Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

Нәтижелері бойынша шешімді қайта қарау тәртібі

 

676-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың нәтижелері бойынша шешімді қайта қарауды жүзеге асыратын орган

Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қараудың нәтижелері бойынша шешімді қайта қарауды уәкілетті орган жүргізеді.

 

677-бап. Уәкілетті органға шағым берудің тәртібі

1. Уәкілетті органға шағым салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімді алған күннен бастап не осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында аталған мерзім аяқталған соң жоғары тұрған салық қызметі органының шешімі болмаған кезде отыз жұмыс күні ішінде беріледі.

Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым көшірмесін салық төлеушінің шағымын қараған жоғары тұрған салық қызметі органына жіберуге тиіс.

2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда бұл мерзімді шағым беретін салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша уәкілетті орган қалпына келтіруі мүмкін.

3. Өткізіп алған шағым беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында уәкілетті орган оған қатысты салықтық тексеру жүргізілетін жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) науқастанып қалуын дәлелді себеп деп таниды.

Осы тармақтың ережесі оған қатысты салықтық тексеру жүргізілетін жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.

Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың науқастанып қалу фактісін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.

4. Өткізіп алған шағым беру мерзімін жоғары тұрған уәкілетті органның қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың науқасынан жазылған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.

5. Уәкілетті органға шағым беру осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 667-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

678-бап. Уәкілетті органға жіберілетін шағымның нысаны мен

мазмұны

1. Уәкілетті органға жіберілетін шағым нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 668-бабында белгіленген талаптарға жауап беруге тиіс.

2. Уәкілетті органға жіберілетін шағымға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған жоғары тұрған салық қызметі органы шешімінің көшірмесі қоса тіркелуге тиіс.

 

679-бап. Шағымды қараудан бас тарту

1. Уәкілетті органның шешімді қараудан бас тартуы, осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 669-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Уәкiлеттi органның осы Кодекстiң 669-бабының 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда шешiмдi қараудан бас тартуы, егер салық төлеушi (салық агентi) жол берiлген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстiң 677-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

Осы Кодекстiң 669-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушi (салық агентi) уәкiлеттi органға қайтадан шағым беруге құқылы емес.

 

680-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау тәртібі

1. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен берілген, уәкілетті органға жіберілген шағымды уәкілетті орган - оның тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал мониторингке жататын ірі салық тө­леу­шілердің шағымдарын, осы Кодекстің 670-бабының 2-тармағында және 6-тар­мағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркелген күнінен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

2. Уәкілетті орган шағымды қарауды осы баптың ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 670-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

3. Уәкілетті орган шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.

 

681-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағым бойынша шешім шығару

1. Уәкілетті орган шағымды мәні бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелді шешім шығарады және оны өтініш беруші салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді немесе тапсырады, ал көшірмесін салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық органына жібереді.

2. Шағымды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган:

1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;

2) салық органының шағым жасалған шешімінің күшін жоюға;

3) шешімді өзгертуге немесе жаңа шешім шығаруға құқылы.

3. Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған уәкілетті органның шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.

 

682-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру

Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады.

 

683-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны

Уәкілетті органның шешімінде:

1) шешімнің қабылданған күні;

2) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;

3) сәйкестендіру нөмірі;

4) жоғары тұрған салық қызметі органының шағым жасалып отырған шешімінің қысқаша мазмұны;

5) шағымның мәні;

6) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме мен қорытындылар көрсетілуге тиіс.

 

684-бап. Уәкілетті органға шағым берудің салдары

1. Уәкілетті органға шағым беру жазбаша шешім шығарылғанға дейін салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындалуын шағым жасалған бөлігінде тоқтата тұрады.

2. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күші жойылған жағдайда салықтық тексеру актісінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде ғана күші жойылады.

 

685-бап. Тақырыптық тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі

1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде, қажет болған жағдайда тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.

2. Тақырыптық тексеруді тағайындау және жүргізу осы баптың ережелері ес­керіле отырып, осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Уәкілетті орган нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына, сондай-ақ салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қараған салық органына тақырыптық тексеру жүргізуді тапсырмауға тиіс.

4. Уәкілетті органға жіберілген шағым бойынша шешім тақырыптық тексеру және (немесе) қайта тақырыптық тексеру нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеушілік дәлелді болуға тиіс.

 

 

95-тарау. САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ)  ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

 

686-бап. Шағым жасау құқығы

Салық төлеушінің немесе оның уәкілетті өкілінің жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқығы бар.

 

687-бап. Шағым жасау тәртібі

Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртіппен шағым жасалады.

 

688-бап. Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы

Салық қызметі органдарының Қазақстан Республикасы салық заңнамасының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ 

 

 

 

 

 

Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 10-ы.

№ 99-ІV  ҚРЗ

 

 

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]