Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

 

93-тарау. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ  ХАБАРЛАМАҒА ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

 

666-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға

салық төлеушілердің (салық агенттерінің) шағымдарын  қарайтын органдар

1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарауды салық қызметінің жоғары тұрған органы жүргізеді.

2. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті органның лауазымды адамдары жүргізген салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстің 667-675-баптарында белгіленген тәртіппен тікелей уәкілетті орган жүргізеді.

3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.

 

667-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі

1. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағымы салық қызметiнiң жоғары тұрған органына салық төлеушiге (салық агентiне) хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.

Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) шағымның көшiрмесiн салықтық тексеру жүргiзген салық органына жiберуге тиiс.

Салық қызметi органына шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:

1) өзi келу тәртiбiмен – салық қызметi органдары шағымды алған күн;

2) почтамен – почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.

2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша шағымды қараушы жоғары тұрған салық қызметі органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.

3. Жоғары тұрған салық қызметі органы өткізіп алған шағым беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) науқастанып қалуын дәлелді себеп ретінде таниды.

Осы тармақтың ережесі оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.

Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың науқастанып қалу фактісін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.

4. Өткізіп алған шағым беру мерзімін жоғары тұрған салық қызметі органының қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар науқасынан жазылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берілген жағдайда ғана қанағаттандырылады.

5. Жоғары тұрған салық қызметі органына шағым берген салық төлеуші (салық агенті) осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымды кері қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

 

668-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен  мазмұны

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда беріледі.

2. Шағымда:

1) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымға қол қойған күнi;

2) шағым берілетін жоғары тұрған салық қызметі органының атауы;

3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

4) сәйкестендіру нөмірі;

5) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;

6) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;

7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

3. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

4. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

5. Шағымға:

1) акті мен хабарламаның көшірмелері;

2) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі.

 

669-бап. Шағымды қараудан бас тарту

1. Жоғары тұрған салық қызметінің органы:

1) салық төлеуші (салық агенті) шағымын осы Кодекстің 667-бабының 1-тармағында белгіленген шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымының нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 668-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

3) салық төлеуші (салық агенті) үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын адам берген;

4) салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудан бас тартады.

2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақ­ша­ларында көзделген жағдайларда жоғары тұрған салық қызметi органы шағым келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнi (салық агентiн) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландырады.

Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда жоғары тұрған салық қызметi органы шағым келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнi (салық агентiн) шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебiн көрсете отырып жазбаша түрде хабарландырады.

3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жоғары тұрған салық қызметi органының шағымды қараудан бас тартуы, егер салық төлеушi (салық агентi) жол берiлген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстiң 667-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушi (салық агентi) жоғары тұрған салық қызметi органына шағым беруге құқылы емес.

 

670-бап. Жоғары тұрған салық қызметі органына жіберілген шағымды қарау тәртібі

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы бойынша - шағым тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымы бойынша, осы баптың 2-тармағында және 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шағым тіркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дәлелді шешім шығарылады.

2. Жоғары тұрған салық қызметі органы салық төлеушінің (салық аген­тінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық тексеру, сондай-ақ осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен қайта қосымша тексеру тағайындауға құқылы.

3. Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.

4. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағымданған мәселелер шегінде қаралады.

5. Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салықтық тексеру барысында көрсетілмеген құжаттарды ұсынған жағдайда жоғары тұрған салық қызметі органы мұндай құжаттардың дұрыстығын тақырыптық тексеру барысында анықтауға құқылы.

6. Жоғары тұрған салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда:

1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеру жүргізген салық органына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салу жіберуге;

2) осындай органдар мен заңды тұлғалардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарына сұрау салу жіберуге;

3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесу өткізуге;

4) салықтық тексеру жүргізуге қатысқан салық қызметі органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат және (немесе) түсініктеме сұратуға құқылы.

7. Жоғары тұрған салық қызметі органының шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.

 

671-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару

1. Жоғары тұрған салық қызметі органы шағымды мәні бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелді шешім шығарады және оны салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді немесе тапсырады, ал көшірмесін салықтық тексеру жүргізген салық органына жібереді.

2. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған салық қызметі органы мына шешімдердің бірін шығарады:

1) шағым жасалған салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;

2) шағым жасалған салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.

3. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда салықтық тексеру жүргізген салық қызметі органы салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстің 607-бабында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.

Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.

 

672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру

1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:

1) тақырыптық және қайта қосымша тексеру жүргізгенде – олар аяқталғанға дейін;

2) мемлекеттік органдарға және мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарына сұрау салулар жіберген кезде жауап алған кезге дейін тоқтатыла тұрады.

2. Жоғары тұрған салық қызметі органы тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің тоқтатыла тұратыны туралы салық төлеушіні (салық агентін) жазбаша түрде хабардар етеді.

 

673-бап. Жоғары тұрған салық қызметі органы шешімінің нысаны мен мазмұны

Жоғары тұрған салық қызметі органының шағымдарды қарау нәтижелері бойынша шешімінде:

1) шешім қабылданған күн;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық қызметі органының атауы;

3) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;

4) сәйкестендіру нөмірі;

5) шағым жасалған салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;

6) шағымның мәні;

7) шағым бойынша шешім шығару кезінде жоғары тұрған салық қызметі органы басшылыққа алған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме көрсетілуге тиіс.

 

674-бап. Жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа шағым берудің салдары

1. Жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беруі салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.

2. Жоғары тұрған салық қызметі органына шағым (арыз) берілгенде салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы соттың шағымды (арызды) iс жүргiзуге қабылдаған күнiнен бастап жоғары тұрған салық қызметі органының жазбаша шешімі шыққанға дейін және осы Кодекстің 677-бабының 1-тармағында көрсетілген кезең өткенге дейін тоқтатыла тұрады.

Салық төлеуші (салық агенті) сотқа шағым берген жағдайда салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы сот актісі заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.

3. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күші жойылған жағдайда салықтық тексеру актісінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде ғана күші жойылады.

 

675-бап. Тақырыптық тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі

1. Жоғары тұрған салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда, тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.

2. Жоғары тұрған салық қызметі органының тақырыптық тексеру тағайындау туралы құжаты тексерілуге жататын мәселелер көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.

Бұл ретте тақырыптық тексеруді жүргізу, шағым жасалған салықтық тек­серуді уәкілетті орган жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жа­салған салықтық тексеруді жүргізген салық қызметі органына тапсырылмауға тиіс.

3. Тақырыптық тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі. Бұл ретте тақырыптық тексеру салық қызметі органы жоғары тұрған салық қызметі органының осындай тексеру жүргізу туралы құжатын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

4. Деректер жеткілікті айқын болмаған немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарды тақырыптық тексерудің барысында жаңа мәселелер туындаған кезде жоғары тұрған салық қызметі органы қайта тексеруді тағайындауға құқылы.

5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім тақырыптық тексерудің және (немесе) қайта тақырыптық тексерудің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте жоғары тұрған салық қызметі органы осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеушілік дәлелді болуға тиіс.

 

 

94-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ (САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ) ШАҒЫМЫН ҚАРАУДЫҢ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]