Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

§1. Қол қойылатын бонус

 

312-бап. Жалпы ережелер

Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі қол қойылатын бонус болып табылады.

 

313-бап. Төлеушiлер

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңiмпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жө­нiн­дегi тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келiсiмшарттардың бiрiн:

1) барлауға арналған келiсiмшартты;

2) пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiмшартты жасасқан жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеушi болып табылады.

Осы баптың бiрiншi бөлiгi 2) тармақшасының ережесi тиiстi келiсiмшарт аумағында барлауға арналған келiсiм­шарт­тың шеңберiнде коммерциялық табуға байланысты өндiруге құқық алуға айрықша құқығының негiзiнде келiсiмшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.

 

 

314-бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерiн белгiлеу тәртiбi

1. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбiр келiсiмшарт үшiн мынадай мөлшерде жеке белгiленедi:

1) пайдалы қазбалардың бекiтiлген қорлары жоқ аумақта геологиялық барлау жүргiзуге арналған келiсiмшарттар үшiн:

мұнай келiсiмшарттары үшiн – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жария­ланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2800 еселенген мөлшерi;

техногендiк минералды құралымдарды игеруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, минералды шикiзатты барлауға арналған келiсiмшарттар үшiн – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жария­лан­ған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 280 еселенген мөлшерi;

кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдiк балшықтар жөнiндегi келiсiмшарттар үшiн – респуб­ликалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарт­тары жарияланған немесе Қазақстан Респуб­ликасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заң­на­ма­сына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жө­нiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қол­­даныста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 40 еселенген мөлшерi;

2) өндiруге арналған келiсiмшарттар үшiн:

мұнай келiсiмшарттары үшiн:

егер қорлар бекiтiлмеген болса, – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жария­ланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 3000 еселенген мөлшерi;

егер қорлар бекiтiлген болса, – (Қ х 0,04%) + (Қа х 0,01%) формуласы бойынша, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қол­даныста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 3000 еселенген мөлшерiнен кем емес, мұнда:

Қ – А, В, С1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бекiткен шикi мұнайдың, газ кон­ден­сатының немесе табиғи газдың жиынтық қорларының құны;

Қа – әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бекiткен және (немесе) көрсетiлген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;

техногендiк минералды құралымдарды игеруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, минералды шикiзат өндiруге арналған келiсiмшарттар үшiн:

егер қорлар бекiтiлмеген болса, – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жария­ланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерi;

егер қорлар бекiтiлген болса, – (Қ х 0,01%) + (Қа х 0,005%) формуласы бойынша, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жария­лан­ған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерiнен кем емес, мұнда:

Қ – А, В, С1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бекiткен минералды шикiзаттың жиынтық қорының құны;

Қа – әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссия бекiткен және (немесе) көрсетiлген Комиссия қорытындысында назарға алынған С2 санатындағы минералды шикiзаттың алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;

кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдiк балшықтарға арналған келiсiмшарттар үшiн – (Қ х 0,01% ) формуласы бойынша, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жария­ланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей ке­лiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған, бiрақ айлық есептiк көрсеткiштiң 120 еселенген мөлшерiнен кем емес.

Бұл ретте өндiруге арналған келiсiмшарттар үшiн қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi осы Кодекстiң 319322-баптарына сәйкес есептеп шығарылған коммерциялық табу бонусының сомасынан аз болуына болмайды;

3) техногендiк минералды құралымдарды қайта өңдеу келiсiмшарттары үшiн – (Қ1 х 0,01%) формуласы бойынша, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Респуб­ликасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 300 еселенген мөлшерiнен кем емес;

4) сарқынды суларды ағызу үшiн жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттар үшiн – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жария­ланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 400 еселенген мөлшерi.

2. Пайдалы қазбалар қорларының құны:

1) шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн – қол қойылатын бонусты төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы бекiткен қорларының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;

2) осы Кодекстiң 338-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн – қол қойылатын бонусты төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес конкурс шарттары жа­рияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қой­науы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сә­й­кес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң ал­дын­дағы күнi пайдалы қазбаның шетел валютасындағы бағасын ба­­ғамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.

Конкурс шарттары жарияланған немесе тiкелей келiс­сөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерi бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.

Егер пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда, пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерiн өндiруге арналған келiсiмшарттар үшiн қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тар­мақшаларында белгiленген ең төменгi мөлшерде белгiленедi.

3. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткiзiлгенге дейiнгi қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi құзыреттi органның конкурстық комиссиясының шешiмi бойынша ұлғайтылуы мүмкiн.

4. Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналып өткiзiлген конкурстың нәтижелерi бойынша конкурстық комиссияның шешiмi немесе жер қойнауын пайдаланушымен тiкелей келiссөздер жүргiзу нәтижелерi бойынша құзыреттi орган белгiлейдi және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартқа енгiзiледi.

 

315-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмдерi

Қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушiнiң тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзiмдерде:

1) белгіленген соманың елу проценті – салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес конкурс жеңiмпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;

2) белгіленген соманың елу проценті – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей төленеді.

 

316-бап. Салық декларациясы

Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөнін­де­гі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына төлеу мерзімі бас­талған айдан кейінгі екінші айдың 15-не дейін табыс етеді.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]