Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

§1. Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы

 

332-бап. Салық салу объектiсi

1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемi пайдалы қазбаларды өндiруге салық салу объектiсi болып табылады.

2. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың жалпы көлемi:

1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшiн өткiзiлген шикi мұнайға және газ конденсатына – жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Респуб­ликасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткiзу үшiн үшiншi тұлғаға өткiзген шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемiне;

2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеуге берiлген шикi мұнайға және газ конденсатына – жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшiн алыс-берiс шикiзаты ретiнде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткiзiлген шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемiне;

3) жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған шикi мұнайға және газ конденсатына – жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген, салық кезеңi iшiнде өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған шикi мұнайдың және газ конденсатының көлемiне;

4) осы Кодекстiң 346-бабына сәйкес мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салықты, экспортқа салынатын рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiн төлеу есебiне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда берген шикi мұнай мен газ конденсатына;

5) Қазақстан Республикасының iшкi нарығында өткiзiлген және (немесе) өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газға;

6) тауарлы шикi мұнайға, газ конденсатына және табиғи газға – осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында аталған шикi мұнай, газ конденсаты мен табиғи газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың көлемiне бөлiнедi.

3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағында орна­ласқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткiзу үшiн үшiншi тұлғаға өткiзудi және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеу үшiн не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеуге кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткiзудi растау үшiн жер қойнауын пайдаланушыда шикi мұнай мен газ конденсатының нақты көлемiн және олардың тиiстi көлемiн Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының қабылдау фактiсiн растайтын коммерциялық және тауарға iлеспе құжаттарының түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерiн, ал осы баптың 2-тармағының 1) тармақ­шасын­да көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағында ор­наласқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Респуб­ликасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткiзу үшiн үшiншi тұлғаға өткiзудi растау үшiн – тиiстi көлемi үшiн Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының нақты сатып алу бағасын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырған көшiрмелерi болуға мiндеттi.

Мұндай құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi болмаған жағдайда шикi мұнай мен газ конденсатының тиiстi көлемi пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсаттары үшiн тауарлы шикi мұнай, газ конденсаты ретiнде қаралады.

4. Пайдалы қазбаларды өндiру салығы жер қойнауына керi айдалатын табиғи газ бойынша төленбейдi.

5. Осы баптың мақсаты үшiн факелдерде жағылған табиғи газдың көлемi пайдалы қазбаларды өндiру салығын салудан босатылады.

 

333-бап. Салық базасы

Салық кезеңінде өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

 

334-бап. Шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ құнын айқындау тәртiбi

1. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында салық кезеңiнде өндiрiлген шикi мұнайдың және газ конденсатының құны мынадай тәртiппен:

1) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республи­касының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткiзу үшiн үшiншi тұлғаға өткiзген кезде – жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Респуб­ликасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не үшiншi тұлғаға Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткiзу үшiн өткiзiлген шикi мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемi мен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының өнiмнiң бiр бiрлiгi үшiн нақты сатып алу бағасының көбейтiндiсi ретiнде;

2) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Респуб­ликасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшiн алыс-берiс шикiзаты ретiнде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеуге алыс-берiс шикiзаты ретiнде кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткiзген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республи­ка­сының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеу үшiн берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткiзiлген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған шикi мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемi мен халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнiм бiрлiгiн өндiрудiң 20 процентке ұлғайтылған өзiндiк құнының көбейтiндiсi ретiнде;

3) жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесiн төлеу есебiне шикi мұнай мен газ кондансатын заттай нысанда берген кезде - осы Кодекстiң 346-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесiн төлеу есебiне шикi мұнай мен газ конденсатын заттай нысанда берген нақты көлемiнiң және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен айқындалатын беру бағасының көбейтiндiсi ретiнде айқындалады.

2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген тауарлы шикi мұнайдың, газ кон­денсатының және табиғи газдың құнын өндiрiлген тауарлы шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемi мен осы баптың 3-тармағында белгiленген тәртiппен салық кезеңiнде есептелген өнiмнiң бiрлiгi үшiн әлемдiк бағаның көбейтiндiсi ретiнде айқындайды.

3. Шикi мұнайдың және газ конденсатының әлемдiк бағасы салық кезеңiндегi бағалардың күн сайынғы бағам­дауының орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңiндегi тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.

Осы тармақтың мақсаты үшiн бағаны бағамдау «The Mcgraw-Hill Companies Inс» компаниясының «Platts Crude Oil Marketwire» дереккөзiнде жарияланған ақпараттар негiзiнде салық кезеңiнде «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикi мұнайының стандартты сортының әрбiрiн жеке алғанда шетел валютасындағы шикi мұнай бағасын бағамдауды бiлдiредi.

Осы дереккөзде шикi мұнайдың көрсетiлген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, шикi мұнайдың көрсетiлген стандартты сорттарына бағалар:

«Argus Media Ltd» компаниясының «Argus Crude» дереккөзiнiң деректерi бойынша;

жоғарыда көрсетiлген дереккөздерде шикi мұнайдың көрсетiлген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат бол­маған жағдайда – Қазақстан Республикасының транс­ферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа да дереккөздердiң деректерi бойынша пайдаланылады.

Бұл ретте, шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасын айқындау үшiн өлшем бiрлiктерiн өндiрiлген шикi мұнайдың өлшемнiң стандартты жағдайларына және мұнайдың паспортта көрсетiлген сапасына келтiрiлген нақты тығыздығы мен температурасын есепке ала отырып, баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен мемлекеттiк стандартқа сәйкес жүргiзiледi.

Шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:

 

мұнда:

 

S – салық кезеңiндегi шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасы;

Р1, Р2..., Рn – салық кезеңi iшiнде бағаларының бағамдалуы жарияланған күндерi бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;

Е – тиiстi салық кезеңiндегi тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;

n – салық кезеңiндегi бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.

Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады:

 

мұнда:

 

Рn – бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;

Сn1 – «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикi мұнайы стандартты сорты бағасының күнделiктi бағамдалуының төменгi мәнi (min);

Сn2 – «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикi мұнайы стандартты сорты бағасының күнделiктi бағамдалуының жоғарғы мәнi (max).

Жер қойнауын пайдаланушы «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикi мұнайының белгiлi бiр стандартты сортына шикi мұнайды және газ конденсатын жатқызуды шикi мұнайды беруге арналған шарттар негiзiнде жүргiзедi. Беруге арналған шартта шикi мұнайдың стандартты сорты көрсетiлмесе немесе жоғарыда көрсетiлген стандартты сорттарға қатысы жоқ шикi мұнайдың сорты көрсетiлген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай шарт бойынша берiлген шикi мұнай көлемiн әлемдiк орташа бағасы салық кезеңi iшiнде ең жоғары болып табылатын мұнайдың сондай сортына жатқызуға мiндеттi.

4. Табиғи газға әлемдiк баға халықаралық өлшем бiрлiктерi бекiтiлген коэффициентке сәйкес текше метрге ауыстыруды есепке ала отырып, салық кезеңi iшiнде бағаларды шетел валютасындағы күнделiктi бағамдаудың орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңiндегi тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде көрсетiлген формула бойынша айқындалады.

Осы тармақтың мақсаттары үшiн бағаны бағамдау «The Mcgraw-Hill Companies Inс» компаниясының «Platts European Gas Daily» дереккөзiнде жарияланған ақпарат негiзiнде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газы бағасының салық кезеңi iшiнде шетел валютасындағы бағамдалуын бiлдiредi.

Осы дереккөзде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газына баға:

1)    «Argus Media Ltd» компаниясының «Argus European Natural Gas» дереккөзiнiң деректерi бойынша;

2)    жоғарыда көрсетiлген дереккөздерде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында айқындалған басқа да дереккөздердiң деректерi бойынша пайдаланылады.

Табиғи газдың әлемдiк бағасы мына формула бойынша анықталады:

 

 мұнда:

 

S – табиғи газдың салық кезеңiндегi әлемдiк бағасы;

P1, P2, … , Pn – салық кезеңi iшiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндерi бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;

Е – тиiстi салық кезеңi iшiндегi тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;

n – салық кезеңiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.

Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады:

 

мұнда:

 

Pn – бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;

Сn1 – «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газы бағасының күн сайынғы бағамдалуының төменгi мәнi (min);

Сn2 – «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газы бағасының күнделiктi бағамдалуының жоғарғы мәнi (max).

5. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының iшкi нарығында өткiзген және (немесе) өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың құны мынадай тәртiппен:

1) жер қойнауын пайдаланушы өндiрген табиғи газды Қазақстан Республикасының iшкi нарығында өткiзген кезде – осы Кодекстiң 341-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалатын салық кезеңiнде қалыптасқан өткiзудiң орташа өлшемдi бағасының негiзiнде;

2) өндiрiлген табиғи газды өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған кезде – жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың нақты көлемi мен халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнiм бiрлiгiн өндiрудiң 20 процентке ұлғайтылған өндiрiстiк өзiндiк құнының көбейтiндiсi ретiнде айқындалады. Егер табиғи газ шикi мұнаймен iлестiрiле өндiрiлсе, табиғи газды өндiрудiң өндiрiстiк өзiндiк құны шикi мұнайды өндiрудiң өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде:

табиғи газдың бiр мың текше метрi 0,857 тонна шикi мұнайға сәйкес келетiн қатынасында айқындалады.

6. Шикi мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың стандартты сорттарының әлемдiк бағасын уәкiлеттi орган осы Кодексте белгiленген тәртiппен әрбiр салық кезеңi бойынша айқындайды және ол есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

 

335-бап. Салықты есептеу тәртібі

1. Бюджетке төленуге жататын пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы салық салу объектілерінің, салық базасы мен ставкаларының негізінде айқындалады.

2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 336-бабында келтірілген шкалаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша ағымдағы салық жылына арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес келетін ставканы қолданады.

Бюджетке төленетін пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеудің дұрыстығын және толық төленуін қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жерi бойынша салық органына жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды өндірудің алдағы жылға жоспарланған көлемі туралы анықтаманы ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 қаңтарына дейін табыс етуге міндетті.

Бұл ретте, шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды өндірудің ағымдағы жылға жоспарланатын көлемі құзыретті органдармен келісілуге тиіс.

3. Егер есепті күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша өндірілген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі жоспарланған көлемге сәйкес келмесе және пайдалы қазбаларды өндіру салығы ставкаларының өзгеруіне әкеп соқса, жер қойнауын пайдаланушы есепті жылға есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету жасауға міндетті.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету есепті салық жылының соңғы салық кезеңіндегі декларацияда осы Кодекстің 336-бабына сәйкес айқындалған өндірілген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлеміне сәйкес келетін пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасын есепті салық жылының 1-3 тоқсанындағы пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларацияларда есептелген салық базасына қолдану жолымен жүргізіледі.

Жүргізілген түзетулерді ескеретін пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы есепті жылдың соңғы салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемелері болып табылады.

 

336-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары

Шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары, газ конденсатын қоса алғанда, тіркелген түрде мынадай шкала бойынша белгіленеді:

 

Рет №

Жылдық өндіру көлемі

Ставкалар, %-пен

1

2

3

1.

250 000 тоннаға дейін қоса алғанда

7

2.

500 000  тоннаға дейін қоса алғанда

9

3.

1 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

10

4.

2 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

11

5.

3 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

12

6.

4 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

13

7.

5 000 000 тоннаға  дейін қоса алғанда

14

8.

7 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

15

9.

10 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

17

10.

10 000 000 тоннадан жоғары

20

 

Осы Кодекстiң 332-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының iшкi нарығында шикi мұнай мен газ конденсатын өткiзген және (немесе) берген, оның iшiнде мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiру салығын, экспортқа рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесiн төлеу есебiне заттай нысанда берген немесе өзiнiң өндiрiстiк мұқ­таждықтарына пайдаланған жағдайда белгiленген ставкаларға 0,5 төмендетiлген коэффициент қолданылады.

Табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы 10 процентті құрайды.

Ішкі нарықта табиғи газды өткізген кезде пайдалы қазбаларды өндіру салығы жылдық өндіру көлеміне қарай мынадай ставкалар бойынша төленеді:

 

Рет №

Жылдық өндіру көлемі

Ставкалар, %-пен

1

2

3

1.

1,0  млрд. текше. м. дейін қоса алғанда

0,5

2.

2,0 млрд. текше. м дейін қоса алғанда

1,0

3.

2,0 млрд. текше м.-ден жоғары

1,5

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]