Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

§ 2. Коммерциялық табу бонусы

 

317-бап. Жалпы ережелер

1. Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын:

1) пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiмшарттар шеңберiнде мынадай жағдайларда:

барлауға арналған келiсiмшарт шеңберiнде осы жер қойнауын пайдаланушы тиiстi келiсiмшарт аумағында бұған дейiн жариялаған келiсiмшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбiр коммерциялық табу үшiн;

Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы бастапқыда белгiлеген алынатын пайдалы қазбалар қорларын ұлғайтуға алып келетiн кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысындағы табу үшiн;

2) келiсiмшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбiр коммерциялық табу үшiн, оның iшiнде Қазақстан Респуб­ли­касының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы бастапқыда белгiлеген алынатын пайдалы қазбалар қорларын ұлғайтуға алып келетiн кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысындағы табу үшiн бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттар шеңберiнде төлейдi.

2. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге арналған ке­лiсiм­шарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.

 

 

318-бап. Төлеушілер

Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт аумағында пайдалы қазбаларды коммерциялық табуы туралы жария еткен жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусын төлеушілер болып табылады.

 

319-бап. Салық салу объектісі

Осы келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен алынатын пайдалы қазбалар қорларының нақты көлемі коммерциялық табу бонусын салу объектісі болып табылады.

 

320-бап. Салық базасы

Осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган бекiткен алынатын пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.

Коммерциялық табу бонусын есептеу мақсатында алынатын пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын төлеу күнiнiң алдындағы күнге мынадай тәртiппен айқындалады:

1) шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн – коммерциялық табу бонусын төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қол­дана отырып, осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес коммерциялық табу бонусын төлеу күнi алдындағы күнге шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;

2) осы Кодекстiң 338-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн – коммерциялық табу бонусын төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес коммерциялық бонусты төлеу күнi алдындағы күнге пайдалы қазбаның шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.

Коммерциялық табу бонусын төлейтiн күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерi бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.

Шикi мұнайды, газ конденсатын, табиғи газды және Лондонның металл биржасында немесе Лондонның қымбат бағалы металдар биржасында бағамдалатын пайдалы қаз­ба­ларды қоспағанда, алынатын қорлардың құны өндiруге арналған Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уә­кiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы бекiткен келiсiм­-шарт­тың техникалық-экономикалық негiздемесiнде көрсетiлген, 20 про­центке ұлғайтылған жоспарлы шығындар сомасының негiзiнде айқындалады.

 

321-бап. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібі

Коммерциялық табу бонусының сомасы салық салу объектісінің, салық базасы мен ставкаларының негізінде айқындалады.

 

322-бап. Коммерциялық табу бонусының ставкасы

Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 процент ставкасы бойынша төленеді.

 

323-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмдерi

Коммерциялық табу бонусы бюджетке салық төлеушiнiң тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзiмдерде:

1) осы Кодекстiң 317-бабының 1-тармағының 1) тар­мақшасында белгiленген жағдайларда, пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiмшарт жасалған күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей;

2) кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында пайдалы қазбалар табылған кезде Қазақстан Респуб­ли­касының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы кен орнындағы қосымша алынатын пайдалы қазбалар қорларының көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей;

3) бiрiктiрiлген барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарт бойынша кен орнында алынатын пайдалы қазбалар қорларының көлемiн Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.

 

 

324-бап. Салық декларациясы

Коммерциялық табу бонусы жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жері бойынша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі екінші айдың 15-не дейін табыс етеді.

 

 

44-тарау. ТАРИХИ ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ БОЙЫНША ТӨЛЕМ

 

325-бап. Жалпы ережелер

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем болып табылады.

 

326-бап. Төлеушілер

Келісімшарттарды жасасқанға дейін келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеушілер болып табылады.

 

327-бап. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі

1. Келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган есептейді және ол осы баптың ережелеріне сәйкес бюджетке төленеді.

Тарихи шығындар сомасының бір бөлігі Қазақстан Республикасының жер қой­науы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мемлекет мен­ші­гіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемдері түрінде бюджетке төленуге жатады.

Тарихи шығындар сомасының қалған бөлігі тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер түрінде бюджетке төленуге жатады.

2. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi бюджетке төлеу жөнiндегi мiндеттеме жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган арасындағы құпиялылық туралы келiсiм жасалған күннен бастап, ал жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың талаптары бойынша жасалуға тиiс болғанымен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құпиялылық туралы тиiстi келiсiмдер жасалмаған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша, 2009 жылдың 1 қаңтарына дейiн жасалған, өнiмдi бөлу туралы келiсiмдi қоса алғанда, тарихи шығындар мөлшерiн айқын­дай­тын уәкiлеттi мемлекеттiк органмен құпиялылық туралы келiсiм жасалған күннен бастап туындайды.

 

328-бап. Төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi

1. Келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөнiндегi төлемдi жер қойнауын пайдаланушы бюджетке коммерциялық табудан кейiнгi өндiру кезеңiнiң басынан бастап орналасқан жерi бойынша мынадай тәртiппен төлейдi:

1) егер келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шы­ғын­дарды өтеу жөнiндегi төлемнiң жалпы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келiсiм жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу жөнiндегi төлемдi жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiрудi бастаған жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей төлейдi.

Егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу жөнiндегi төлем 2010 жылғы 10 сәуiрден кешiктiрiлмей төленедi;

2) егер келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығын­дарды өтеу жөнiндегi төлемнiң жалпы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келiсiмнiң жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келiсiм жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiндегi сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкiн соңғы үлестiң сомасын қоспағанда, тарихи шығындарды өтеу жөнiндегi төлемдi жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 25-i күнiнен кешiктiрмей республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келiсiм жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiнен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы он жылдан аспайтын кезең iшiнде тең үлеспен төлейдi.

Егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсет­кiштiң 2500 еселенген мөлшерiндегi сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкiн соңғы үлестiң сомасын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша, тарихи шығындарды өтеу жөнiндегi төлемдi жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 25-i күнiнен кешiк­тiр­мей республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 2 500 еселенген мөлшерiнен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы он жылдан аспайтын кезең iшiнде тең үлеспен төлейдi.

2. Егер келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындардың сомасын Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы шетел валютасында бекiткен болса, онда:

1) осы бапқа сәйкес төлем төлеу тәртiбiн белгiлеу үшiн теңгемен төлеудiң жалпы мөлшерiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы есептеген тарихи шығындар сомасы жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiрудi бастаған есептi тоқсанның бiрiншi күнiне белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бо­йынша теңгемен қайта есептеледi, ал 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi;

2) тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген шетел валютасындағы сомасын осы баптың 1-тармағының 2) тар­мақ­шасына сәйкес төлеуге жататын тоқсан сайынғы төлем­дердiң сомасына тең бөлу мақсатында тарихи шығындардың көр­сетiлген сомасы мұндай күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарына белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша әрбiр күнтiзбелiк жылдың басында теңгемен қайта есептеледi.

3. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге арналған келiсiмшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем төленбейдi.

 

329-бап. Салық декларациясы

1. Егер келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шы­ғын­дарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi респуб­ликалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келiсiм жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декла­ра­цияны орналасқан жерi бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына 2010 жылғы 31 наурыздан кешiктiрмей тапсырады.

2. Егер келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шы­ғындарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi рес­пуб­ли­калық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келiсiм жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декла­рацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын тапсырады.

2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға респуб­ли­калық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көр­сеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын тапсырады.

 

 

45-тарау. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ САЛЫҒЫ

 

330-бап. Жалпы ережелер

1. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін минералды шикізат, мұнай, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрі бойынша жеке төлейді.

2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы, осы баптың 3-тармағындағы көзделген жағдайды қоспағанда, ақшалай нысанда төленеді.

3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыру барысында пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында жасалатын қосымша келісімде белгіленген тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.

Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын, сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында аталған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген роялтиді және Қазақстан Республикасның өнімді бөлу жөніндегі үлесін заттай нысанда төлеу тәртібі осы Кодекстің 346-бабында белгіленген.

4. Өндірілетін минералды шикізаттың, мұнайдың, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы, жүргізілетін өндіру түріне қарамастан, ставкалар бойынша және осы тарауда белгіленген тәртіппен төленеді.

5. Салық кезеңінде өндірілген мұнайдың, жерасты суларының, емдік балшық пен пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының жалпы көлемінен пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында кен орындары бойынша есептен шығарылған (шығынды қайтару) қорлар құрамынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемі, сондай-ақ технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі алып тастауға жатады. Технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың тиісті түрлері (сорттары) үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарында аталған технологиялық сынап көрудің ең төменгі массасымен шектеледі және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделуге тиіс.

 

331-бап Төлеушілер

Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде техногендік минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, мұнайды, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер болып табылады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]