Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

§ 2. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы

 

337-бап. Салық салу объектісі

Минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалар қорларының нақты көлемі (айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі) салық салу объектісі болып табылады.

Осы бөлімнің мақсатына орай салық кезеңі ішінде нормаланған ысырапты шегере отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында табу, пайдалану (өткізу) көзделген минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының көлемі айналыстан шыққан қорлардың салық салу объектісі болып табылады.

Әрбір алу бірлігі бойынша нормаланған ысыраптың көлемі осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы бекіткен кен орындарын әзірлеудің техникалық жобасының негізінде белгіленеді.

 

338-бап. Салық базасы

1. Салық кезеңiнде минералды шикiзаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құны пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.

2. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында минералды шикiзат:

1) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалар ғана бар минералды шикiзат;

2) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалармен бiрге алынуы, пайдаланылуы (өткiзiлуi) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың талаптарында көзделген пайдалы қазбалардың басқа да түрлерi бар минералды шикiзат;

3) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбаларды қоспағанда, басқа да пайдалы қазбалар бар минералды шикiзат;

4) кен орнында есептен шығарылған қорлар (ысырапты қайтару) құрамынан өндiрiлген минералды шикiзат;

5) кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндiрiлетiн минералды шикiзат болып бөлiнедi.

3. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақ­сатында салық кезеңiнде минералды шикiзаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құны:

1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың құны салық кезеңiнде осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасы негiзiнде айқындалады.

Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, орташа биржалық баға салық кезеңi iшiнде бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуының орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңiндегi тиiстi шетел валютасына теңгенiң нарықтық айырбас бағамы ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.

Осы баптың мақсаттары үшiн бағаны бағамдау пайдалы қазбаның шетел валютасындағы Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар биржасында тiркелген және «Metal Bulletin Journals Limited» баспасының «Metal Bulletin» журналында, «Metal-pages Limited» баспасының «Metal-pages» журналында жарияланған баға бағамдалуын бiлдiредi.

Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, орташа биржалық баға мынадай формула бойынша айқындалады:

 

,мұнда:

 

S –пайдалы қазбаға салық кезеңiндегi орташа биржалық баға;

Р1, Р2,..., Рn – салық кезеңi iшiнде Лондон металдар биржасында бағалардың бағамдалуы жарияланған күндерi бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;

Е – тиiстi салық кезеңiндегi тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;

n – салық кезеңiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.

Пайдалы қазбаға бағалардың күн сайынғы орташалан­ды­рылған бағамдалуы мынадай формула бойынша айқындалады:

 

,мұнда:

 

Рn – бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;

Сn1– пайдалы қазбаға Cash бағасының күн сайынғы бағамдалуы;

Сn2– пайдалы қазбаға Cash Settlement бағасының күн сайынғы бағамдалуы.

Алтынға, платинаға, палладийге орташа биржалық баға салық кезеңiнде бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуының орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңiндегi тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:

 

,мұнда:

S – алтынға, платинаға, палладийге салық кезеңiндегi орташа биржалық баға;

Р1, Р2,...Рn – салық кезеңi iшiнде Лондон қымбат бағалы металдар биржасында бағалардың бағамдалуы жарияланған күндерi алтынға, платинаға, палладийге бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;

Е – тиiстi салық кезеңiндегi тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;

n – салық кезеңiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.

Алтынға, платинаға, палладийге бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы мынадай формула бойынша айқындалады:

 

,мұнда:

 

Рn – бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;

Сn1– алтынға, платинаға, палладийге a.m. (таңертеңгi фиксинг) бағалардың күн сайынғы бағамдалуы;

Сn2 – алтынға, платинаға, палладийге p.m. (кешкi фиксинг) бағалардың күн сайынғы бағамдалуы.

Күмiске орташа биржалық баға салық кезеңiнде күмiске бағалардың күн сайынғы бағамдалуының орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңiндегi тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:

 

,мұнда:

 

S –күмiске салық кезеңiндегi орташа биржалық баға;

Р1, Р2,...Рn – салық кезеңi iшiнде Лондон қымбат бағалы металдар биржасында бағалардың бағамдалуы жарияланған күндерi күмiске бағалардың күн сайынғы бағамдалуы;

Е – тиiстi салық кезеңiндегi тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;

n – салық кезеңiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.

Пайдалы қазбаға орташа биржалық баға осы баптың 4-тармағында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы әрбiр пайдалы қазба түрiнiң барлық көлемiне, оның iшiнде кейiннен өңдеуге және (немесе) өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану үшiн басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бiр заңды тұлға шеңберiндегi құрылымдық бөлiмшеге берiлген көлемге қолданылады.

Салық жылының iшiнде пайдалы қазбаларды өндiру салығын төлеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы әрбiр пайдалы қазба түрiнiң нақты көлемiн Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы белгiлеген тәртiппен бекiтiлген кен орындарын игерудiң техникалық жобасындағы өндiрудiң күнтiзбелiк кестесi негiзiнде әзiрленген жергiлiктi жобада көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiндегi пайдалы қазбалардың құрамы бойынша айқындайды.

Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалар қорларының жылдық есептiк баланстарының деректерi бойынша пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қор­ла­рының нақты салық салынатын көлемдерiн нақтылауды ескере отырып, пайдалы қазбалардың нақты көлемдерiне тү­зету жүргiзуге және есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 нау­рызынан кешiктiрмей тұрғылықты орны бойынша салық органына пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша қосымша декларация табыс етуге мiндеттi.

Жүргiзiлген түзету ескерiлетiн пайдалы қазбаларды өндiру салығының сомасы ағымдағы салық кезеңiнiң осы салығы бойынша салық мiндеттемесi болып табылады.

Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша түпкiлiктi есеп-қисап есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 сәуiрiне дейiн жүргiзiлуге тиiс;

2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген пайдалы қазбалардың құны:

осы баптың 4-тармағында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың құны – осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгiленген тәртiппен;

минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерiнiң құны – оларды өткiзудiң орташа өлшемдi бағасы негiзiнде, ал кейiннен қайта өңдеуге және (немесе) өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану үшiн басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бiр заңды тұлға шеңберiнде құрылымдық бөлiмшеге берген жағдайда – халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қар­жы­лық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәй­кес ай­қындалатын, пайдалы қазбалардың осындай түр­лерiне жат­қызылатын, 20 процентке ұлғайтылған өндiру мен бас­тапқы өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде;

3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың құны – бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты өткiзудiң орташа өлшемдi бағасы негiзiнде айқындалады.

4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережелерi есептi салық кезеңiнде Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар биржасында тiркелген бағалардың ресми бағамдалуы бар пайдалы қазба түрлерiне қатысты қолданылады.

5. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзатты және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген пайдалы қазбаны қоспағанда, осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты өткiзбеген жағдайда, олардың құны мұндай өткiзу орын алған соңғы салық кезеңiндегi өткiзудiң орташа өлшемдi бағасының негiзiнде айқындалады.

6. Келiсiмшарт қолданылған кездiң басынан бастап бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты және (немесе) пайдалы қазбаларды өткiзу мүлдем болмаған жағдайда:

1) осы баптың 4-тармағында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың құны – осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгiленген тәртiппен;

2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерiнiң құны – халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қа­зақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ай­қындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлерiне жат­қызылатын, 20 процентке ұлғайтылған өндiру мен бастапқы өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде;

3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың құны – халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Респуб­лика­сының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пай­далы қазбалардың осындай түрлерiне жатқызылатын, 20 про­центке ұлғайтылған өндiру мен бастапқы өңдеудiң (ба­йытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде айқындалады.

Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты және осы баптың 2-тармағынның 2) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбаларды кейiннен өткiзген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткiзу орын алған салық кезеңiндегi өткiзудiң орташа өлшемдi нақты бағасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өндiру салығының есептелген сомаларына түзету енгiзуге мiндеттi.

Пайдалы қазбаларды өндiру салығының есептелген сомаларын түзетудi жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткiзу болған салық кезеңiнiң алдындағы он екi айлық кезеңiне жүргiзедi. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңiнiң салық мiндеттемесi болып табылады.

7. Осы баптың мақсатында салық кезеңi үшiн өткiзудiң орташа өлшемдi бағасы осы Кодекстiң 341-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалады.

 

339-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары

Бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды және көмірді өндіру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді

 

Рет №

 

Пайдалы қазбалардың атауы

Ставкалар, %-пен

1

2

3

4

1.

 

 Қара, түсті және радиоактивті металдар кені

Хром кені (концентраты)

17,0

марганец, темір-марганец кені (концентраты)

3,0

темір кені (концентраты, окатыштар)

3,5

уран (өнімді ерітінді, шахталық әдіс)

24,0

2.

 Металдар

мыс

8,0

мырыш

9,0

қорғасын

8,50

алтын, күміс, платина, палладий

6,0

алюминий

0,3

қалайы, никель

6,0

 3.

Құрамында металдар бар минералды шикізат

Ванадий

4,0

Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар

6,0

 

 

4.

Құрамында сирек  кездесетін  металдар бар минералды шикізат

Ниобий, лантан, церий, цирконий,

 

7,7

Галлий

1,0

5.

Құрамында шашыраңқы металдар бар минералды шикізат

Селен, телур, молибден

7,0

Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, таллий, гафний, рений, осмий

6,0

6.

Құрамында радиоактивті металдар бар минералды шикізат

Радий, торий

5,0

7.

Құрамында металл еместер бар минералды шикізат

Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар

0

фосфориттер

4,0

бор ангидриті

3,5

барит

4,5

тальк

2,0

флюориттер

3,0

воластонит

3,5

шунгит

2,0

графит және басқалар

3,5

 

Жарқырауық тас шикізаты:

8.

 

Құрамында қымбат бағалы тастар бар минералды шикізат

Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, анар, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалар

 

 

 

12,0

9.

Құрамында жасанды тастар бар минералды шикізат

 

Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалар

 

 

3,5

10.

Құрамында техникалық тастар бар минералды шикізат

Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, цирконий, асбест, слюда және басқалар

 

2,0

 

Пайдалы қазбалар мен кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілген минералды шикізаттың барлық түріне пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары нөл проценттік ставка бойынша төленеді.

Сирек және жерде сирек кездесетін металдар (литий, берилий, тантал, иттрий, стронций, празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютенций) бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығы ставкаларының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]