Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

§ 7. Әрекетсіз салық төлеуші және тарату сатысында тұрған салық төлеуші

 

579-бап. Әрекетсіз салық төлеуші

1. Әрекетсіз салық төлеушілерге әрекетсіз заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жатады.

2. Осы Кодексте белгіленген тапсыру мерзімдерінен кейін бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы бойынша, ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық және жеңілдетілген декларация бойынша декларацияны тапсырмаған, көрсетілген декларацияны тапсыру бойынша талаптар қолданылмайтын салық төлеушілерді қоспағанда, резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекетсіз заңды тұлға болып танылады.

3. Осы Кодексте белгіленген тапсыру мерзімдерінен кейін бір жыл өткен соң жеке табыс салығы бойынша, ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық және жеңілдетілген декларация бойынша декларация немесе соңғы патенттің қолданыс мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін тапсырмаған дара кәсіпкер әрекетсіз дара кәсіпкер болып танылады.

4. Осы баптың 2, 3-тармақтарының қолданысы қызметін уақытша тоқтата тұру кезеңіне тоқтата тұрған резидент заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мен дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.

5. Салық органдары әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімін жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей бекітеді және ақпаратты уәкілетті органның сайтына орналастырады.

6. Салық төлеушіні әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару:

1) салық төлеуші салық есептілігін табыс ету бойынша салықтық міндеттемесін орындағаннан;

2) салық төлеушіге салық есептілігін осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етпегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылған айыппұлдар төленгеннен кейін жүргізіледі.

7. Осы баптың 6-тармағында көзделген шарттар сақталған соң бес жұмыс күнi iшiнде қабылданған салық органының тиісті бұйрығының күні салық төлеушілерді әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару күні болып табылады.

Салық төлеушілері әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару туралы ақпарат, шығару күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.

 

580-бап. Тарату сатысында тұрған салық төлеуші

1. Таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүр­гізуге өтініш берген тұлға тарату сатысында тұрған салық төлеуші болып танылады.

Тарату сатысында тұрған салық төлеуші туралы ақпарат тара­тылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.

2. Салық органдары тұлғаны тарату сатысында тұрған салық төлеушілер тізімінен шығаруды:

1) Заңды тұлғалар мемлекеттік тіркелімнен шығарылған жағдайда - бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

2) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда – тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

3) салық төлеуші қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда – қызметін қайта бастау туралы салық органын хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]