жасаған жағдайларда жүргiзедi.

Бұл ретте салық органы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда осы Кодекстiң 607-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарлама жiбермей-ақ, осы бапта белгiленген тәртiппен салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың шағым жасалған сомасы шегiнде салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлкiне билiк етуiне шектеу салады. Иелiк етуге шектеу қоюға қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң негiзгi құрал-жабдығы және (немесе) жылжымайтын мүлiкке инвестиция болып табылатын мүлкi ғана жатады.

2. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеу туралы шешiм осы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) меншiк құқығындағы немесе шаруашылық жүргiзу құқығындағы, сондай-ақ балансында тұрған мүлiкке қатысты шығарылады.

Осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көзделген жағдайда мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм шығару кезiнде қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң негiзгi құрал-жабдығы және (немесе) жылжымайтын мүлiкке инвестиция болып табылатын мүлкi ғана билiк етуге шектеуге жатады.

3. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi салық органы:

1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайда – мұндай шешiм шығарылған күнгi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) дербес шотында бар деректер бойынша салық берешегi сомасында;

2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда – осы Кодекстiң 607-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламада көрсетiлген салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер және өсiмпұлдар сомасында қабылдайды.

4. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің негізінде салық төлеушіге (салық агентінің) мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертіле отырып, мүлік тізімдемесінің актісі жасалады.

Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есепке алу деректерінің негізінде айқындалатын баланстық құны немесе нарықтық құны көрсетіле отырып жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамалық актісіне сәйкес жүргізілетін есепте белгіленген құн нарықтық құн болып табылады.

Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда екі дана етіп жасалатын актімен ресімделеді.

Мүлік тізімдемесінің актісін жасау кезінде салық төлеуші (салық агенті) мұндай мүлікке меншік құқығын және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін танысу үшін табыс етуге міндетті. Мүлікке меншік құқығын және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері мүлік тізімдемесінің актісіне қоса тіркеледі.

Мүлік тізімдемесінің актісіне оны толтырған адам, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) лауазымды адамы қол қояды. Мүлік тізімдемесі актісінің бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылады.

Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім мен мүлік тізімдемесінің актісін салық органында тіркеу бір нөмірмен жүргізіледі.

Мүлік тізімдемесінің актісі соның негізінде жасалған салық төлеушінің мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күші жойылуымен бір мезгілде күшін жояды.

5. Салық төлеуші (салық агенті) иелік етуі шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін сақталуын, оған тиісті күтім жасалуын қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болады. Салық төлеуші (салық агенті) аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Осы талаптарды сақтамаған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) иелік етуі шектелген мүлікті аукционға дайындау бойынша болған шығындарды өтеуге міндетті.

6. Салық берешегі өтелмеген және екі аукцион өткізілгеннен кейін билік етуі шектелген мүлік сатылмаған жағдайда салық органы жаңа мүлік тізімдемесінің актісі жасалған күнгі салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегінің сомасы туралы деректерді ескере отырып, жаңа мүлік тізімдемесінің актісін жасау жолымен салық төлеушінің (салық агентінің) басқа мүлкіне тізімдеме жүргізуге құқылы.

7. Уәкілетті органдарда тіркелуге тиіс мүлікке құқықтардың ауырт­палығын тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

8. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомаларын өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін жояды.

 

 

86-тарау. САЛЫҚ БЕРЕШЕГІН МӘЖБҮРЛЕП  ӨНДІРІП АЛУ ШАРАЛАРЫ

 

614-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

1. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасау жағдайларын қоспағанда, салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың салық берешегіне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданыла бастағанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жіберіледі.

2. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары:

1) салық төлеушiде (салық агентiнде) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 3 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi болған кезде – осындай берешек пайда болған күннен бастап;

2) салық төлеушiнi сот банкрот деп таныған жағдайда - банкроттық туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап;

3) салық төлеушiге қатысты оңалту рәсiмi енгiзiлген жағдайда - оңалту рәсiмiн қолдану туралы сот ұйғарымы күшiне енген күннен бастап қолданылмайды.

Бұл ретте оңалту рәсiмi енгiзiлгеннен кейiн салықтық берешек туындаған жағдайда, мұндай салық төлеушiлерге қатысты осы тарауда белгiленген тәртiппен ондай берешектi мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданылады;

4) мыналарды мәжбүрлеп таратқан жағдайда:

банктердi, жинақтаушы зейнетақы қорларын - мәжбүрлеп тарату туралы сот iс қозғаған күннен бастап;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары – мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап қолданылмайды.

3. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:

1) банк шоттарындағы ақша есебінен;

2) дебиторлар шоттарынан;

3) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен;

4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргізіледі.

4. Салық төлеуші (салық агенті) айыппұл сомаларын төлемеген кезде осы бапта көрсетілген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сот қаулысының негізінде хабарландырусыз қолданылады.

5. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнде банк шоттары болмаған не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң банк шоттарында және кассасында салық берешегiн өтеу үшiн ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайларда салық органы салық берешегiн өтеу үшiн осы құрылымдық бөлiмшенi құрған салық төлеушi заңды тұлғаға мәжбүрлеп өндiрiп алуды қолдану арқылы салық берешегiнiң сомасын өндiрiп алады.

Заңды тұлғада бiреуден көп құрылымдық бөлiмше болған кезде заңды тұлғаға осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолданғаннан кейiн оның құрылымдық бөлiмшесiнiң салық берешегi өтелмеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiне бiр мезгiлде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген мәжбүрлеп өндiрiп алу шарасын қолданады.

6. Осы тараудың мақсатына орай бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.

 

615-бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу

Салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде салық берешегі сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегінің сомасын осы Кодекстің 614-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.

Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі, сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру, секьюритилендіру және инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банк шоттарына қолданылмайды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамту болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.

Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күніне салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегі туралы деректер негізінде жасайды.

Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бір банктік шотынан салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін орындаған кезде, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша, сол күнмен шығарған болса, салық органына орындаусыз қайтарады.

Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бірнеше банктік шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару жолымен салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін толық орындаған кезде, салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, сол күнге, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына орындаусыз қайтарады.

Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген нысан бойынша шығарылады және онда салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомаларын өндіріп алуы жүргізілетін сол банк шотын көрсетуді қамтиды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) теңгемен жүргізілетін банк шотында ақша болмаған жағдайда, салық берешегін өндіріп алу салық төлеушінің (салық агентінің) шетел валютасымен жүргізілетін банк шоттарынан салық органдары теңгемен шығарған инкассалық өкімдері негізінде жүргізіледі.

Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ақшасы жеткілікті болған жағдайда, салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және аталған өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотында бар сомалар шегінде орындайды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, клиентке бірнеше талаптар қойылған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы шоттарға ақша түсуіне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен салық берешегін өтеу шотына клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді.

9. Салық органы оған салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкім шығарған салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассалық өкімді орындауға қабылдаған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоты жабылған кезде аталған инкассалық өкімді салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотының жабылуы туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына қайтарады.

 

616-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу

1. Осы Кодекстің 614-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған не оның банк шоттары болмаған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегі шегінде салық төлеушіге (салық агентіне) берешегі бар үшінші бір тұлғалардың (бұдан әрі - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады.

2. Салық берешегін өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеуші (салық агенті) он жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тізімін және олар болған жағдайда - дебиторлармен бірлесіп жасалған және дебиторлық берешек сомасын растайтын өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілерін табыс етуге міндетті.

Өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері бар болған кезде салық органы осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін дебиторлардың банктік шотына салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.

Дебиторлар тізімі осы тармақта көрсетілген мерзімде табыс етілмеген жағдайда салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру жүргізеді. Бұл ретте сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын салық органының растауға құқығы жоқ.

3. Ұсынылған дебиторлар тізімінің немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актісінің негізінде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін өтеу шотына олардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алуы туралы хабарлама жібереді.

Осы бапта көзделген жағдайды қоспағанда, дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарлама жіберуші салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушімен (салық агентімен) бірлесіп жасалған өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актісін табыс етуге міндетті.

Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актісін осы тармақта көрсетілген мерзімде табыс етпеген жағдайда, салық органы аталған дебиторларға салықтық тексеру жүргізеді. Бұл ретте салық органы сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын растауға құқығы жоқ.

4. Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актісі және дебиторлардың банк шоттарындағы ақшасынан өндіріп алуы туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісін ұсынбайды.

5. Салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтеген жағдайда дебиторлар тізімі немесе өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісі ұсынылмайды.

6. Салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісінде мынадай мәліметтер болуға тиіс:

1) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмірлері;

2) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторы тұрған жері бойынша тіркеу есебінде тұрған салық органының атауы;

3) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелері;

4) дебитордың салық төлеушінің (салық агентінің) алдындағы берешек сомасы;

5) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының заңдық деректемелері, мөрі және қойылған қолдары;

6) салыстырып тексеру актісінің жасалған күні, ол салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бұрын болуға тиіс емес.

7. Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторды салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебитордың банк шоттарына салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмдер шығарады.

Дебитор мен салық төлеушi (салық агентi) арасындағы өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiнде көрсетiлген дебиторлық берешек өтелген жағдайда, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегiн өндiрiп алу туралы дебитордың банктiк шоттарына шығарылған инкассалық өкiмдер дебитор немесе салық төлеушi салық органына мұндай берешектiң өтелгенiн растайтын құжаттарды қоса берiп, өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн табыс еткен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде керi қайтарып алынуға жатады.

8. Салық төлеуші дебитордың банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстің 615-бабында белгіленген талаптарға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы салық органы шығарған инкассалық өкімді орындауға міндетті.

 

617-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі  шектелген мүлкін өткізу есебінен салық берешегі  есебіне өндіріп алу

Осы Кодекстің 614-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында және оның дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған не оның және (немесе) оның дебиторының банктік шоттары болмаған жағдайларда салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберіледі.

 

618-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі

Билік етуі шектелген мүлікті өткізуді жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

Билік етуі шектелген мүлікті өткізудің тәртібін жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді.

 

619-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын салық төлеуші (салық агенті) акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару

Осы Кодекстің 614-бабының 3-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.

Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді, сондай-ақ өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

 

620-бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану

1. Осы Кодекстің 614-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын салық төлеуші (салық агенті) өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы.

2. Банкрот деп танылған салық төлеушіні (салық агентін) тарату тәртібі Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

621-бап. Салық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында  жариялау

1. Салық қызметі органдары салық берешегі туындаған күннен бастап алты ай ішінде өтелмеген:

дара кәсiпкерлердiң, жекеше нотариустар мен адво­кат­тардың - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi;

заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 150 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi салық берешегi бар салық төлеушiлердiң (салық агенттерiнiң) тiзiмiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Бұл ретте тізімде салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не атауы, экономикалық қызмет түрі, сәйкестендіру нөмірі, салық төлеуші (салық агенті) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және салық берешегінің жалпы сомасы көрсетіледі.

2. Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған салық төлеушілер (салық агенттері) тізімі осы бапта көрсетілген өлшемдерге сәйкес салық төлеушілерді (салық агенттерін) тізімге енгізу, сондай-ақ салық берешегін өтеген және салықтық міндеттемелері тоқтатылған салық төлеушілерді тізімнен шығарып тастау арқылы аяқталған тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей тоқсан сайын жаңартылады.

 

622-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық  берешегін өндіріп алу

1. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлға салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда салық органы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе аталған салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.

2. Сот бұйрығын шығару туралы өтініш немесе дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы талап-арыз бойынша іс қарау Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

3. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегі есебіне оның мүлкін өндіріп алуды Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен атқарушылық іс жүргізу органдары жүргізеді.

 

 

87-тарау. ІРІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР МОНИТОРИНГІ

 

623-бап. Жалпы ережелер

1. Ірі салық төлеушілер мониторингі (бұдан әрі – осы тараудың мақсаты үшін - мониторинг) ірі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың қаржылық-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады.

2. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп, бiр мезгiлде мына талаптарға сай келетiн:

1) барлық активтерiнiң баланстық құнының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мо­ни­торинг жүргiзуге жататын iрi салық төлеушiлердiң тiзбесi бе­кiтiлуге жататын жылдың соңында қолданыста болған айлық есеп­тiк көрсеткiштiң кемiнде 325 000 еселенген мөлшерiн құрайтын;

2) қызметкерлерiнiң саны кемiнде 250 адамды құрайтын iрi салық төлеушiлер мониторинг жүргiзiлуге жатады.

Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық са­рап­тамасынан өткен өнiмдi бөлу туралы келiсiмде (келiсiм­шартта) көр­сетiлген, осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетудi есеп­ке алмағанда, жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп се­нiм бiлдiрiлген адам (оператор) және (немесе) жер қой­науын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) iрi салық төлеушiлердiң мониторинг жүргiзiлуiне жатқызылады және осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тар­мақшаларында белгiленген шарттардың сақталуына қарамастан iрi салық төлеушiлер тiзбесiне енгiзiледi.

Осы баптың мақсатында:

1)    осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзету есепке алынбаған жылдық жиынтық табыс, мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесi бекiтуге жататын жылдың алдындағы салық кезеңiндегi корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация деректерi негiзiнде айқындалады;

2)    активтердiң баланстық құны мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесi бекiтуге жататын жылдың алдындағы жылдағы жылдық қаржылық есептiлiк деректерi негiзiнде айқындалады;

3)    қызметкерлердiң саны мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесi бекiтуге жататын жылдың бiрiншi тоқсанының соңғы айындағы жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық бойынша декларациялардың деректерi негiзiнде айқындалады.

Осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетудi есепке алмағанда, осы тармақта белгiленген шарттарға сәйкес келетiн iрi салық төлеушiлердiң iшiнен жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп алғашқы үш жүз iрi салық төлеушi мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесiне енгiзiледi.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін аталған тізбе қолданысқа енізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.

Егер мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін қолданысқа енгізер жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін салық төлеуші таратылу алдында тұрса, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі.

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойына қолданыста болады және осы кезең ішінде қайта қаралуға жатады

4. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры (құқық мирасқорлары) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің келесі тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін мониторингке жатады.

5. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгізілген күннен бастап аталған салық төлеуші мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесінен шығарып тасталған деп танылады.

 

624-бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімі

1. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті электронды цифрлы қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанында табыс етеді.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кітабы;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кітабы;

3) бухгалтерлік баланс;

4) өндірілген және сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қозғалысы туралы есеп;

5) өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құны;

6) қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп;

7) дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу.

3. Мониторингке жататын және банктік қызметті, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерге арналған мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кітабы;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кітабы;

3) бухгалтертерлік баланс;

4) кірістер мен шығыстар туралы есеп;

5) дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу.

4. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары үшін мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:

1) сақтандыру қызметі туралы есеп;

2) бухгалтерлік баланс;

3) кірістер мен шығыстар туралы есеп.

5. Мониторингке жататын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерге арналған мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:

1) зейнетақы активтері бойынша есеп;

2) зейнетақы активтерін басқару бойынша есеп;

3) бухгалтерлік баланс;

4) кірістер мен шығыстар туралы есеп.

6. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер осы баптың 2-5-тармақтарында көрсетілген есептілікті есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша тоқсан сайын ұсынып отырады.

Егер мониторинг бойынша есептілік нысандарын ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, ұсыну мерзімі келесі жұмыс күні болып табы­ла­ды.

 

 

88-тарау. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

 

625-бап. Жалпы ережелер   

1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында салық қызметі органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде салық бақылауының нысандарын саралап қолдану жүзеге асырылады.

2. Тәуекел – салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіретін және (немесе) нұқсан келтіруі мүмкін салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы.

3. Салық қызметі органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану мақсаттары:

1) назарын тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

2) салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді кеңейту.

4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салық бақылауын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде:

1) салық тексерулерін жүргізу үшін;

2) осы Кодекстің 274-бабының ережелері ескеріле отырып, қосылған құн салығының асып кеткен соманы қайтарудың оңайлатылған тәртібіне құқықты айқындау үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу мақсатында пайдаланылады.

6. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді басқарудың ақпараттық жүйесін қолдана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

 

626-бап. Салық қызметі органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі іс-қимылдары

Салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігінің деректеріне, уәкілетті органдардан алынған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады.

Мұндай талдаудың нәтижелерін салық қызметінің органдары осы Кодекстің 625-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланады.

 

 

89-тарау. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]