Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

§ 1. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері

 

627-бап. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері

1. Салықтық тексеру – салық қызметі органдары:

1) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалуын;

2) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметімен байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер алу үшін тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты құжаттары, ақпараттары бар адамдарды;

3) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органы қызметінің хабарламаға шағымды қараудың нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым берген салық төлеушіден (салық агентінен) қосымша мәліметтер алу үшін жүргізетін тексеру.

2. Қажет болған кезде салық қызметі органдары салықтық тексеру барысында:

оның орналасқан жеріне қарамастан салық салу объектісі және (немесе) салық салумен байланысты объекті болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруді;

салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкін (тұрғын үйінен басқа) түгендеуді жүргізуі мүмкін.

Мыналар:

нұсқамада көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары және осы Кодекске сәйкес салық қызметі органдары тексеру жүргізуге тартатын өзге де адамдар;

мынадай:

салық органдарында тіркеу есебіне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

этил спиртін босатуға лицензияның, рұқ­сат­тың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер кезінде – нұсқамада көрсетілген аумақтың учаскесінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші;

салықтық тексерудің басқа түрлері кезінде – нұсқамада көрсетілген салық төлеуші салықтық тексерулерге қатысушылар болып табылады.

Арнайы білімді және дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеп-тексеру, консультация алу үшін салық қызметі органы салықтық тексерудің нәтижесіне мүдделі емес маманды салықтық тексеруге тартуы мүмкін.

Салықтық тексеруге қатысушы болып табылатын салық қызметі органы лауазымды адамының жазбаша түрде қойған сұрақтары бойынша салықтық тексеруге тартылған маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру барысында пайдаланылады. Мұндай жазбаша сұрақтар мен қорытындылардың көшірмесі салықтық тексеру актісіне, соның ішінде салық төлеушіге табыс етілетін салықтық тексеру актісінің данасына қоса беріледі.

Салық қызметі органы маманды салықтық тексеруге тартқан жағдайда салық төлеуші өз тарапынан маманды тартуға құқылы, оның қорытындысы салық төлеуші маманының қорытындысын салық қызметі органына салықтық тексеру актісіне қол қойылған күннен кешіктірмей ұсынған жағдайда, салықтық тексеру актісіне қоса беріледі.

3. Салықтық тексерулерді тек қана салық қызметі органдары жүзеге асырады.

4. Салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) құжаттық тексеру;

3) хронометраждық зерттеп-тексеру.

5. Құжаттық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) кешенді тексеру - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуы, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі мен аударылуы және әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі бойынша салық қызметі органы салық төлеушіге қатысты жүргізетін тексеру.

Кешенді тексеруге тақырыптық тексеру мәселелері де енгізілуі мүмкін.

Жүргізілуі осы Кодекстің 37-40-42-баптарында көзделген құжаттық тексеру тарату тексеруі болып табылады және ол кешенді тексеруге жатады;

2) тақырыптық тексеру - мыналар:

салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салық міндеттемесінің орындалуы;

міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі, ұсталуы мен аударылуын, сондай-ақ әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі;

банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерді орындауы;

трансферттік баға белгілеу;

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу;

соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау;

сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеттенбестен жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемелерін анықтау мәселелері бойынша;

салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау;

халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерін қолдану заңдылығы;

қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау;

резидент еместің салықтық өтініші және төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде шартты банк салымынан қайтару;

салық органдарының осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен камералды бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасын салық төлеушінің (салық агентінің) орындалуы;

салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша шағымын қарау;

төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға резидент еместің салықтық өтінішін қайта қарау туралы өтінішін қарау;

мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, ба­ғалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтау;

уәкілетті мемлекеттік және жергілікті ат­қарушы органдардың Қазақстан Республика­сының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігіндегі қызметі;

салық органдарында тіркеу есебіне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсат­тың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;

бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін сақтау;

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін лицензиялау қағидалары мен оларды өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау;

касса бойынша шығыс операцияларын тоқ­тата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау мәселелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты салық қызметі органы жүргізетін тексеру.

Мынадай:

салық органдарында тіркеу есебіне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсат­тың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектері бірлестіктерінің өкілдері осындай бірлестіктермен келісім бойынша тартылуы мүмкін.

Жеке кәсіпкерлік субъектері бірлестіктерінің өкілдері көрсетілген тақырыптық тексерулерді жүргізуі кезінде салық төлеуші құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Тақы­рыптық тексеру актісінде жеке кәсіпкерлік субъектерінің бірлестіктері өкілдерінің қатысу фактісі тіркеледі.

Бұл ретте тақырыптық тексеру бір мезгілде осы тармақшада көрсетілген бірнеше мәселелер бойынша жүргізілуі мүмкін. Тақырыптық тексеру бюджетке төленетін салықтың барлық түрлері және басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуына тексеру жүргізуді көздемейді;

3) қарсы тексеру - салық қызметi органы салық тө­леушiмен (салық агентiмен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жүргiзетiн тексеру, салық қызметi органдары аталған салық төлеушiнi тексеру барысында пайдалану үшiн осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында оған қатысты кешендi немесе тақырыптық тексеру жүргiзедi.

Қарсы тексеру кешендi немесе тақырыптық тексеруге қатысты қосалқы тексеру болып табылады.

Тараптардың бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары ара­сындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарт­тарға (келiсiмдерге), сондай-ақ Қазақстан Респуб­ликасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердiң салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сауал салуы бойынша жүргiзiлетiн тексеру де қарсы тексеру деп танылады;

7. Хронометраждық зерттеп-тексеру - салық органдары салық төлеушінің зерттеп-тексеру жүргізілетін кезең ішіндегі нақты табысын және табыс алуға байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру.

8. Салықтық тексеру жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін тоқтата тұрмауға тиіс.

9. Салықтық тексерулер мынадай типтерге бөлінеді:

1) жоспарлы тексеру – салықтық тексерулер жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын кешенді және тақырыптық тексерулер, оны уәкілетті орган жыл сайын бекітіп отырады. Салықтық тексерулер жоспары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау негізінде жасалады;

2) жоспардан тыс тексеру – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген, оның ішінде:

салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша;

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер бойынша;

салық төлеуші (салық агенті) бұрын тек­серілген салық кезеңіне қосымша салық есептілі­гін осындай қосымша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында табыс еткен жағдайда;

салық қызметі органының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы салықтық тексеру барысында келіп түспеген жауап алынған жағдайда;

осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеуші (салық агенті) орындамаған жағдайда;

резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;

резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына байланысты;

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат қызметінің тоқтатылуына байланысты;

салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты;

жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мерзімінің өтуіне байланысты;

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша;

Қазақстан Республикасының салық заңна­масына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелері бойынша;

қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау бойынша салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген талаптары негізінде;

резидент еместің төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтініші негізінде;

Қазақстан Республикасының салық заңнама­сында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Рес­публикасының өзге де заңдарында белгіленген міндеттерді банктердің және банк операция­ларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы мәселелері бойынша;

соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;

сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;

салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағымын – осы шағымда көрсетілген мәселелер бойынша;

резидент еместің төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ере­желеріне сәйкес шартты банк салымынан қай­таруға салықтық өтінішін қайта қарау туралы өтінішіне байланысты;

олар бойынша лицензиар лицензия қолда­нысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәселесі бойынша;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның шешімі негізінде жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.

Осы баптың 9-тармағының 2) тармақша­сын­да көрсетілген жоспардан тыс тексерулер бұрын тексерілген кезең үшін жүзеге асырылады.

10. Салық қызметі органдары заңды тұлғаның өзіне салықтық тексерудің жүргізілуіне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін тексеруге құқылы.

Салық төлеушінің құрылымдық бөлімшенің таратылуына байланысты салықтық тексеру жүргізуге салықтық өтініш беру жағдайларын қоспағанда, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеу есебінен шығарған кезде тарату салықтық тексеруі жүргізілмейді.

11. Құжаттық тексеруге жататын кезең осы Кодекстің 46-бабына сәйкес белгіленген талап қою мерзімінен аспауға тиіс.

12. Салық қызметі органдары камералдық тексерудің нәтижелері бойынша соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау мәселелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, осындай операциялар және (немесе) мәміле (мәмілелер) жасалған салықтық кезең ішінде салық қызметі органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтар жойылғанға және осы Кодекстің 608-бабының 2-тармағында көзделген мерзім өткенге дейін салықтық тексерулер жүргізілмейді.

Жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеуші туралы ақпарат салық қызметі органы соттың заңды күшіне енген үкімін немесе қаулысын алғашқы алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]