Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

Жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі хабарлама

 

607-бап. Жалпы ережелер

Салық қызметі органының салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгішпен немесе оның жазбаша келісімі бойынша электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.

2. Хабарлама түрлері төменде аталған түрлермен шектеледі және олар салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай мерзімдерде:

1) осы Кодекстің 32-бабының 2-тармағына сәйкес салық органы есептеген салық сомалары туралы – есептеу күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) салықтық тексеру нәтижелері туралы – осы Кодекстің 638-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық төлеушіге салық тексеруі актісін табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

3) тарату салық есептілігін табыс еткен күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомалары туралы – тарату салықтық тексеру актісін салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы – осы Кодексте белгіленген оны тапсыру мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;

5) салық берешегін өтеу туралы – осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көзделген мерзімде орындалмаған салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданыла бастағанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

6) дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы - өндіріп алуға дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей;

7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы - салық есептілігінде бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;

8) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы - шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы - оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

10) салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы – салық қызметі органының лауазымды адамдары салықтық зерттеп-тексеру актісін жасаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.

3. Хабарламада:

1) сәйкестендіру нөмірі;

2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе толық атауы;

3) салық қызметі органының атауы;

4) хабарлама күні;

5) салық міндеттемесінің және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің сомасы – осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда;

6) салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап;

7) хабарлама жіберу үшін негіз;

8) шағым жасау тәртібі көрсетілуге тиіс.

4. Осы Кодекстiң 608-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайда, салық органдары осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың көшiрмелерiн салық төлеушiге (салық агентiне) жiбередi.

Осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың түпнұсқасын алу үшiн салық төлеушi (салық агентi) салық органдарына жүгiнуге құқылы»;

 

608-бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртiбi

1. Хабарлама салық төлеушiге (салық агентiне) өзiнiң қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.

Бұл ретте, төменде тiзбеленген тәсiлдердiң бiреуiмен жiберiлген хабарлама мынадай жағдайларда:

1) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiберiлгенде – салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап;

2) электрондық тәсiлмен жiберiлгенде – салық қызметi органы хабарламаны жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң хабарлама салық төлеушiге (салық агентiне) тапсырылды деп есептеледi. Бұл тәсiл осы Ко­декс­тiң 572-бабындабелгiленген тәртiппен электрондық са­лық төлеушi ретiнде тiркелген салық төлеушiге қол­данылады.

2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгiленбесе, салық органдары осы Кодекстiң607-бабы 2-тармағының2)-4), 7)-9) тармақшаларында көрсетiлген хабарламаларды жiберген жағдайда, салық мiндеттемесi және (немесе) мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтiк аударымдарды есептеу және төлеу бойынша мiндеттемелер салық төлеушiге (салық агентiне) хабарлама табыс етiлген күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындалуға жатады.

3. Салық төлеушi осы Кодекстiң607-бабы 2-тарма­ғының2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген таратудың салықтық тексеруiнiң нәтижелерi туралы хабарламалармен толық келiскен жағдайда, салық төлеушi хабарламаларда көрсетiлген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша мiндеттемелердi орындау туралы растайтын құжаттармен қоса осындай келiсу туралы өтiнiштi табыс етедi.

Бұл ретте, салық төлеушi тарату салықтық тексерудiң нәтижелерi туралы хабарламалармен келiскенi туралы өтiнiштi салық органына хабарлама тапсырылған күннен кейiнгi күннен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi.

4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында белгiленген хабар­ламаларды тапсыру және орындау тәртiбi осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының4), 5) тармақшаларында көрсе­тiлген хабарламалардың көшiрмелерiне де қолданылады.

5. Салық органдары осы Кодекстiң 607-бабының 4-тармағында көрсетiлген жағдайда салық төлеушi өтiнiш жасаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мұндай салық төлеушiге осы Кодекстiң 607-бабының 2-тармағы 4), 5) тармақшаларындакөрсетiлген хабарламалардың түпнұсқасын бередi.

6. Осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасындакөзделген хабарламаны салық төлеушi (салық агентi) хабарлама жiберiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.

 

 

85-тарау. МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН САЛЫҚ  МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]