Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

§ 6. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебі

 

577-бап. Салық салу объектілерін және (немесе)  салық салуға байланысты объектілерді  орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою

1. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды, егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 583-бабына сәйкес салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде салық төлеушінің мүлік салығын, көлік құралы салығын, жер салығын, бірыңғай жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ету үшін жүргізеді.

2. Меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар, салық органында олар жөнінде мәліметтер жоқ жеке тұлғалар салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсыруға құқылы.

Осы Кодекстің 405-бабына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша жеке тұлға салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсыруға міндетті.

3. Меншiк, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану, уақытша өтеулi жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенiмгерлiк басқару құқығында салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объектiсi бар дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар мұндай құқықтар туындаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi беруге мiндеттi.

Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды осы Кодекстiң 374-бабының 2-тармағына сәйкес жер салығын төлеушi деп таныған жағдайда мұндай төлеушiлер салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң ор­наласқан жерi бойынша салық органына жер учаскесiн иелену мен пайдаланудың нақты құқығының туындауы негiзiнде құқық белгiлеу құжаттарының күшiне енген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi беруге мiндеттi.

4. Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою үшін табыс етілген осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішке құқық белгілейтін сәйкестендіру немесе салық салу объектісінің иелігін не оны пайдаланылуын растайтын және (немесе) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіге билік ететін өзге де құжаттардың нотариат куаландырған көшірмесі қоса беріледі.

5. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

 

578-бап. Салық салу объектілерін және (немесе)  салық салуға байланысты объектілерді  орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару

1. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша туындаған салық міндеттемесі орындалатын болса, мынадай жағдайларда:

1) салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқықтарының тоқтатылуы - егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде;

2) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні уақытша сенімгерлік басқару құқығының тоқтатылуы – салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізеді.

2. Салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, сенімгерлік басқару құқығы тоқтаған жеке тұлға салық органында аталған мәліметтер жоқ болған жағдайда салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге құқылы.

3. Салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, сенімгерлік немесе жедел басқару, концессия келісімшарты бойынша құқығы тоқтаған заңды тұлға, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, объектіге құқығы тоқтаған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде объектінің орналасқан жері бойынша салық органына салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге міндетті.

4. Салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару үшін ұсынылған салықтық өтінішке салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығы тоқтағанын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі.

5. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) салық төлеушінің салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]