Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

§ 2. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі

 

429-бап. Жалпы ережелер

1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін:

1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

3) салық кезеңiндегi табысы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 200 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

 

430-бап. Салық кезеңі

Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

 

431-бап. Қолдану шарттары

1. Дара кәсіпкер патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін оны қолдана бастағанға дейін орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді.

Қайтадан құрылған дара кәсіпкерлер аталған өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді.

Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн аталған дара кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады.

Дара кәсіпкерлердің салықтық өтінішті осы тармақта аталған мерзімдерде табыс етпеуі,  олардың жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісімі деп саналады. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға салықтық өтінішпен бір мезгілде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша  патент алуға арналған есеп-қисап (осы тарауды қолдану мақсатында бұдан әрі  – есеп-қисап) табыс етіледі.

Бюджетке төленген патент құнын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттар есеп-қисапқа қоса беріледі.

Есеп-қисапты электронды түрде табыс ететін салық төлеушілер аталған құжаттарды табыс етпейді.

Кезекті патентті алуға арналған есеп-қисап патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға салықтық өтінішті табыс етпестен осының алдындағы патенттің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.

2. Салық органдары есеп-қисап пен есеп-қисапқа қоса берілетін құжаттар табыс етілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде патент беруді жүргізеді немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент беруден бас тарту туралы шешім шығарады. Шешім екі данада ресімделеді, оның біреуін салық төлеушіге қол қойылып тапсырылады.

Салық төлеушінің осы Кодекстің 428, 429-баптарында аталған талаптарға сай келмеуі  патент беруден бас тарту үшін  негіз болып табылады.

Патент кемінде бір ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы  куәлік  көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады.

3. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде кәсіпкерлік қызмет  уақытша тоқтатыла тұрған жағдайда, дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 74-бабында белгіленген тәртіппен салықтық өтінішті табыс етеді.

4. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату салықтық өтініш негізінде немесе осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша жүргізіледі.

5. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды ерiктi түрде тоқтату кезiнде салықтық өтiнiш патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн табыс етiледi.

Бұл ретте:

1) патенттiң қолданылу мерзiмiнiң соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) патенттiң қолданылу мерзiмiнiң аяқталған күнiнен кейiнгi күн жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi немесе салық төлеушi таңдаған өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.

6. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін шарттар туындаған жағдайда, дара кәсіпкер:

1) шарттармен сәйкессіздік туындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде:

арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы салықтық өтінішті;

егер нақты табысы осы Кодекстің 429-бабы 3) тармақшасында белгіленген табыс мөлшерінен асып түсетін болса, асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге;

2) осындай шарттар туындаған айдан кейінгі айдан бастап осы Кодексте белгіленген тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режиміне ауысуға міндетті.

7. Салық органы салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 428 және 429-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiнi сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.

Бұл ретте камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.

8. Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда:

1) осындай сәйкессiздiк туындаған айдың соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.

 

432-бап. Патент құнын есептеу

Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны:

1)  патент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы;

2) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдарды алып тастағаннан кейінгі па­тент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.

Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

Егер нақты табыс патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асып  түссе, дара кәсіпкер   бес жұмыс күні ішінде асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті.

Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын берілген патенттің орнына жаңа патент беріледі.

3. Егер патенттің қолданылу мерзімінің ішінде нақты табыс есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшеріне жетпесе, дара кәсіпкер азаю сомасына қосымша есеп-қисапты табыс етуге құқылы.

Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару  осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін жүргізіледі.

4. Іс жүзінде алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабында белгіленген шекті табыс сомасынан  асып түскен жағдайда, патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін патент құны осы Кодекстің 431-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген жағдайларда салық салудың өзге режиміне ауысу күніне дейін осы баптың 1-тармағында белгіленген ставка бойынша есептеледі.

5. Дара кәсіпкерді іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгізілген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]